- •Есептеу әдісі бойынша есепке алу
- •Өзіндік құнды есептеу тәсілдері
- •Өткізудің ықтимал таза құны
- •Әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
- •№34. Меншік акциялардың есебі: акционерлік капитал, қайта сатып алынған капитал, акциялардың бөлшектенуі
- •№35. Шығарылған капитал есебі.
- •Амортизацияны есептеу әдісі
- •2. Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.
- •7 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету қехс-тың (ifrs) талаптарын орындауымен қатар жалға алушылар қаржылық жалдау үшін мынадай:
Өзіндік құнды есептеу тәсілдері
Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуы тиіс.
ФИФО әдісі бойынша алғаш сатылып алынған және алғаш өндірілген босалқылардың баптары бірінші кезекте сатылады және өндіріледі, және тиісінше, кезеңнің соңында қалған босалқылардың баптары ертерек сатып алынған және өндірілген болып болжанады. Орташа алынған құн формуласы бойынша әрбір баптың құны кезеңнің басындағы осындай баптардың орташа алынған құнынан және кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген осындай баптардың құнынан анықталады. Орташа мән ұйымдағы жағдайларға қарай мезгіл-мезгіл немесе әрбір қосымша топтың алынуына қарай есептелуі мүмкін.
Өткізудің ықтимал таза құны
Егер осы босалқылар зақымдалған болса, егер олар толығымен немесе ішінара ескірген болса, немесе олардың сату бағасы төмендесе босалқылардың өзіндік құны өтелмеуі мүмкін. Сонымен қоса сатуды аяқтауға немесе жүзеге асыруға арналған ықтимал шығындар ұлғайған жағдайда, босалқылардың өзіндік құны өтелмеуі мүмкін. Босалқыларды өзіндік құнынан төмен ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығару тәжірибесі активтер алынуы сатудан немесе пайдаланудан күтілетін сомадан жоғары есептелмеуі керек деген пікірге сай келеді.
Өткізудің ықтимал таза құнын бағалау үшін есептеулер ең сенімді дәлелдемеге, яғни есепті орындау уақытында өткізуге арналған босалқылар шамасына негізделеді. Бұл есептеулер, аяқталған кезеңнен кейінгі кезеңнің соңында өтіп жатқан оқиғаларға тікелей байланысты бағаның немесе өзіндік құнның ауытқуын кезең аяғында болған жағдайларды осындай оқиғалар растайтын дәрежеде ескереді. Өткізудің ықтимал таза құнын есептеу кезінде сондай-ақ қолда бар босалқылардың қандай мақсатқа арналғаны ескеріледі. Мысалы, белгіленген баға бойынша тауарлар немесе қызмет көрсетулерді сатуға жасалған шарттарды орындауға арналған қандай да бір мөлшердегі босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны осы шарттарда белгіленген бағаға негізделеді. Егер осы шарттар бойынша сату көлемі қолда бар босалқылардың көлеміне қарағанда кем болса, онда босалқылардың қалған бөлігін өткізудің ықтимал таза құны өткізу бағасының жалпы деңгейіне негізделеді. Қолда бар босалқылардың қалдықтарынан артық белгіленген бағалар бойынша жеткізу шарттарын немесе белгіленген бағалар бойынша тауарлар сатып алуға шарттардың жасау нәтижесінде бағалау міндеттемелері туындауы мүмкін. Осындай бағалау міндеттемелері 37 Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес қаралады. Әрбір келесі кезеңде өткізудің ықтимал таза құнын бағалау қайтадан жүргізіледі.
№14 Дебиторлық қарыздар, олардың жіктелуі және есебі
Дебиторлық қарыз - ақшалай қаражат, тауар, қызмет алу үшін сатып алушыларға және басқа тұлғаларға қойылатын талап.
ДҚ қаржылық есепті құру үшін қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болып сұрыпталады. Сонымен қатар ДҚ саттық және саттық емес боп сұрыпталады.
Саттық ДҚ - бұл, қарапайым шаруашылық іс-әрекеттер жасау кезінде сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін клиенттер төлейтін сома. Саттық ДҚ ең қолайлы ДҚ және есеп бөлімшелері мен вексельдерді алу үшін топталуы мүмкін. Алуға арналған шоттар өз алдына «ашық шот» болады, олар қысқа мерзімді несиелерді ұзарту нәтижесінде пайда болады. Алуға арналған вексельдер - бұл келешекте белгілі бір уақытқа белгілі бір соманы төлеуге берілетін жазбаша уәде.
Саттық емес ДҚ әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында пайда болған және жазбаша уәделі төлемді жасау немесе тауар не қызмет көрсетуде болады. Мысалы: міндетті тұлғаларға және жұмысшыларға берілген өтем ақылар;көмекші мекемелерге төленген өтем ақылар;
алуға арналған дивиденттер мен пайыздар;сақтандыру компанияларға; соттағы айыпталушыға;тауарды қайтарылуы жөнінде мемлекеттік органдарына; қайтаруға жататын заттар үшін сатып алушыларға (контейнерлер, қорапталған сөмкелер) талаптар қойылады.
ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады.
Саттық ДҚ деп аталатын бұл шоттар есептік - фактуралармен немесе басқа құжаттармен расталады. Көбінесе өтеу уақыты ретінде 30 күннен 90 күнге дейін саналады, бұл уақыт өтіп кеткен жағдайда алуға арналған есеп мерзімсіз болып саналады.
Қолданыстан келген кіріс көрсеткіші.
Дт 1210 Кт 6010 соммасы 10000.
Жіберілген өнімнің өзіндік құнын жою Дт 7010 Кт 1330 соммасы 7000.
9 шілдеде сатып алушы тауар үшін төледі Дт 1030, 6030 Кт 1210 соммасы 10000.
Егер сатып алушы 9 шілдеде тауардың жартысына төлесе, ал қалғанын 25 шілдеде төлейді. 9 шілдеде Дт 1030, 6030 Кт 1210 соммасы 5000.
25 шілдеде Дт 1010 Кт 1210 соммасы 5000.
№15 Жеңілдіктер және қайтарылған тауарлар есебі
Сатып алушы сатып алынған тауарды ауыстыруға, ақау болған жағдайда қайтаруға құқығы бар және сатып алушылардың бұл құқығын әсіресе бөлшек сауда кәсіпорыны сақтауы тиіс. Тауар ауыстырылуы не қайтарылуы мүмкін, тек тауар түрі бұзылмаған, пломбасы, этикеті сақталған, тауардың өзі қолданылмаған және сол сатушыдан алғаны мәлім болған жағдайда. Тұтынушыдан сапасы төмен, ақау тауарды қайтып алған жағдайда накладной 2 экземплярда толтырылады. Оның біреуі тауарлық есеп беруге қосып, ал 2-шісі сатып алушыға өткізген тауардың сомасын алуға немесе ауыстыруға негіз құжат болып табылады. Бұл операция бухгалтерлік есепте келесі проводкалармен беріледі. Д. 3310 К. 1330
Егер ақау - жабдықтаушы кәсіпорынның кінәсінен болса, онда талап соларға қойылады. Қайтарылған тауар құны сату бағасымен есепке алынады.
Жеңілдік - сатып алу және сату келісімінің жағдайлары, оларда тауардың келісімде көрсетілген бастапқы немесе базистік бағасын кеміту мөлшері белгіленеді. Сауда айналымында бұл жеңілдік жай, күрделі және сериялы (үдемелі) жеңілдіктерге ажыратылады. Жай жеңілдік кезінде сатып алушы төлейтін іс жүзіндегі баға бастапқы бағаның тұтастай белгілі бір пайызға немесе белгілі бір сомаға бір жолғы кемітілуі арқылы белі іленеді. Күрделі жеңілдік бағаның бірнеше рет кемітілуі арқылы жүзеге асырылады. Сериялы жеңілдіктерді сатушылар бір түрлі заттардың үлкен тобын (сериялап) көтере сатып алушыға береді, тауарларды осылайша неғұрлым көп алса, сериялы жеңілдік те соғұрлым өсе түседі.[1] Көбінесе кәсіпорын, егер белгілі бір уақытта төлем қабылданса, онда есеп - фактуралық бағаны түсірген сомаға жеңілдік жасайды.
Ақшалай жеңілдік қолдану көлемін ұлғайту және клиенттің төлемді ертерек төлеуге ынталандыру үшін қолданылады, бұл күмәнді қарыздарды қысқарту үшін ыңғайлы.
№16 Күмәнді қарыздар бойынша шығындарды есептеу тәртібі, оларды бағалау әдістері
Күмәнді қарыздарды есептеу кезінде сәйкестену ережесіне сүйену керек, яғни шығындар сатулардың көлеміне сәйкес болуы керек. Тауарларды несиеге сату барысында компания қарыздың төленбейтіні туралы білмейді. Олардың төлену мүмкіншілігін жою үшін бір немесе бірнеше жыл керек, бірақ осынын нәтижесінде пайда болған шығындар пайда болған уақыт мезетіне сәйкес шығындалғанына көрсетіледі. Сондықтан күмәнді қарыздың шығыны бойынша есептеу периодына болжамданады және бұл шамамен алғандағы көрсеткіштер өтпелі қаржы жылындағы шығынды көрсетеді.
Кіріс жоғалтулары мен кіріс азаюы үмітсіз қарыздың шығынын есептеу арқылы табылады. Есептеу кезінде жабылмаған ДҚ-ның негізгі себебі болып есептеудегі шығындардың көрсеткішін анықтау саналады.
Жойылмаған ДҚ-ны есептеудің 2 тәсілі бар.
Тікелей жою тәсілі, осы тәсілге сәйкес үмітсіз талаптар 7440 шотына үмітсіз талаптарды анықтау моментінде жойылады.
Резервті тәсіл, осы тәсілге сәйкес қолданудың төленбеген есептерінің күтілетін сомасының бағасы жүргізіледі. Бұл саналған сома есептеуден шығын сияқты және алуға арналған шоттардың айнымалы азаюы сияқты көрсетіледі, бұл периодта қолданыс есептеледі. Резервті тәсіл, күмәнді қарыздарға байланысты шығындар күмәнді қарыздар бойынша резервті құру жолдарымен көрсетіледі. Ол жылдың аяғында ДҚ хаттауының көрсеткіштерінің негізінде құрылады, 1290 пассивті шотында көрсетіледі.
ДҚ ҚЕ күмәнді талаптар бойынша резервті есептеуде болады.
Күмәнді қарыздарды бағалаудың екі әдісі бар. Күмәнді талаптармен резервті құру кезінде кәсіпорын өз қарауы бойынша есептік саясатта екі әдісі бірін таңдауға және қарастыруға құқылы:
несиеге толық қолдануынан пайыз әдісі (кіріс пен шығыс туралы есеп)
төлеу мерзімі бойынша ДҚ есептеу әдісі (бухгалтерлік баланс).
№17 Шығарылған қаржылық құралдардың есебі
Қаржы құралы – бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген келісімшарт.
Қаржы құралдарына базистік құралдар сияқты (мысалы, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және акциялар) туынды қаржы құралдары (мысалы, қаржы опциондары, фьючерстік және форвардтық келісімдер, пайыз және валюта своптары) да жатады. Туынды қаржы құралдары қаржы құралының анықтамасына жауап береді, және тиісінше осы Стандарттың қолданылуы аясында болады.
Туынды қаржы құралдары нәтижесінде базистік қаржы құралындағы бір немесе бірнеше қаржы тәуекелдіктерін бір тараптан келісімшарт бойынша екінші тарапқа жіберу жүзеге асырылатын құқықтарды және міндеттемелерді туындатады. Келісімшарт жасасқан кезде туынды қаржы құралдары бір тарапқа қаржы активтерін екінші тараппен әлеуетті тиімді келісімшарттармен, немесе оған қаржы активтерін басқа тараппен әлеуетті тиімсіз келісімшарттарда келісімшарт міндеттемесін жүктейді, келісімшарт құқығын береді. Шынына келсек, жалпыға ортақ жағдайда келісімшарттың қолданылу мерзімінің басында негізгі қаржы құралын беруге әкеліп соқтырмайды, сонымен бірге келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде де мұндай беру міндетті түрде орын алмайды. Кейбір құралдардың айырбасты жүзеге асыру бойынша құқықпен қатар міндеттемесі де бар. Айырбас талаптары туынды құралдарды шығару кезінде анықталатындықтан, бұл талаптар қаржы нарықтарындағы бағаның өзгеруіне қарай не тиімді, не тиімсіз болуы мүмкін. Туынды қаржы құралдарының көптеген басқа түрлері болашақтағы айырбастау, оның ішінде пайыздық және валюталық своптар, кэп, коллар және пайыз мөлшерлемесіне флор тәрізді келісім-келісімшарттар, қарыздар бойынша міндеттемелер, еуроноттар мен аккредитивтерді шығару бағдарламасын жүргізуге құқықтары немесе міндеттемелері болады. Пайыздық своп келісімшарты оның талаптары бойынша тараптар біреуі өзгермелі, екіншісі белгіленген пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып есептелетін ақша сомаларын болашақта айырбастау сериясын жүргізуге келісетін форвардтық келісім-келісімшарттың түрлері ретінде қаралуы мүмкін. Фьючерстік келісім-келісімшарттар осы келісім-келісімшарттардың стандарттық нысаны болатыны және биржада айналатыны сияқты басты айырмашылықтарымен форвардтық келісім-келісімшарттың басқа түрлерін білдіреді.
№18 ХҚЕС 39 бойынша қаржылық құралдардың жіктелуі
Қаржы құралының эмитенті алғашқы тану кезінде мәміленің келісімшарт мазмұнына және қаржы міндеттемесінің, қаржы активінің және үлестік құралдың анықтамаларына сәйкес осы құралды немесе оны құраушы бөліктерін қаржы міндеттемесі, қаржы активі немесе үлестік құрал ретінде жіктеуі тиіс.
Үлестік құралдар мысалдарына мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялар, кейбір мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдар, ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіру міндеттемесін жүктейтін кейбір құралдар, бекітілген дивиденді бар акциялардың кейбір түрлері , және иесіне ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына эмиссиялық ұйымдағы мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың бекітілген санына жазылуға немесе оларды сатып алуға мүмкіндік беретін купондар немесе жазылған колл-опциондар жатады. Ұйымның өз акцияларының бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына шығаруға немесе сатып алуға міндеттемесі ұйымның үлестік құралы болып табылады. Алайда, егер осындай келісімшарт құрамына ұйымды ақша немесе басқа қаржылық актив төлеуге жүктейтін міндеттеме кіретін болса, сонымен бірге ол өтеудің сомасының дисконтталған құнына міндеттеме тудырады. Мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың эмитенті міндеттемені, ол үлестіруге ресми түрде мүмкіндік туғызатын болса және осылай жасауға акция иелері алдында заңды түрде міндетті болғанда, қабылдайды. Осындай жағдай дивиденд төлеу туралы хабарландырудан кейін немесе ұйым жұмысын аяқтағанда және міндеттемелерді орындағаннан кейін қалған кез келген активтер акция иелеріне үлестірілетін болғанда орын алу мүмкін.
№19 Қаржылық міндеттемелердің есебі
Қаржылық міндеттеме дегеніміз төмендегідей кез келген міндеттеме:
(а) келісімшарттық міндеттеме: ақша немесе басқа қаржылық активті басқа ұйымға беруге; немесе қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді басқа ұйыммен ұйым үшін потенциалды тиімсіз болатын келісімшарттар бойынша айырбастауға: немесе
(b) ұйымның өз акциялары арқылы төленетін немесе төленуі мүмкін келісімшарт және төмендегідей болып табылады:орнына ұйым өз акцияларының айнымалы санын беруге міндетті болып табылатын немесе міндетті болуы мүмкін туынды емес қаржылық құрал; немесе ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті ұйымның өз акцияларының бекітілген санына айырбастаудан басқа жолмен төленетін немесе төленуі мүмкін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін, егер ұйым өзінің туынды емес құнды қағаз құралдары бірдей сыныбының әрекет етуші иелеріне құқықтарды, опциондарды және өкілеттіктерді пропорционалды етіп ұсынса кез-келген ақша айналымының тұрақты мөлшеріне ұйымның өзінің құнды қағаз құралдарын сатып алуға арналған құқықтар, опциондар мен өкілеттіктер төлем құжаттары болып табылады.
Қаржы міндеттемесі ретінде жіктелген қаржы құралына немесе оның құрамдас бөлігіне жатқызылатын пайыздар, дивидендтер, шығындар және пайдалар есебіндегі табыстар және шығыстар сияқты көрсетілуі тиіс. Акцияларды ұстаушыларға кіріс төлеуді ұйым тікелей, табысқа салынатын салық бойынша кез келген тиісті жеңілдікті шегеріп тастағанда, капиталдың дебет шотына жатқызады. Ұйымды сатып алуға тікелей байланысты акциялардың өзін шығаруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, акциялары бар мәміле бойынша шығындар табысқа салынатын салық бойынша кез келген тиісті жеңілдіктерді есептемей капиталдан шегерім түрінде көрінуі тиіс.
№20 Қаржылық активтердің есебі
Қаржылық актив дегеніміз төмендегідей кез келген актив:
(а) ақшалай қаражатты;
(b) басқа ұйымның үлестік құралын;
(с) басқа ұйымнан ақшалай қаражатты немесе басқа да қаржы активтерін алу; немесе басқа ұйыммен қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін өзіңе тиімді жағдайда ауыстыру келісімшарт құқығы; немесе
(d) ұйымның өз қор құралдарымен жасалатын немесе жасалуы мүмкін келісімшарт және: ұйымның жеке акциялардың ауыспалы санын алу міндеттемесінің болуы немесе пайда болуы мүмкін туынды емес құрал; немесе ақша қаражатының бекітілген мөлшерін немесе басқа қаржылық активті ұйымның өз қор құралдарының бекітілген санына айырбастаудан басқа жолмен төленетін немесе төленуі мүмкін туынды қаржылық құрал. Осы мақсат үшін ұйымның өз қор құралдары 16А және 16В тармақтарына сәйкес қор құралдары деп жіктелген мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдарды, ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активтерінің пропорциялық үлестерді тарату міндетін тек жоюдан соң жүктейтін құралдарды қоспайды және 16С және 16 D тармақтарына сәйкес қор құралдары ретінде немесе ұйымның өз қор құралдарының болашақ түсімі немесе жеткізілуі үшін келісімшарттар болатын құралдар ретінде жіктеледі.
№ 19,20
Қаржы активі және қаржы міндеттемесі бір-біріне қарсы есепке алынуы тиіс, ал нетто сома қаржылық жағдай туралы есепте тек қана мынадай жағдайларда ұсынылуы тиіс:
(а) ұйым ағымдағы уақытта танылған сомаларды есептеуге заңды құқығына ие болған жағдайда; және
(b) ұйымның не қарсы талаптарды есептеу жолымен есеп айырысу жасау, не бір уақытта активті өткізіп және міндеттемені орындау ниеті болған жағдайда.
Тануды тоқтату талаптарына түспейтін қаржы міндеттемесі беруді есептеу кезінде ұйымның жіберілген активтің және қатар жүретін міндеттеменің өзара есептелуін шығаруға құқығы жоқ (9 ҚЕХС-ынатың (IFRS) (3.2.22-тармағын қараңыз)).
Ұйым қаржы активін және қаржы міндеттемесін есептеу үшін қаржылық жағдай туралы есебінде танылған сомаларды өзара есептеу үшін заңды түрдегі құқығына ие болуы керек. Ұйым танылған сомаларды өзара есепке алуға уақытша құқыққа ие бола алады, мысалы, өзара есепке алу немесе регрессіз берешектің қандай да бір нысаны туралы бас келісім аясында, алайда осындай құқықтардың болашақта болатын қандай да бір жағдай басталғанда, әдетте, контрагент өзінің міндеттемесін орындамаған жағдайда заңды күшіне ие болады. Тиісінше, осындай схема өзара есепке алу талаптарына сәйкес келмейді.
Осы стандарт басқа құралдардың сипаттамасын жасау үшін сатып алынған жекелеген қаржы құралдарының топтары болып табылатын «синтетикалық құралдар» деп аталатындарға арналған арнайы әдісті көздемейді. Мысалы, өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар пайыздық своппен біріктірілген, өзгермелі пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген төлемдерді алуды болжайтын және белгіленген пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген төлемдерді орындауды болжайтын ұзақ мерзімді борыштық міндеттемелер белгіленген мөлшерлемесі бар ұзақ мерзімді борыштық міндеттемені синтездейді. «Синтетикалық құралдар» құрамындағы әрбір жеке алынған қаржы құралы өзінің жеке талаптарымен келісімшарттық құқықты немесе міндеттемені білдіреді, бұл ретте әрқайсысы жеке берілуі немесе өтелуі мүмкін. Әрбір қаржы құралы басқа қаржы құралдары ұшыраған тәуекелдіктерден айырмашылығы болуы мүмкін тәуекелдіктерге ұшырауы мүмкін. Тиісінше, «синтетикалық құралдар» құрамындағы бір қаржы құралы актив, ал екіншісі міндеттеме болып табылғанда, олар бір-біріне қарсы есептеледі және 42-тармақта айқындалған өзара есептеу талаптарына сай келген жағдайды қоспағанда, нетто-негізде ұйым қаржылық жағдай туралы есебінде ұсынылмайды.
№21 Қаржылық құралдарды бағалау әдістері
Ұйым қаржы активтерін амортизацияланған құнмен немесе әділ құнмен кейін бағаланған түрде келесілердің екеуінің негізінде сыныпталуы тиіс:
(a) қаржы активтерін басқару үшін ұйымның бизнес моделі; және
(b) қаржы активінің келісімшарт ақша айналым ерекшеліктері.
Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағалануы тиіс, егер келесі екі шарт орындалатын болса:
(a) активті бизнес-моделі шеңберінде иеленеді, егер мақсаты шартты ақша айналымдарын жинақтау үшін активтерді иелену болып табылатын болса.
(b) қаржы активінің шарт талаптары қарыздың төленбеген негізгі сомасына пайыз және басты сомасының жалғыз төлемдері болып табылатын ақша айналымдарына бекітілген мерзіміне бастама береді.
Бастапқы тануда, ұйым қаржы активін немесе қаржы жауапкершілігін әділ құнмен бағалайды сонымен қатар, егер қаржы активтері пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланбаса, келісім шығындары қаржы активінің сатылып алынуына тура қатысты болады, аударым шығындары тікелей сатып алу немесе қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін жариялаумен байланысты болады.
Ұйым амортизацияланған құн бойынша бағалану нәтижесіндегі активтің есп беру күніндегі есептілікті қолданса, онда мұндай актив бірден келісім жасасқан күндегі әділ құн бойынша танылады
Әділ құнды анықтаудың ең жақсы жолы белсенді нарықтағы белгіленген бағалар арқылы болып табылады. Қаржы құралының салынған нарығы белсенді болмаса, ұйым әділ құнды бағалау әдісін қолдану арқылы анықтайды. Бағалау әдісін қоланудың мақсаты – тәуелсіз тараптардың ортасындағы ынталандырылған кәдуілгі кәсіби мақсатқа бағытталған бағалау күніндегі операцияның бағасы қандай болмасын нақты құнын анықтау. Бағалау тәсілдері бір-біріне тәуелсіз, бірін бірі жақсы білетін, осындай операциялар жасауға ынталы тәуелсіз екі жақ арасында жуық уақыт ішінде жасалған оперциялар туралы ақпаратты қодану арқылы, дәл осыған ұқсас құралдың ағымдағы әділ құнын салыстыру арқылы, дисконтталған ақша қозғалысы мен опцион бағасын анықтау моделін анализдеуден тұрады. Егер нарыққа қатысушылар арасында құрал құнын анықтауға арналған бағалау әдісі бар болатын болса және ол әдіс нақты нарықтық операциялар негізінде құнды бағалау есептеулерінде сенімділікті қамтамасыз ететін, кеңінен қолданылатын болса, онда ұйым сол әдісті қолданады. Таңдалынып алынған әдісте мүмкіндігінше ұйымға тән мәліметтерге емес, максималды түрде нарықтағы мәліметтерге сүйену тиіс. Бағалау әдісі құнды анықтауда нарыққа қатысушылардың ескеруі тиіс барлық факторларды және қаржы құралдарының құнжасамының жалпы қабылданған экономикалық әдіснамасына сай келуін қамтиды. Ұйым кезең аралық бағалау әдісінің дұрыстығын тексеріп шығады және оның туралығын дәл осындай құралды пайдалана отырып, бақыланып отырған ағымдағы нарықтық операциялар құны жөніндегі ақпаратты пайдалану (яғни, модификациялаусыз және қайта ұйымдастырусыз) немесе қолда бар бақылаудағы нарықтық мәліметтерге сүйену арқылы тексереді . Өтеу ерекшеліктеріне байланысты қаржылық жауапкершіліктің әділ құны (мысалы, қажет мезгілде алу салымы) өтелу талабы негізінде төленуге тиісті сомадан, яғни алғашқы күннен дисконтталған өтелуі талап етілуі мүмкін сомадан төмен болмайды.
№22 ҚХЕС 40 инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алу
Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:
(а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе
әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік бастапқыда нақты шығындары бойынша бағалау керек. Бастапқы бағалауға операциялар бойынша шығындарды енгізу керек.
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға шығатын нақты шығындардың құрамына сатып алу бағасы мен кез келген тікелей шығындар кіреді. Тікелей шығындар, мысалы, білікті заң қызметін көрсету құнын, меншік құқығын беруге салынатын салықтарды және операция бойынша өзге де шығындарды қамтиды.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнына мыналар кірмейді:
бастапқы шығындар (жылжымайтын мүлікті ұйым басшылығы жоспарлап отырғандай қызмет жасай алуы үшін қажетті болатын күйге оны келтіруге қажетті жағдайларды қоспағанда);
Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі толығудың жоспарланған деңгейіне жеткенге дейін туындайтын операциялық залалдар;
жылжымайтын мүліктің құрылысын салған немесе қайта құрған кезде туындайтын шикізат, еңбек немесе өзге ресурстардың нормативтен тыс ысыраптары.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, нақты шығындар төлем мерзімі ұзартылмай төленген бағасы ретінде анықталады. Бұл сома мен төлемнің жалпы сомасының арасындағы айырма ұзарту мерзімі ішінде пайыздар төлеуге жұмсалған шығындар ретінде танылады.
№23 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің кейінгі есебі ХҚЕС 40
Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:
(а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе
