Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.1 Кб
Скачать

3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.

Мемлекеттік басқару – көптеген әр түрлі функцияларды орындауға талапталған күрделі институт. Ол мемлекеттік-әкімшілдік, мәдени-әлеуметтік және өндірістік құбылыстарды, сонымен бірге табиғи, экономикалық, техникалық және басқадай құбылыстарды қамтиды. Көптен көп, қазіргі жоғары дамыған қоғамдарда басқарудың көп деңгейінің жүйесі құрылады, оған жататындар: 1)дәстүрлі адамдық қатынастар (жанұя); 2)кәсіпшілдік қатынастар; 3)нарықтық (бәсекелестік) қатынастар; 4)мемлекеттік реттеу; 5)идеологиялық қатынастар мен жаппай ақпараттық құралдар.

Осының барлығын есептегеннің қажеттісі, мемлекеттік басқарудың әр түрлі органдарының тік және көлденең өзара қатынастарының сипатын анықтайтын үйлесімдері, құрылымдық кепілдері көптеген оъективтік және субъективтік факторлармен ескеріледі. Сондықтан таңданатыны жоқ, өйткені әр түрлі мемлекеттерде олар өзіндік өзгешеліктерімен болады. Мемлекеттік басқару жүйесіне мемлекеттік биліктің басқару түрін, қызметін, құрылымын және басқадай өлшемдерін таңдау елеулі әсерін тигізеді. Басқару түрінен және оның қызметіне әжептәуір дәрежеде әртүрлі мемлекеттік органдардың тиімді қызмет істеуі байланысты болады.

Қазіргі жағдайда сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының қызметінің күрделілігі мен құқықтық реттеу көлемі, оған сәйкес жекеленген лауазымды адамдар мен әкімшілдік мекемелердің жазылған құқықтық нормалардың бұзылуының саны өседі. Саяси плюрализм ұсынылатын шаралардың тиімділігін күшейте отырып, қабылданатын шешімдердің сипатына әсер етеді. Ол әртүрлі түрдегі ықпалды мүдделі топтардың саяси әсерін күшейтуге әкеліп соғады.

Мемлекеттік басқарудың мәні оның ұйымдастырылуының мақсатының, қызметінің қағидаларында, басқару үрдістерінде, қызмет сипатында, ставкасы мен динамикасында, көлденең және тік құрылымында ашылады. Осы элементтердің әрбіреуі азды-көпті күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйелер өзара тығыз байланыста және олардың қандай болмасын бірінің өзгеруі немесе жаңаруы басқаларында сондай не басқадай өзгерістер туғызуы мүмкін. Олардың бәрі жиынтық жүйе құрайды. Әрбір элементтерді жеке алып қарауға және жүйеден бөлек бағалауға, талдауға болмайды.

Егер мүмкін емес іс демесек, онда әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқарудағы мемлекет ролінің сандық айтылуы тіпті қиын. Ол соншалық кең және көп бейнелі, өйткені оны қандай да болмасын, сандық немесе статистикалық бірліктерінің өлшемдерімен көрсету мүмкін емес. Үкіметтің қамқорлығымен өндірілетін ұлттық өнімнің көлемін, мемлекеттік инвестициялардың меншікті салмағы мен абсолюттік өлшемдерін, білім мен ғылыми зерттеулерді, халықтың, жоқ-жітік топтарына әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтауды және сол сияқты дұрыстығын анықтау мүмкін. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау, жұмысшылардың еңбегі мен денсаулығын қорғау, тұтынушылардың мүдделерін қорғау, экономиканың белгілі салаларында баға белгілеу үшін бақылау мен бос жұмыс орындарына бірден кіргізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекет шараларының пайдалы коэффициент әсерін өлшеу мен нақты анықтау күмәнді. Бір жағынан, мемлекет құқықтық нормалардың және «ресми (заңды) зорлық-зомбылық» пайдаланудың көмегімен елге қажетті тәртіп белгілейді және қуаттайды. Екінші жағынан, ол өзі қоғамға бағынады, қоғамға қызмет көрсетеді, қоғаммен сайланады. Басқаша айтқанда, кез келген қоғамда қоғам мен мемлекет арасында пайда болатын өзара іс-қимыл болады, оның сапасы мен деңгейі басқару саласындағы саясаттың тиімділігімен анықталады. Қоғам мемлекетке тәуелді, онсыз екеуі де өзінің тиімді қалыптасуына, ал экономика азды-көпті тұрақты пайдасына кепілдік бере алмайды.

Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:

  • елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі

бағыттарын жоспарлау мен даярлау;

  • адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе

ұйымдастыру;

  • қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;

  • еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;

  • ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;

  • барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;

  • әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,5

Қосымша әдебиеттер: 6,7