
- •1. Бірінші дәрежедегі желілер түрлері.
- •4. Катж арналары жиілікпен бөлінген
- •5,14 Катж арналары уақытпен бөлінген сұлбасы жұмысы
- •1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •11.Радиорелейлік тарату жүйелері. Олардың құрылуқағидалары, жұмысы.
- •12.Спутниктік тарату жүйелері...
- •15. Модуляция түрлері:ам,чм,фм.
- •8. Бөгеуіл түрлері, таралу ортасы
- •9. Өзіндік бөгеуілдер.
- •10.Атмосфералық бөгеуілдер,пайда болу ортасы, азайту тәсілдері
- •46.Арнаны уақытпен бөлуде аим-ді қолдану ерекшелігі, жетістіктері, кемшілігі.
- •16. Цифрлы тарату жүйесі (цтж) икм-мен синхрондау. Икм-30 құрылымдық сұлбасы (структура цикла привести)
- •17. Цтж икм мен иерархиясы. Ондағы болатын сатылар.
- •21. Цифрлы линиялык кодтарына койылатын талаптар артыкшылыктар кемшилиги атап корсетиниз.
- •23. Цифрлы линиялық күре жолда болатын бөгеуілдер түрлерін келтіріңіз.
- •25,42. Тотж қағидалары
- •29. Тотж байланыс жүйесіндегі орны және оның рөлі, параметрлері артықшылықтары, кемшіліктері.
- •31. Пци сатылары,иерархиясы.Pdh сатылары
- •35. Сци сатылары, яғни иерархиясы
- •32. PdHжәне sdh иерархияларын салыстыра отырып қорытындылаңыз.
- •37,38,39. Магистральды,аймактык,жергиликти
- •33. Цифрлі желілердегі таратудағы синхронды режимді түсіндіріңіз
- •34. Цифрлі желілердегі таратудағы асинхронды режимді түсіндіріңіз
- •36,40. Аналогты және цифрлы тарату жүйелерін салыст...
11.Радиорелейлік тарату жүйелері. Олардың құрылуқағидалары, жұмысы.
Радиорелелі байланыс ( радиодан франц. relais –аралық станция), антенналарының тура көріну аймағы қашықтығында тұратын радиостанция тізбегі көмегімен іске асатын радиобайланыс.
Тура көріну ұзақтығы екі РРС-ті қабылдау-тарату антеннаның биіктігіне байланысты және қарапайым формуламен есептелінеді: D=3,557(H1+H2)
Мұндағы D-километрмен өлшенетін тура байланыс ұзақтығы; H1 и H2 – радиостанциядағы қабылдау-тарату антенналарының биіктігі.Радиоререйлі байланыстың дәстүрлі сымды байланыстан айырмашылығының ерекше сипаттамалары оны әлемдік, аймақтық және жергілікті мәліметтерді тарату желілерде қолдануға аса қолайлы.
Байланыс инфраструктурасы дамымаған аймақтардағы мәліметтерді тарату желілерінің жылдам ашуды іске асыру керек немесе жылжымалы абоненттерді қызмет көрсететін мәліметтерді тарату желілерін құру жағдайларда радиоререйлі байланыстың альтернативасы жоқ.
Артықшылықтары:
• сызықтық байланыстың ашудың (развертывание) үнемділігі жіне лездігі (сымдм байланыспен салыстырғанда);
• экономикалық тиімді, ал кей жағдайларда территорияларындағы көпканалды байланыс орнатудың жалғыз мүмкіндігі (күрделі рельефі бар, яғни орман, тау, т.б.),
• сымды байланыс магистраліндегі байланысты зақымданған аумақтарын алмастыру жолымен апатты қалпына келтіру мүмкіндігі;
• сымды байланыстан еш кем түспейтін байланыс сапасы;
Дискретті сандық түрде берілген ақпаратты - мәліметтерді тарату қажеттілігі дискретті санды ақпаратты аналогтыққа түрлендіруді және керісінше түрлендірудің заманауи әдістерін ойлап табуды тездетті. Мәліметтерді тарату жүйелері – сандық ақпаратты алмасуға мүмкіндік жасайиын жүйелер пайда болды.
12.Спутниктік тарату жүйелері...
Жерсеріктік байланыс жүйесі және тарату ұйымдарының ұстанымдары өте қарапайым: берілген орбитаға ракета – тасымалдағыш көмегімен Жер маңайында жасанды жерсерігі (ЖЖС) іске қосылады, оның бортында қабылдау – таратушы құрылғы орналастырылады (радиоретранслятор), Жерде параболалаық антеналлы жер станциялары орнатылады (ЖС). Жер станциясынан жіберілетін тіркелген жиіліктегі дабылдар ЖЖС радиоретронслятор орнатылып қабылданады және басқа жиіліктерге түрленгеннен кейін жер станциялары жаңына ЖЖС антеннасымен сәулеленеді, бұл жерде олар қабылданады, күшейтіледі және хабар бөлінгенге дейін түрленеді.
ЖБ жүйесінің конфигурациясы Жердің жасанды жерсерігінің типінен, жер станцияларының параметрлерімен байланыс түрлерінен тәуелді. ЖБ жүйелерін тұрғызу үшін негізінен үш түрлі ЖЖС қолданылады, олар жоғарғы элипстік орбитада (ЖЭО), геостационарлық орбитада (ГСО) және төменгібиіктіктік орбитада (ТБО). Сонымен қатар орташабиіктіктік орбитадағы (ОБО) жерсеріктері қолданылады. ЖЖС әрбір типінің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
15. Модуляция түрлері:ам,чм,фм.
Фазалық модуляция тасушы сигналды синусоидалы сигнал деп алып, оны модуляциялаушы сигналды да қарапайым синусоидалды сигнал деп , олардың алғашқы фазаларын нөлге тең деп алайық сонда фазалық модуляция мен модуляцияланған сигнал SФМ(t) =Umcos(ω0t+βФsinΩt). Жиілікті модуляциямен модуляцияланған сигналдың тербеліс бойлығы фазалық модуляциядағыдай өзгермей тұрақты болады да, ал жиілігі модуляциялаушы сигналдың өзгеру заңдылығымен өзгереді. ω(t)= 2π(f0+φжмUc(t)). Жиіліктік модуляциялаушылардың схемалары әртүрлі болады. Солардың ішіндегі көбірек тарағаны әрі қарапайым біреуі LC генераторымен реактив кедергіден құралған схема. Модуляция процесінде тоқ амплитудасынының өзгермеуі оған сәйкес қуаттың да өзгермеуі ЖМ-ның негізгі артықшылығы болып табылады.
АМ. Модуляция барысында тоқ амплитудасының өзгеруі мен осыған сәйкес тербеліс қуаттының өзгеруі АМ-нің бірден-бір кемшілігі болып табылады. АМ қуаттың төмен деңгейінде жүзешге асырылса мұндай т аратқыштың ПӘК-і 30-40 пайыздан, ал қуаттың жоғарғы денгейінде 30 пайывздан аспайды.
7. КАТЖ-ның арналары жиілікпен бөлінгендегі линиялық трактідегі бөгеуілдер. Көпарналы тарату жүйелерінің арналары жиілікпен бөлінген кезде адиативті бөгеуілдер үлкен орын алады. Сонымен қатар ондай бөгеуілдер ішкі ж/е сыртқы болып бөлінеді.
Сырқы көзге: табиғат құбылысы, электр энергиясын тарататын желілер, тарату жүйесіндегі параллель жұмыс істейтін кезде пайда болады. Электр байланыс жүйесінде бұл бөгеуілдер линиялық д.а. Өйткені олар линиялық элементтер көмегімен алынады.
Ішкі өзге: жылулық бөгеуілдер ж/е күшейткіш элементтерінен бөлінетін бөгеуілдер ж/е модулятор, демодулятор т.б. жатады.
Байланыс арнасында бөгеуіл көбінесе флуктуациялды, бұндай бөгеуілдер кездейсоқ жағдайдан туындайтын түрлі импульстар тізбегін құрайды. Бөгеуілдер кеңдігі сигнал кеңдігімен өлшенеді. Флуктуациялды бөгеуілден басқа селективті, импульсті бөгеуілдер бар.
Импульсті бөгеуілдер- қысқа уақытты импульсты сигнал ретінде болады. Сонымен қатар импульсті сигналдар дискретті хабарға қатты әсер етеді.
Селективті бөгеуілдер- синусоидалды сигналға жақын болады. Яғни олар әсіресе кескін берген сигналға әсер етеді. Ал бұл жарықтың ауытқуына әкеліп соқтырады