Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
451.07 Кб
Скачать

№34. Меншік акциялардың есебі: акционерлік капитал, қайта сатып алынған капитал, акциялардың бөлшектенуі

Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.

Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 «Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады. Олардьщ кейінірек кайта сату немесе жою үшін акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары № 5210 «Алынып тасталған капитал» шотында бейнеленеді.

Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:

Дт- 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Кт - 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы акшалар» шоты.

Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номиналды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша қаражаттарының есебі үшін қолданатын тәртіпте сақгалады.

Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:

Дт - 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар» шоты.

Кт - 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды кұнынан артық баға бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды кұнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:

Дт - 3030 « Акциялар бойынша есеп айырысулар» шоты.

Кт - 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты.

Меншікті акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:

Дт - 5010, 5020 «Жай және артықшылығы бар акциялар» шоты.

Кт - 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен тәуелсіз есеп ведомостарында түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша жүргізіледі

№35. Шығарылған капитал есебі.

          Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып  саналады.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық  емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң  немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен  құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал  жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.

       Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.

       Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай  нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.

    Шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген  кезде қатысушылардың ақшалай салымдары  бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса  аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып  бағалануы мүмкiн.

          Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.

          Егер де салым  ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.

          Мүлiктiк құқы жоқ  және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.

    Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;

  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;

  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

36. Қайта сатып алынған капиталдар есебі

5110 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5110 шоты дебеттеледі де және 1030, 1010, 1060 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар наминалдық құны бойынша да, наминалдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

  1. Сатып алынған акциялардың нақты құны наминалдық (атауы) құнға тең болған жағдайда: 5110 шоты дебеттеледі де, және 1030, 1010 шоттары кредиттеледі.

  2. Сатып алынған акцияның құны наминалдық құннан төмен болған жағдайда:

сатып алу құнына: 5110 шоты дебеттеледі де және 1030, 1010 шоттары кредиттеледі;

сома айырмасына, яғни акциялардың құны наминалдық құннан аз болған жағдайда: 5110 шоты дебиттеледі де және 5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі ( яғни ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосымша қаражаттарды қосады).

3. Сатып алынған акйциялардың нақты құны наминалдық құннан жоғары болған жағдайда:

- сатып алу құнына: 5110 шоты дебеттеледі де, 1030, 1010 шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:

5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, 5110 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда мынадай шоттар кореспонденциясымен беріледі: 5020, 5010 шоттары дебеттеліп 5110 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың наминалдық құны 5110 шоттың кредитінен 7470 «Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша» шоттың дебетіне жатқызылады.

Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлшеріне 6280 «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша» шоты кредиттеледі де, 1284 «Басқа да дебиторлар » шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналды құнынан жоғары болса алынған айырма сомасына 1284 шоты дебеттеледі де, 5030 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

  • қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;

  • қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарлық капиталының минималды деңгеиінен кем болса;

  • қоғам ақцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алынған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

  • ақцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.

Қайтып сатып алынған акцияның сны бүкіл қоғамның шығарған акцияның 25% - нен немесе қоғамның меншік капиталының 10% - нен аспауы керек.

Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.

37 Негізгі құралдарды тану және бағалау ХҚЕС 16

Осы стандарт басқа Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін.

Активтің қалдық құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.

Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа халықаралық стандарттардың, мысалы, 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ҚЕХС (IFRS) нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.

Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуы тиіс, егер:

(а)осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса; және

(b)осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Осы тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар бойынша өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды.

Актив ретінде танылуы тиіс жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануы тиіс.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны мыналарды қамтиды:

(а)импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы.

(b) активті керек жерге жеткізуге және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындар.

(с) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін бөлшектеуге және жоюға және өздері тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы объектіні сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезеңі бойы оны пайдалану нәтижесінде ұйым өз мойнына алады.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің бастапқы құны тану күніне ақшалай қаражат баламасындағы оның бағасы болып табылады. Несие берудің әдеттегі талаптарынан асатын кезеңге төлемді кейінге қалдыру орын алатын болса, ақшалай қаражаттар баламасындағы баға мен жалпы төлем сомасы арасындағы айырма, егер 23 ҚЕХС-ында (IAS) көзделген есепке алудың баламалы тәртібіне сәйкес ондай пайыз жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнында танылмайтын болса, несие беру кезеңі үшін пайыз ретінде танылады.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың бір немесе одан көп объектісі сенімсіз активке немесе активтерге айырбасталып, не ақшалай немесе ақшалай емес активтерге ұштастырылып сатып алынуы мүмкін. Төменде айтылған пайымдаулардың сенімсіз бір активті екіншісіне айырбастауға ғана емес, сонымен бірге осының алдындағы сөйлемде сөз болған барлық айырбастауларға да қатысы бар. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың осындай объектісінің бастапқы құны әділ құн бойынша бағаланады, бұған (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны жоқ, немесе (b) алынған да, берілген де активтің әділ құны нақты бағалауға келмейтін реттер кірмейді. Сатып алынған объект, тіпті ұйым өзі берген активті тануды дереу тоқтата алмаса да, тап осылайша бағаланады. Егер сатып алынған объект әділ құн бойынша бағаланбаса, оның бастапқы құны берілген активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны бойынша бағаланады.

Актив ретінде бастапқы танудан кейін жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі, жинақталған амортизация және құнсызданудан болған залалдар шегеріліп, оның өзіндік құны бойынша ескерілуі тиіс.

Қайта бағалау құны бойынша есепке алу үлгісі

Актив ретінде таныла отырып, әділ құны нақты бағалауға келетін жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі, кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген залал шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау шамасы бойынша есепке алынуы тиіс. Қайта бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде анықталатын қаржылық жағдай туралы есептік құннан елеулі түрде өзгеше болуына жол бермеу үшін жеткілікті түрде жүйелілікпен жүргізілуі тиіс.

38 Негізгі құралдарды сатып алу есебі (Қолма қол есеп айырысу, несиеге, төлемдерді кейінге қалдыра отырып)

Негізгі құралдар - ұзақ мерзім уақытында (бір жылдан көп) қозғалыста болатын материалды активтер, өндірістік және өндірістік емес салаларда қолданылады.

Негізгі құралдар келесі жағдайларда түседі:

  • күрделі салымдар;

  • басқа кәсіпорындарда және тұлғаға төлеген алулары;

  • басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан алынған қайтарусыз алулары;

  • басқару органдарымен субсидиялау;

  • кәсіпорыннның жарғалық қаражатына ұйымдастырушылардың салымдары;

  • инвентаризациялаумен шыққан негізгі құралдардың кемдіктерін жазу;

  • қаржыландыру жалының шартына байланысты негізгі құралдар объектілері түсуі.

Түсетін негізгі құралдарды басқарушының әмірімен немес осы мақсатты орындауға белгіленген комиссия қабылдайды. Қабылдауды құратыру үшін комиссия бір нұсқада «Қабылдау акті - негізгі құралдарды беру» жасайды. Актке қолданылатын объект үшін техникалық құжаттау беріледі, кәсіпорын басшысына растау үшін, одан кейін хатшы растайды.

Осы құжаттар негізінде бухгалтерия негізгі құралдардың инвентарлы карточкасына сәйкес жазбаларды жүргізеді. Бұл картоякалар негізгі құралдар есебі бойынша карточкалар тізіміне тіркеледі және бухгалтерияның карточкасында сақталады

39 Негізгі құралдарды сатып алу есебі (қайтарымсыз негізде)

Негізгі құралдарды қайтарымсыз түрде алу барысында олардың бастапқы құнымен қабылдау - беру актісінің мәліметтері бойынша анықталады. Бірақ олардың құны нарықтық құнынан жоғары болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың ақысыз төлеу кезінде акт екі дана етіп жасалынады.

40 Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері

Амортизацияланатын құн – қалдық құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.

Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.

Пайдалы қызмет мерзімі - бұл:

(а)ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не

(b)активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.

Объектінің жинақталған өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны елеулі жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің әрбір компоненті міндетті түрде бөлек амортизациялануы тиіс.

Активті амортизациялау құны міндетті түрде жүйелі негізде оның пайдалы қызмет мерзіміне бөлінуі тиіс.

Активтің қалдық құны мен пайдалы қызмет мерзімі міндетті түрде, ең болмағанда, әрбір қаржы есепті жылдың соңында қайта қаралуы тиіс, және, егер ағымдағы күтілімдердің алдыңғы бағалардан айырмашылығы болса, 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес бұл өзгерістер міндетті түрде есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде есепте көрсетілуі тиіс.