Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.1 Кб
Скачать

Мемлекет — белгілібіраумаққаиелікетіп, солжердегіхалықтыңеркіндамуынамүмкіндікберетін, қоғамтабиғатынантуындайтынортақістердіатқаруғақажеттібасқарудыңжоғарғыдәрежедеұйымдасқанжүйесі, саясибилікұйымы.

Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылғанмақсатқасайнысанныңжүйесінөзгертугенемесежоюғабағытталған, субъектініңнысанғаәрекететупроцессі

Институционализм, институттықэкономикалық теория (латыншаіnstіtutоіс-қимылсалты, әдет-ғұрып, сондай-ақіnstіtutumорнату, құру) экономика ғылымындағықоғамныңжәнеэкономиканыңдамуынәлеуметтік психология тұрғысынантүсіндіретінбағыт.

Идеолог – таптыңнемесеқоғамдықтоптастықтыңойынбілдіруші, идеялықмүддесінқоғаушыдегентүсінік.

Экономикалықжүйе – экономикалықөнімдіөндіру, бөлу, айырбастау, тұтынубарысындатуындайтыннегізгіэкономикалыққатынастардыңнысаны мен мазмұнынайқындайтынқағидаттардың, ережелердің, заңжүзіндебаяндыетілгеннормалардыңтарихитұрғыдапайдаболғаннемесебелгіленген, елдежұмысістептұрғанжиынтығы.

Республика (лат.Respublіka – халықигілігі, қоғамдықіс) – мемлекеттікбасқарунысаны. Мұндажоғарымемлекеттіңбиліктібелгілімерзімгесайланғаноргандаржүзегеасырады. Мемлекеттіңбиліктіңбарлықжоғарыоргандары не сайланады, не олардыжалпыұлттықөкілдіктімекемелер.

Біртұтасмемлекет, унитарлықмемлекет — мемлекеттікнемесеұлттық-мемлекеттікқұрылыстыңбіртүрі

Басқару-жоғарымемле¬кеттікоргандарды, олардыңқүрылутәртібін, өзараларындажәнехалықпенөзарабайланысынбілдіретінжоғарымемлекеттікбиліктіүйымдастыру

Монархия- алғашқытарихибасқарутүрі. Ондаелдегіжоғарыбилікбірадамменжүзегеасырылады.

Методология (грек. metodos – танымжолы, logos – ілім) :белгілібірғылымдақолданылатынтанымдықәдіс-тәсілдердіңжиынтығы;

Әкімшілік-елдегібасқаруқызметінжүзегеасыратынмемлекеттікоргандардыңжиынтықатауы;

Сенат (латыншаsenatus, senex — кәрі, қариясөзінен) — 1) ЕжелгіРимдегіжоғарғымемлекеттіккеңес. Сенат басындаеңкөрнекті, еңбегісіңген сенатор (prіncessenatus) тұрды.

Сот – сот төрелігінжүзегеасыру, құқықбұзушыларғамәжбүрлеушараларынқолданужолдарыменқоғамныңжәнеазаматтардыңқұқықтары мен заңдымүдделерінзаңсызқолсұғушылықтанқорғайтынмемлекеттік орган.

Депутат - (лат. deputatus - өкіл) - мемлекеттікнемесежергіліктіөзін-өзібасқарудыңзаңшығарушынемесебасқа да өкілеттіорганынасайланғантұлға.

Заң- (ағылш. law) - мемлекетбелгілегенбүкілнормативтік-құқықтықактілер, жалпығабірдейміндеттіережелер; мемлекеттікбиліктіңжоғарыөкілетті органы қабылдағаннемесетұрғындардыңтікелейерікбілдіруіарқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлыммаңыздықоғамдыққатынастардыреттейтіннормативтік акт

Судья– сот жүйесінде сот органыныңқұрамынасайланғаннемесетағайындалғанлауазымдыадам, сот билігінатқарушы.

Жергіліктіөзін-өзібасқару —мемлекеттегібелгілібірәкімшілік-аумақтықбөліктұрғындарыныңжәнеоныңсайланбалыоргандарыныңжергіліктіістердібасқаружөніндегідербесқызметі.

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылғанақшақорыныңқұралукөздері мен жұмсалубағыттарынсипаттайтынэкономикалық категория, ақшалайкіріс пен шығыстың балансы

Жергілікті бюджет —мемлекеттегіәкімшілік-аумақтықбөліктердіңөзәлеуметтік-экономикалықбағдарламасынқаржыландыруғаарналғанақшалайқорлары.

Салықтар – мемлекеттікбюджеткезаңдыжәнежекетұлғаларданбелгілібірмөлшердетүсетінміндеттітөлемдер.

Дотация,демеуқаржы (ағылш. grant, subsidy;лат. dotatio дар, пожертвование, вклад) Мемлекеттіңкәсіпорындар, ұйымдар мен жекелегенөндірушілергешығындарын, олардыңшығындары мен пайдаларыарасындағыалшақтықтыжабуғақайтарымсызтәртіппенберетінақшалайқаражаттар; қосымшаақытөлеу, материалдықкемек.

Субсидия (лат. subsіdіum – көмек), демеуқаржы – мемлекеттік бюджет есебінен‚ ал беймемлекеттікфирмаларзаңдытұлғаның‚ жекетұлғаның таза табысынанөкіметоргандарына‚ басқамемлекеттергеберетін, көбінесеақшалайнысандағыбіржолғыжәрдемақы.

Субвенция(лат. subvenіre – көмеккекелу‚ қолұшын беру), жәрдемқаржы – жоғарыдеңгейдегібюджеттенбелгілібірмерзімгежәненақтымақсатқабөлінетінақшалай сома[2]‚ жергіліктіөкіметоргандарынанемесехалық ш-ныңжекелегенсалаларынабелгілібірмақсатүшінберілетінмемлекеттікқаржыжәрдемі.

Бюджет жүйесі - экономикалыққатынастар мен заңдықнормаларғанегізделгентүрліденгейдегібюджеттердіңжиынтығы, сондай-ақолардыәзірлеу, қарау, бекіту, атқаружәнеатқарылуынбақылауүдерісі.

Үкімет— мемлекеттікбиліктіңжоғарыатқарушы органы

Мемлекеттікқызмет - азаматтардыңмемлекеттікоргандар мен оныңаппараттарындағыкәсіптікқызметі.

Парламент (лат. parlare – сөйлеу, ағылш. parlіament) – мемлекеттікбиліктіңеңжоғарғыөкілдік органы[1]; өкілдіксайлаузаң органы.[

ГЛОССАРИЙ

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі

Мемлекеттікқызмет - азаматтардыңмемлекеттікоргандар мен оныңаппараттарындағыкәсіптікқызметі. Мемлекеттікқызметәрқашан да мемлекетқаражатқорынанқаржыландырылады.

Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылғанмақсатқасайнысанныңжүйесінөзгертугенемесежоюғабағытталған, субъектінің нысанғаәрекететупроцессі.

Жергіліктіөзін-өзібасқару — мемлекеттегі белгілібірәкімшілік-аумақтықбөліктұрғындарыныңжәнеоныңсайланбалыоргандарыныңжергіліктіістердібасқаружөніндегідербесқызметі.

Билiк — қазақхалқыныңдәстүрлісанасында “ел басқару”, “өкімету” сөздеріменмәндесұғымдыбілдіреді. Қазіргі құқықтанусаясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауыныңсинониміретіндеқолданылыпжүр. 

Қоғам - жалпымағынасындамәдениеті ортақ, белгілібіраумақтатұратынжәнеөздерінбіртұтас, өзгешебірлестікдепбілетінадамдартобы;

Сайлау — сайланбалы мемлекеттік лауазымдарғаадамтаңдаунауқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруғаатсалысуыныңеңкөлемдіәрінақтынысаныболыптабылады.

Сайлаужүйесідегеніміз — ҚазақстанРеспубликасындағысайлаудыөткізу мен ұйымдастыруғабайланыстытуындайтынқоғамдыққатынастаржүйесі.

Үкімет — мемлекеттікбиліктің жоғарыатқарушы органы.

Әкім - ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентi мен Үкiметiнiң жергiлiктiатқарушыоргандыбасқаратынжәнетиістіаумақтамемлекеттiксаясаттыңжүргiзiлуiн, ҚазақстанРеспубликасыорталықмемлекеттікоргандардыңбарлықаумақтықбөлімшелерініңүйлесiмдiқызметiстеуiнқадағалайды.

Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру жәнеде азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік, мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.

Республикасының Парламенті — заң шығарушылық қызметі жүзеге асыратын республиканын жоғары өкілетті органы. 

Президент — мемлекет басшысы, мемлекеттін ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лауазымды тұлға

1 тақырып. Мемлекетті ұйымдастыру және оның негізгі формалары

Дәріс жоспары:

1Мемлекеттің белгілері мен түрлері

2Мемлекет басқаруының тарихы мен сатылары

3Мемлекетаралық экономикалық одақтар

1Мемлекеттің белгілері мен түрлері

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілері
  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Мемлекет түрлері

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • Унитарлық (лат.unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

  • Федерация (лат.foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша

  • Монархия (гр.μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

  • Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады

  • Диктатура (лат.dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

Қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

2Мемлекет басқаруының тарихы мен сатылары

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді.“Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды,яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.