
- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Қызметтері
- •Даму сатылары
- •Мемлекетаралық төлем келісімі
- •3 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
- •Мемлекет иелігіне алу
- •Мемлекеттік айыптаушы
- •Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
- •1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
- •2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
- •3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
- •3 Тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары
- •Президенттік режим
- •Парламенттік режим
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі
- •1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
- •2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.
- •3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі
- •1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері
- •1. Болжау;
- •2.Мемлекеттік билік түсінігі.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
- •1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
- •7 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері
- •Қр мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.
- •2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
- •3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.
- •4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
- •5. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
- •2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
- •3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
- •9 Тақырып. Жергілікті басқару экономикалық ғылыми саласы ретінде
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •10 Тақырып. Жергілікті басқарудың міндеттері, негізгі қағидалары
- •2. Орталықтандыру.
- •11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі
- •12 Тақырып. Әкімшілік-территроиялық бөлу және жергілікті өзін-өзі басару туралы заңнама
- •13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
- •14 Тақырып. Жергілікті жерлерде мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •15 Тақырып. Муницмпалды білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуына орталық және жергілікті басқару органдарының әсері
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
Дәріс жоспары:
1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
2. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері
3 Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері.
1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
Мемлекеттік-құқықтық ілімдер тарихында құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғышарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың қоғамдық және жеке іс-әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктерімен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық үрдістердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік (парламент немесе президенттің) бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір-біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана-сезімінің, мінез-құлқының, қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі (компоненті).
Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің заңдық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндетгерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеу функциясы — нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу.
Құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжірибелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана-сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан (ережесінен) тұратын құжатты әзірлеу өткен кезеңдегі ақпараттар (қажеттіліктер, мұқтаждықтар), белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күнін «құра» алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік-әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) жэне заідылық түсініктерімен сипатталады. Егер заңдылық іс-әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимділік (заңға сәйкес келушілік) заңның құқық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің объективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.
Нормативтік аспект дегеніміз—адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, заңды түрде бекіту. Оның элементтері: 1 )гипотеза-өмірдегі қарым-қатынастар мен әр түрлі жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі; 2) диспозиция - іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мэн-мазмұнын анықтайтын субъектінің заңды құқықтары мен міндеттері; 3) санкция - тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезаның орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.
2. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері
Мемлекеттік басқаруды қүқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық үрдістерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, қүралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық қүрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.
Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады:
1.Мемлекет пен қоғам, азаматтар арасындағы қатынастар;
2.Мемлекеттік органдар арасындағы билік бөлінісі және олардың құқықтық мәртебесін анықтауға байланысты қалыптасатын қатынастар;
2.1.Мемлекетгік органдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын, рөлін, функциясын және мақсат-міндеттерін анықтау;
2.2. Мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын заңды түрде бекіту;
3. Мемлекеттік-басқарушылық үрдіске қатысушы адамдарарасындағы қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандай да бір мәселелеріншешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында
қалыптасатын қатынастар.
Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың ерік қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Ондағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазым иелері белгілі бағытта, нақты қызмет түрін атқаруға міндетті, себебі оларға адамдардың тіршілік-әрекетінің мемлекеттік, қоғамдық және жеке мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан өкілеттіктер берілген. Мемлекеттік басқарудың мәні оның басқарушылық ықпалының басқарылатын объектілерде басқаруға қажеттілік туындаған жағдайда ғана қалыптасып, жүзеге асырылатындығында. Сондықтан мемлекетгік басқаруда тиісті орғандардың қызмет ету аясы мен бағыты занды түрде белгіленуі тиіс.
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекетгік органның құқықтық мәртебесіне (статтусына) басты мән беріледі. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі заңды мағынаға ие болатын үш элементтен тұрады. Оған біріншіден, мемлекет органдарының біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орнын және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады. Мемлекеттік органның қай билік түрін (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) атқаратындығы, қай деңгейде (орталық, жергілікті) орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандандырылған кіші жүйелерінің қайсысына жататындығы оның қүқықтық мәртебесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықтық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекетгік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік-құ-қықтық мән-мағынасы айқындауға және сипаттауға арналған. Мемлекеттік органның құзіреті, яғни жекелеген басқарылатын объектілерге қатысты атқаратын басқарушылық қызметтері мен өкілеттіктері жиынтығының заңды түрдегі көрінісі оның құқықтық мәртебесінің екінші элементін құрайды. Мұнда нақты мемлекеттік орган үшін басқарушылық қызметтердің жиынтығы, оның сәйкес өкілеттіктері, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру нысандарын, әдістерін қамтитын өкілеттіктер құрамы, басқарылатын объектілер мен қаралатын мәселелердің тізімі болмаса олардың қызмет ету жағдайлары заңды түрде бекітіледі. Мемлекеттік органның құқықтық статусының үшінші элементіне оның ұйымдық құрылымының, қызмет ету нысандарының, әдістерінің және процедураларының заңды түрде бекітілуі жатады. Себебі, мемлекеттік органның өкілеттіктерін жүзеге асыру сол органның сәйкес ұйымдық құрылымын (штаттық кестесін), оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуын талап етеді. Әрбір мемлекеттік органның құзіреті бекітілген құқықтық нысандарда және процедураларда құқыктық әдістерді қолдану арқылы нәтижелі түрде тиісті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылуы қажет. Жалпы құқықтық реттеу объектісінің құрамдас бөліктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары, функциялары, құрылымы, нысандары, әдістері, кезеңдері, процедуралары және қағидалары жатады.
Құқықтық реттеу нысандарына сәйкес құрылымы қалыптасады:
1.Конституция мен заң шығару негізінде бекітіліп, объективті түрде қалыптасқан;
2. Мемлекеттік басқару қатынастарының сипатына қарай: 2.1.3аң шығару арқылы реттеу;
2.2.Мемлекеттік басқарудың бірқатар элементтерін жергілікті басқару органдары арқылы нормативтік айқындау;
2.3.Жалпы (орталық) атқарушы билік арқылы ішкі жүйелік нормативтік реттеу;
2.4.Аумақтар шеңберіндегі халықтың еркін білідіретін өзін-өзі басқаруға негізделген реттеу;
2.5.Құқықтық қорғау негізіндегі реттеу.
Қорыта айтқанда қүқықтық реттеу үрдісі жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс, яғни қүқықтық нормаларды қабылдау уақыты, мазмұны, зандық күші және оларды жүзеге асыратын органдар арасында өзара тығыз байланыс болуы қажет.