Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудит шп салта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
92.47 Кб
Скачать

Ааааааааа

  1. . Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы. Аудиторлық тәуекел – аудит аяқталып, аудиторлық оң пікір айтылып қойғаннан кейін қаржылық есептілікте маңызды қателіктер болуы мүмкін мойындауға даярлық шараларын білдіретін аудитордың кәсіпкерлік тәуекелі. Басқа сөзбен айтқанда, аудиторлық тәуекел – аудит өз мойнына алуға даяр субъективті белгіленген тәуекел деңгейі. Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің аз деңгейін бнлгілесе, бұл оның қаржылық есептілікте маңызды қателер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылысын білдіреді.

Аудитор клиентті зерттеп, тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлардың әрқайсысының мәнін бағалауы керек. Аудит аяқталғаннан кейін де қаржылық есептілікте маңызды қателер болуы мүмкіндігін жоққа шығармай, аудитор зерттеу және факторларды бағалау негізінде субъективті түрде тәуекел деңгейін белгілейді. Тексеріс барысында аулитор клиент жайлы қосымша ақпараттар алып, өзінің аудиторлық тәуекел деңгейі туралы бағасын өзгертуі мүмкін.

Аудиторлық тәуекел аудиторлық ұйымдар бизнесіндегі тәуекел болып есептеледі, сондықтан оның шамасы оның аудиторлық қызмет көрсету нарығындағы жағдайын көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін аудиторлық тәуекел деңгейін төмендету керек.

Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті жүргізу практикасы аудитордың процедураны “қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындыққа сәйкес келмейді” деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындалуын талап етеді.

Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің кіші деңгейін анықтаса, бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдік тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолюттік сенімсіздік абсолютті сенімділікті білдірер еді. Тәуекелдік дәрежесі нольмен бірлік (0-ден 100 %-ға дейін) арасындағы диапазонда ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

400 “Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау” ХАС-ында тәуекелдікке анықтама берілген. “аудиторлық тәуекелдік – қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді”. Аудиторлық тәуекелдік үш компоненті бар: бөлінбейтін тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, айқындамау тәуекелділігі.

Бөлінбейтін тәуекел рұқсат етілетін шамадан асатын, ішкі бақылаудың жағдайы мен тиімділігін тексергенге дейінгі қателер болу ықтималдығын білдіреді. Бөлінбейтін тәуекелді бақылау кезінде аудитордың шешіміне көптеген факторлар өз әсерін тигізеді. Мысалы, қаржылық есептілік деңгейінде оған жататындар:

  • субъект басшылығының адалдығы;

  • субъект басшылығының тәжірибесі мен білімі;

  • субъект басшылығына ерекше қысым жасау;

  • субъект бизнесінің сипаты;

  • субъект өз қызметін жүзеге асыратын салаға әсер етуші факторлар.

«Қаржылық есептілік аудитін реттейтін мақсат пен жалпы принциптер» 200 ХАС-ында «бақылау тәуекелі – бекіту кезінде пайда болуы мүмкін және не жеке-жеке немесе басқа бұрмалаулармен жиынтықта маңызды болатын бұрмалаулардың дер кезінде алдын алмау немесе субъектінің ішкі бақылауымен табылып, түзетілмеу тәуекелі» делінген. Бұл тәуекел қаржылық есмептілік даярлауға байланысты субъекті мақсатының жетістіктеріне ішкі бақылау жасау мен қызмет етуінің тиімділігіне тәуелді. Кейбір бақыла тәуекелдері ішкі бақылауға тән шектеулер себебінен әрқашан болып тұрады.

Бақылау тәуекелі пайызбен өлшенеді, ал сенімділік көрсеткіші тәуекел мәнін 100%-дан шегеру арқылы табылады, егер тәуекел бірлік үлесімен өлшенетін болса, 0,35 (35%) бақылау тәуекеліне 0,65 (65%)-ға тең бақылау сенімділігінің құралы сәйкес келеді, яғни бақылау құралының жоғары сенімділігіне төмен тәуекел, орташа сенімділігіне – орташа тәуекел, төмен сенімділігіне – жоғары тәуекел сай келеді.

Бақылау тәуекелі дегеніміз – аудитор клиенттік бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылауы жүйесінің тиімділігіне басшылық ішкі бақылаудың барабар жүйесіне қолдау көрсету қатынасын бағалау қабілеттілігі көзқарасы тұрғысынан баға беруі. Егер әкімшілік бұл мәселеге тиісінше мән бермесе, бақылау тәуекелінің үлкен шамасы белгіленеді. Ал әкімшілік бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің маңызын түсінетін болса, аудитор тәуекел көлемін азайтады. Бұл жүйелер тиімділігі жоғары болған сайын, бақылау тәуекелінің деңгейі төмен болады.

Таба алмау (айқындамау) тәуекелі – бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан-жақты тексеру кезіде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір-бірін толықтырғандықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдеме қажеттілігінің пропорционалды азайтады. Аудитор “мән немесе талдамалық рәсімдер бойынша ешқандай жан-жақты тексерулер жүргізбейді” деп болжайық. Егер қаржылық есептерде қате болса, оның байқалмай қалуы анық. Сонымен бірге мән бойынша жан-жақты тестер орындалып, талдамалы рәсімдер жүргізілсе, онда талдамалық рәсімдердің елеулі жиынтық қателерді байқамауы 40%тәуекелге, оларды жан-жақты тестер табуы 20%тәуекелге, ешбір рәсімнің байқамай қалуы олардың туындысына тең болады. Қаржылық есептерде дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтерді аудитиор байқамай қалуы үшін, мән бойынша жан-жақты тексерулер, не талдамалық рәсімдер олар таппауы керек.

Бәсеке, құқықтық міндеттемелер, басқа шаралар мен кәсіпқойлық бірдей жағдайларда аудиторлық тәуекелдікті бағалау айырмашылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ түрлі аудиторлар тең жағдайларда аудиторлық тәуекелдіктің абсолютті бірдей деңгейін орната алмайтындығын мойындау керек. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдеулердің жоспарланғансаны арасында кері тәуекелдік бар.