
- •1. Бірінші дәрежедегі желілер түрлері.
- •4. Катж арналары жиілікпен бөлінген
- •5,14 Катж арналары уақытпен бөлінген сұлбасы жұмысы
- •1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •11.Радиорелейлік тарату жүйелері. Олардың құрылуқағидалары, жұмысы.
- •12.Спутниктік тарату жүйелері...
- •15. Модуляция түрлері:ам,чм,фм.
- •8. Бөгеуіл түрлері, таралу ортасы
- •9. Өзіндік бөгеуілдер.
- •10.Атмосфералық бөгеуілдер,пайда болу ортасы, азайту тәсілдері
- •46.Арнаны уақытпен бөлуде аим-ді қолдану ерекшелігі, жетістіктері, кемшілігі.
- •16. Цифрлы тарату жүйесі (цтж) икм-мен синхрондау. Икм-30 құрылымдық сұлбасы (структура цикла привести)
- •17. Цтж икм мен иерархиясы. Ондағы болатын сатылар.
- •21. Цифрлы линиялык кодтарына койылатын талаптар артыкшылыктар кемшилиги атап корсетиниз.
- •23. Цифрлы линиялық күре жолда болатын бөгеуілдер түрлерін келтіріңіз.
- •25,42. Тотж қағидалары
- •29. Тотж байланыс жүйесіндегі орны және оның рөлі, параметрлері артықшылықтары, кемшіліктері.
- •31. Пци сатылары,иерархиясы.Pdh сатылары
- •35. Сци сатылары, яғни иерархиясы
- •32. PdHжәне sdh иерархияларын салыстыра отырып қорытындылаңыз.
- •37,38,39. Магистральды,аймактык,жергиликти
- •33. Цифрлі желілердегі таратудағы синхронды режимді түсіндіріңіз
- •34. Цифрлі желілердегі таратудағы асинхронды режимді түсіндіріңіз
- •36,40. Аналогты және цифрлы тарату жүйелерін салыст...
34. Цифрлі желілердегі таратудағы асинхронды режимді түсіндіріңіз
" Плезиохронды ", яғни " дерлік " терминнің өзі синхронды , төменжылдамдықты каналдардың жоғарғыжылдамдықты каналдармен бірігуінің толық ақпарат ағындарының синхрондалуының болмауын айтады. Келіспеген жиілікті төменжылдамдықты каналдардың жылдамдықтарын тегістеу мақсатында, PDH технологиясы салыстырмалы аз жылдамдықты кадрлы каналдардың аралықтарына қосымша бірнеше бит қоспасын орналастырады. Содан соң бірдей жиілікті кадрлар бит алмасумен құрама екінші кадр және көбірек жоғары дәрежелердің иерархиялармен мультиплексияланады. Нәтижесінде пайдаланушылардың ақпараттарын біріккен каналдан шығару үшін кадрларды біріншіден демультиплексірлеу керек.
36,40. Аналогты және цифрлы тарату жүйелерін салыст...
Аналогты тарату жүйелерін олап табу және оларды жетілдіру өз кезеңінде байланыс техникасында үлкен рөл атқарды. Бірақ аналогты техниканың соның ішінде арна түзуші аппаратураның әрі қарай дамуы қазіргі кезде бәсеңдеді. Себебі шекті және экономикалық тұрғыдан толығымен ақталған параметрлер толығымен алынған және оларды әрі қарай жетілдіру қиынға соғады. Цифрлық арна түзуші аппаратураға өту теориялық алғы шарттар мен техникалық мақсатқа сәйкестіліктің нәтижесі болып отыр. Дисперсия мен бөгеуілдерді енгізетін ортадан өткеннен кейін таратылған импульстік тізбекті қайта қалпына келтіру мүмкіндігі цифрлық тарату әдісінің маңызды екершелігі болып табылады.
40.Цифрлық ТЖ белгілі бір иерархиялық құрылымға сәйкес келеді. Иерархзиялық құрылымда келесі негізгі талаптар ескеріледі:
Аналогты және цифрлық сигналдардың барлық түрлерін тарату мүмкіндігі;
Таратылатын сигналдарды біріктіру, ажырату және транзитпен тарату мүмкіндігі;
Қолданылатын және болашақта енгізілетін жабдықты ескере отырып стандартты жылдамдықтарды таңдау мүмкіндігі;
АТЖ мен басқа әр түрлі байланыс және коммутация жүйелерімен әсерлесу мүмкіндігі.
Цифрлық тарату әдістерінің төмендегі қасиеттерінің болуымен түсіндіріледі:
- жоғары бөгеуілдерге тұрақтылық. Бұл жағдайда цифрлық жүйелерді аналогты жүйелер қолданыла алмайтын желілерде қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
- ақпаратты тарату сапасының байланыс жолының ұзындығына тәуелсіздігі;
- ЦТЖ (ЦСП) арналарының параметрлерінің (қалдықты өшу, жиіліктік және амплитудалық сипаттамалар, т.б) тұрақтылығы. Мұндай құрылғылардың саны ЦТЖ жабдығында аз болғандықтан, цифрлық тарату жүйелерінде арналардың параметрлерінің тұрақтылығы аналогты жүйелерге қарағанда неғұрлым жоғары болады.
- дискретті сигналдарды тарату үшін арналардың өткізу қабілетін тиімді пайдалану;
- цифрлық байланыс желісін орнату мүмкіндігі. Цифрлық байланыс желісінде сигналдарды тарату, олардың транзиті және коммутациясы цифрлық түрде жүргізіледі.;
- жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
Цифрлық арналар амплитудалық-жиіліктік бөгеуілдер мен бұрмаланулардың жоқ болуымен сипатталады, себебі байланыс жолы бойымен өткен кезде бұрмаланатын импульстердің параметрлерін қалпына келтіру үшін регенерациялау принципі қолданылады. Бұл ұзындығы үшкен болатын жоғары сапалы байланыс арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жаңа, үнемі жетілдірілетін элементтік базаның арқасында арна түзуші аппаратура неғұрлым қарапайым, ал оның блоктары кішігірім және әмбебап болды. Тарату жүйелерінің өздері көп баптауды талап етпейді.
41. Регенерациялық бөліктер,яғни (НРП) туралы түсінік, қорғанушылық шамасы, ұзындығы ЦТЖ екі кабель бойынша жұмыс істейтін болса, яғни бір кабель ішінде бір бағыттағы тарату орын алатын болса, онда ЦТЖ арасындағы әсер сипатын 5.9 - суретінің (б) көмегімен ұғынуға болады.
5.9 Сурет – бір кабельді (а) және екі кабельді (б) жұмыс кезінде ЦТЖ арасындағы өзара әсер Бұл жағдайда Рпп = Рпер-Ад + 10lgN, мұндағы Ад – жолдың алыс шетіндегі өтпелі өшу. Онда регенератордың бөгеуілдерге тұрақтылығы Аз пп = Рпр — Рпп = Аб.д — α(0,5ft) Iрег — 10lgN, мұндағы
Абд – қолданылатын ЦТЖ түріне қарай жолдың жақын немесе алыс шетіндегі өшу. Бұдан
Ад> Аб болғандықтан, екі кабельді жүйені қолданғанда регенерациялау учаскесінің ұзындығы бір кабельді жүйені қолданған кездегі ұзындықтан артық болады. Бір қатар жағдайларда, мысалы ҚТЖ (ГТС) кабельдерін тығыздағанда, АТС арасында қосу жолдарын ұйымдастырғанда, бір кабельді ЦТЖ кезінде Iрег ұзындығын арттырғанда регенераторларды шахмат тәртібімен орналастырған жөн (5.10 - сурет). Мұнда өтпелі өшу төмендегі формула бойынша анықталады:
Әр түрлі бағыттарда жұмыс істейтін регенераторларды регенерациялық учаскелердің тура ортасына орналастыру неғұрлым оптималды болып табылады. Егер регенерациялау учаскесі I1 және I2 (I1 < I2) екі бөлікке бөлінген болса,онда Aш = Аб + α(0,5ft)I1.
5.10 Сурет – ҚРП (НРП) шахмат тәртібі бойынша орналастырғанда ЦТЖ арасындағы өзара әсер
45.Сигналдарды аналогты-цифрлық түрлендіру (АЦТ) цифрлық телекоммуникация лық жүйелердің ең маңызды құраушы бөліктерінің бірі болып табылады. Аналогты-цифрлы түрлендіру бірнеше тізбекті операциялардан тұрады (4.1 - сурет). Бұл операциялар мынадай:Дискреттеу – уақыт бойынша үздіксіз болатын сигналды периодты дискретті мәндер қатарына түрлендіру. Мұндай түрлендіру В.А. Котельников теоремасына негізделген. Бұл теорема бойынша спектрі ωв-ға дейінгі жиіліктер жолағында жатқан функция ∆t = π/ωв уақыт интервалдары арқылы алынған лездік мәндерімен толық сипатталады. Дискреттеу арналарды уақыт бойынша бөлу үшін қажет, сондай-ақ дискреттеу неғұрлым нақты жұмыс істейтін синхронды микросхемаларды қолдануға мүмкіндік береді. Кванттау – сигналдың лездік мәндерін неғұрлым жақын рұқсат етілген мәндерге дейін жуықтау. Бұл аналогты сигналды цифрлық сигналға түрлендіретін АЦТ-ның ең маңызды операциясы. Кванттау кезінде сөзсіз болатын кванттау қадамынан, яғни рұқсат етілген екі жақын мәндерінің арасындағы қашықтықтан артық болмайтын кванттау қатесі пайда болады. Телекоммуникациялық жүйелердің жабдықтарында кванттау операциясы кодтаумен біріктіріледі.Кодтау – электр байланыс теориясында екі кодтау ұғымы бар: кең және тар. Тар мағынада, цифрлық телекоммуникациялық жүйелерде кодтау жоғары негізді кодтан төменгі негізді кодқа өтуді білдіреді, яғни рұқсат етілген мәндердің көп санын қабылдай алатын лездік мәндер (мысалы 256) рұқсат етілген мәндері аз болатын (минимум екі мән) импульстердің комбинациясымен (мысалы 8 импульстен тұратын кодтық топтармен) ауыстырылады. Бұл сигналдардың бөгеулерге тұрақтылығын арттырып, оның логикалық құрылғылармен өңделуін жеңілдетеді.