
- •Бхф құрылымы жəне қызметтері
- •330 Хас бойынша Аудиторлық шараларды өңдеу барысында аудитор мынандай мəселелерді қарастырады:
- •1 Сбхс-ы және кем дегенде қатаң болып келетін ұлттық талаптарға сəйкес сапаны бақылауға шолу мен тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету;
- •Мақсаты
- •1.Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негіздерінен
- •210 Хас бойынша келісімге қол жеткен шараларды аудит бойынша келісім хат түрінде құжаттап немесе келісімнің басқа түрінде көрсету керек:
- •Негізгі құралдардың қозғалысына арнаулы аудит
- •200 Хас бойынша қаржылық есептілік аудитін орындау кезінде, аудитордың жалпы мақсаттары мынадай:
- •Аудиттың пайда болуы және дамуы.
- •Қазақстанда аудиттің қалыптасуы
- •Аудит стандарттары
- •Басшылықгың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі
- •Бақылау мақсаттары мен аудиттің жалпы мақсаттарының өзара байланысы
- •1. Дәлелдемелер және олардың сипаты
- •Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері
- •300 "Жоспарлау" деп аталатын хас-ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.
200 Хас бойынша қаржылық есептілік аудитін орындау кезінде, аудитордың жалпы мақсаттары мынадай:
(a) Яғни қаржылық есептілік елеулі бұрмаланулардан бос болды ма, алаяқтық немесе қате болды ма, ақпараттың дұрысытығын растауды алу. Қолданылатын қаржылық есептілік жүйесіне сәйкес қаржылық есептілік дайындалды ма, сол бойынша аудторға пікірін құруға көмектеседі; және
(b) Қаржылық есептілік бойынша есеп беру, және аудиторлық дәлелдермен сәйкес АХС стандарттары талап ететіндей хабардар ету.
Қолданылатын қаржылық есептілік жүйесі – Субъекттің сипатына және қаржылық есептілік мақсатына қарай немесе заңнамамен немесе реттеушы актлермен талап етілетін болса қаржылық есептілікті дайындау кезінде басшылықпен және керек болғанда өкілеттік берілген адамдармен алынған қаржылық есептілік жүйесі.
Қаржылық есептілік төмендегі мақсаттарға жетуге арналған қаржылық есептілік жүйесімен сәйкес дайындалуы тиіс:
Жалпы сипаттағы ақпарат («жалпы сипаттағы қаржылық есептілік») қолданушылардың үлкен санын талап етеді; немесе
Қаржылық есептілік арнайы қолданушыларды талап етеді («арнайы мақсатты қаржылық есептілік»).
Байсалды сенімділік (Reasonable assurance) – қаржылық есептілік аудиті мәнмәтініндегі cапа бақылауы мəнмəтініндегі дұрыс сенімділік) – Жоғары, бірақ абсолютті емес сенімділік деңгейі.
№32. Аудиттің тарихы...
Аудиттың пайда болуы және дамуы.
Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге әкелді және соның нәтижесінде шешімдерді қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің акционер мен директор бір адам болып табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын субъектілерінен басқасының құқығын қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене алмайды. Жиі болатын банкроттық әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру және қаржылық есептемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған шаруашылық операцияларын есепке алу, барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын бухгалтерлік (қаржылық) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру заңмен жүктелген салықгық органдар оны қажет жағдайда өз құзіреті шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттелігі пайда болады.
Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда бола бастады.
Барлық елдер кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:
- салық заңын қамтитын заң;
- бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттары, кәсіби органдар білдіретін пікірлер мен түсіңдірмелер;
- қор биржасының талаптары.
Жалпы құқықгық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия сияқты елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы (АКДІ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.
Көптеген еддерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірнеше кәсіби ұйымдар бар. Мысалы, Ұлыбританияда осындай алты ұйым бар.
Көптеген елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:
(а) сәйкес кәсіби органға мүше болу;
(ә) практикалық және теориялық емтихаидарды не кәсіби органдар не сәйкес үкіметгік департамент орнататын сәйкес академиялық және кәсіби біліктілік. Экономика облысы немесе сәйкес пән бойынша университет дәрежесі жиі талап етіледі;
(б) бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың жеткілікті тәжірибиесі;
(в) "қажетті және сәйкес" мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай да бір күрделі қылмысқа, әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты қылмыстарға қатысты болмауы керек.