Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.1 Кб
Скачать

5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі

Дәріс жоспары:

1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері

2. Мемлекеттік билік түсінігі.

1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері

Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және ішкі үрдістерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады. Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз етеді.

Алдымен мемлекеттік басқарудың мақсатын ерекше атап өту керек. Берілген мақсат мемлекет және қоғамның стратегиялық бағытының дамуын білдіреді. Ерекше әлеуметтік маңызын ескере отырып, стратегиялық мақсат Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Берілген мақсат қоғаммен бекітілген, өйткені Конституция халықпен 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Халық мемлекет билігінің қайнар көзі ретінде республикалық референдум арқылы оны іске асырады және өзінің қатынасы арқылы мемлекет дамуының стратегиялық бағытын анықтайды.

Сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның болашақтағы жағдайын анықтайды.

Стратегиялық мақсат жоғарғы заңдық күшіне ие болады және басқа деңгейдегі мақсаттарды қалыптастыру негіз болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың негізгі функционалдық құрылымы бойынша мемлекеттің функциялары заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылауды жатқызады.

Келесі басқару функциалары былай бөлінген: ұсыныс (басқару жүйесі), жоспарлау, кадрларды қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Берілген функциялардың мазмұнды талдау арқылы мемлекеттің әлеуметтік үрдістерге қатысты оның мінезін типтік көріністі, басқару ізбасарды алуға болады.

Ұйым, құрылым жұмысын еңгізеді және мемлекет басқару субъектісінің құқықтық мәртебесін (мемлекеттік органдардың), қоғамдық жүйе объектісінің құқықтық мәртебесін анықтайды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілердің арасындағы өзара байланысын қалыптастырады (басқару үрдістерін).

Жоспарлауға алдын-ала белгіленген шаралардың жүйесі, тәртіпті сақтау, жұмыстық қорытынды түрін және орындалу уақыты кіреді.

Жоспарлау 2-ге бөлінеді:

1. Болжау;

2. жобалау.

Болжауға арнайы ғылыми зерттеулердің негізінде қоғам жұмысының дамуы жатады.

Жобалауға мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше мақсатын жүзеге асыруға байланысты шаралардың жүйесін қалыптастыру үрдіссі жатады.

Кадрлық қамтамасыз етуге мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды тиімді қолдану, бөлу, дайындауға байланысты сұрақтардың жиынтығын шешу жатады.

Реттеу қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, адамдардың және олардың ұжымдарының мүмкін болатын және міндетті әрекеттерінің шегін анықтайды.

Әсіресе құқықтық реттеуді бөліп қарастыруға болады. Азаматтардың тәртібін заңдық нормалар арқылы мемлекет жүзеге асырады. Сонымен қатар, құқықтық реттеу пәнін анықтайды, әдісін реттейді, қоғамдық қатынастардың, субъектілердің құқықтық жағдайын және құқықтық қатынастарын қалыптастырады.