
- •1. Бірінші дәрежедегі желілер түрлері.
- •4. Катж арналары жиілікпен бөлінген
- •5,14 Катж арналары уақытпен бөлінген сұлбасы жұмысы
- •1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •11.Радиорелейлік тарату жүйелері. Олардың құрылуқағидалары, жұмысы.
- •12.Спутниктік тарату жүйелері...
- •15. Модуляция түрлері:ам,чм,фм.
- •8. Бөгеуіл түрлері, таралу ортасы
- •9. Өзіндік бөгеуілдер.
- •10.Атмосфералық бөгеуілдер,пайда болу ортасы, азайту тәсілдері
- •46.Арнаны уақытпен бөлуде аим-ді қолдану ерекшелігі, жетістіктері, кемшілігі.
- •16. Цифрлы тарату жүйесі (цтж) икм-мен синхрондау. Икм-30 құрылымдық сұлбасы (структура цикла привести)
- •17. Цтж икм мен иерархиясы. Ондағы болатын сатылар.
- •21. Цифрлы линиялык кодтарына койылатын талаптар артыкшылыктар кемшилиги атап корсетиниз.
- •23. Цифрлы линиялық күре жолда болатын бөгеуілдер түрлерін келтіріңіз.
- •25,42. Тотж қағидалары
- •29. Тотж байланыс жүйесіндегі орны және оның рөлі, параметрлері артықшылықтары, кемшіліктері.
- •31. Пци сатылары,иерархиясы.Pdh сатылары
- •35. Сци сатылары, яғни иерархиясы
- •32. PdHжәне sdh иерархияларын салыстыра отырып қорытындылаңыз.
- •37,38,39. Магистральды,аймактык,жергиликти
- •33. Цифрлі желілердегі таратудағы синхронды режимді түсіндіріңіз
- •34. Цифрлі желілердегі таратудағы асинхронды режимді түсіндіріңіз
- •36,40. Аналогты және цифрлы тарату жүйелерін салыст...
21. Цифрлы линиялык кодтарына койылатын талаптар артыкшылыктар кемшилиги атап корсетиниз.
ЦТЖ-нің линиялық күре жолдарында пайдаланылатын кодтар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: код тұрақты токпен қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пункттердің аралықты қоректенуін (АҚ) ұйымдастыру үшін сигналдық өткізгіштерді (сымдарды) пайдалануға мүмкіндік беретін тұрақты құраушыдан тұрмауы керек; пайдаланатын кодтың энергетикалық спектрі мүмкіндігінше спектр максимумы неғұрлым төменгі жиілік облысында жататындай неғұрлым тар жиілік жолағын иеленуі керек, бұл пысықтау күре жолды және өткізу жолағы төмен арналарды пайдалануы, сонымен қатар жиілік өсуімен өшулік өсетіндіктен регенерациялық аймақ ұзақтығын өсіруі мүмкін; кодтың тактілік жиіліктегі fT сигналды бөліп алу мүмкіндігі болуы керек; кодтық қатенің пайда болуын бақылау қабілеті болуы керек.
Сондай-ақ кодтың кейбір артықшылықтары болуы керек.Кодерден кейін алынған екілік ИКМ сигналдың 0-ге тең артықшылығы бар, яғни кез келген символдар комбинациясы рұқсат етілген болып табылады, мұндай кодтарда қателерді анықтау мүмкін емес. Артықшылықты мысалы рұқсат етілген шамалардың деңгейлер санын 2-ден 3-ке дейін өсіре отырып, алуға болады. Мұндай код артықшылығы 0,58-ді құрайды, ал бинарлы кодты түрлендірудің өзі келесі түрде болады 1Е-1Ү, яғни екілік кодтың бір символы үштік кодтың бір символына түрленеді.
ЦТЖ-сінде 1Е-1Ү түрлендірудің бірнеше түрі болуы мүмкін: импульс полярлығы кезектескен (ИПК), бірліктің жоғарғы тығыздығындағы код ( ЖТК).
ИПК код бірлік символдарды түрлендіру кезінде олардың арасындағы нөлдер санына байланысты оң және теріс полярлы импульстерді кезектестіреді (21.1- суретті қараңыз).
ИПК және ЖТК-3 код түрінде берілген тізбектің уақыттық диаграммасы
22. Цифрлы сигналдарды регенерациялау, құрылымдық сұлбасын келтіріп түсіндіріңіз. Цифрлық сигналды регенераторын қолданғанда (22.1-суретті қараңыз) уақыттық интервалдары толығымен қайта қалпына келтірілген, ішкі синхрондаулы (өзіндік синхрондаушы) болады. fT тербелісі кіріс сигнал спектрінен бөлінеді. Сыртқы синхрондау кезінде бөлек тізбектермен сигналдарды регенераторға беруді қамтамасыз ету қажет болар еді. Ішкі синхрондаулы регенераторлар fT бөлінуі шығыс сигналдан болмайтындықтан тура әсерлік болып табылады. Шығыс сигналдан fT бөлу кезінде бөгеуілдердің көбеюіне әкелетін, яғни бөгеуіл қорғаныстығы төмендейді, кері байланыс тізбегі ұйымдастырылатын еді. Регенерация процесінде келесі операциялар орындалады: қайта қалпына келетін импульстердің күшеюі және олардың формаларының коррекциясы; импульстер белгілі бір анықталған уақыт мезетінде қалыптасудың нәтижесінде коррекцияланған импульстердің стробталуы; стробтаудан кейін импульс амплитудасының мәнін табалдырықты (эталонды) бағытпен салыстыру; берілген параметрлердегі жаңа импульстердің қалыптасуы;
Мұндағы ЖЛР –жасанды линия регенераторы;
ТЖБ –тональді жиілікті бөлгіш;
СК–сызықты корректор;
ТҚ- табалдырықты қалыптастырғыш;
КК- корректорлаушы күшейткіш;
РҚ–реттеуші құрылғы;
ШИҚ- шығыстық импульстерді қалыптастырғыш;
АҚ- аралықты қоректену.