Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
09_2_ДКБ_КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
297.98 Кб
Скачать

Бірінші бағыт: Жаңа жобаларды қолдау Субсидиялау

Кәсіпкерлерден, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін не деп сұрасаңыз, көп жағдайда олар: «Банктік ставкалар тым жоғары» деп жауап береді. Десек те, мемлекет банктерден сыйақы ставкаларын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді, сондықтан өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Атап айтқанда, банктік ставка, яғни, банктік мөлшерлеме – инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің кредиттеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткішінен тұрады. Бірақ мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және де қазіргі күні әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда субсидиялар қазір ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін бөлініп отыр. Енді кредит құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.

Субсидия дегеніміз не?

Айталық, сіз, жылына 14%-дық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7%-ын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7%-ын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы.

Субсидияны қандай кредиттер бойынша алуға болады?

Субсидияны өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жаңа және қолданыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа банктік кредиттер бойынша алуға болады. Сонымен қатар бірінші бағыт бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілген банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін, алайда жобаның кемінде 30 % сомасын субсидиялауға рұқсат етіледі.

Жаңа кредиттер қатарына 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кредиттер де жатқызылады.

Субсидияны қандай кредиттер бойынша ала алмайсыз?

Субсидия төмендегі кредиттер бойынша берілмейді:

  • мемлекеттік даму институттары тікелей кредитор болып отырған, құнына қосымша салық (акциз) қосылатын тауарлар шығаруға берілген кредиттер бойынша;

  • сiздiң кәсiпорныңыз минералдық шикiзатты қайта өңдеуден өткiзетiн металлургиялық өндiрiс қатарына жатса және ҚР Үкiметiнiң 2008 жылдың 31 желтоқсанында қабылдаған №1344 қаулысына сәйкес iрi салық төлеушiлер тiзiмiнде болса несие бойынша кепiлдiк ала алмайсыз.

  • ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қаржы ұйымдары тарапынан субсидиялау берілген болса;

  • тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарына жатқызылатын кәсіпкерлерге.

Субсидия қандай мерзімге беріледі?

Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі аралықты қамтиды және де әрі қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі ескерілген.

Кредит сомасы қандай болу керек?

Егер сіз бір жоба аясында 3 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде кредит алатын болсаңыз, онда кредиттің барлық сомасының пайыздық ставкасы бойынша субсидия ала аласыз.

Егер кредит бұдан көп болса, онда дәл осындай жолмен 3 млрд теңгеге дейінгі кредит сомасының ставкасы бойынша субсидия ала аласыз. Ал, кредиттің қалған бөлігі бойынша төленетін сыйақы мөлшері түгелдей өз мойныңызда.

Мәселен, сіз жылына 14%-дық ставкамен 5 млрд теңге көлемінде кредит алдыңыз дейік. Егер мемлекет сіздің жобаңыздың ставкасын субсидиялауды мақұлдап берсе, онда:

  • кредиттің 3 млрд теңгесі үшін сіз жылына 7% төлейсіз (7% көлеміндегі мемлекеттік субсидиялауды ескере отырып)

  • ал, 2 млрд теңге үшін – жылына 14% төлейсіз.

Бұл арада кредит сомасы кәсiпкермен бiрiккен тұлғаның/компанияның кредиті бойынша қордаланған қарызды тiркеуге алмай есептелінедi.

Мемлекет пайызды төлеу шығынының қай бөлігін өзіне жүктеп отыр?

Бірінші бағдарлама аясында жылдығы кемінде 14% номиналды мөлшерлемесі бар кредиттерге (теңгемен берілген кредит болса) субсидия бөлінеді және жылдығы 12% (валютамен берілген кредит болса), оның кемінде 7%-ын (теңгемен және валютамен берілген кредит болса) Кәсіпкер төлейді, 7% (теңгемен берілген кредит болса) және 5%-ын (валютамен берілген кредит болса) мемлекет төлейді.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген жылдық ставкасы 14%-дан жоғары болып табылатын қолданыстағы кредиттер бойынша да субсидия алуға болады, егер сіз банкпен номиналды сыйақы ставкасын жылына 14%-ға дейін төмендету жөнінде келісе алсаңыз.

Субсидиялау барысындағы банктің комиссиялық сыйақысы қандай болу керек?

Банк кредитке қатысты төменде көрсетілген комиссиялардан өзге ешқандай да алым, не комиссиялық сыйақы талап ете алмайды, яғни:

  • кәсіпкердің ұсынысымен кредиттеу талаптарын өзгертуге қатысты алымдарды ескермегенде;

  • кәсіпкер тарапынан кредит бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда төленетін комиссияларды ескермегенде.

Жобаға өз қаражатымен қатысу керек пе, олай болса өз қаражатының мөлшері қандай болу керек?

Иә, сіз бұл жобаға:

  • жобаның жалпы құнынан 15%-дан кем болмайтын сомадағы өз қаражатыңызбен;

  • не құны жобаның жалпы құнының 25%-нан кем болмайтын сомадағы мүлкіңізбен қатысуыңыз керек.

Жобаға қатысу үшін міндетті талаптар қандай?

Жобаға қатысу үшін екі міндетті талап бар, яғни:

  • жобаға қатысу барысында салық тұрғысынан қарыз болмау керек, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударылымдар бойынша қарыз болмау керек;

Кәсіпкер қай мезгілде кредит бойынша субсидияға қол жеткізе алады?

ЖКС кредит бойынша субсидияға қол жеткізу өтінімінің орташа мерзімі (жобаны АҮЖ қарауына шығаратын күннен бастап, Субсидиялау шартына қол қойылғанға дейін) 32 жұмыс күні. Банктердің ЖКС кредит алу өтінімін қарастыруы және құптауы бұл мерзім ішіне кірмейді.

Субсидияны қалай алуға болады?

  1. Ең алдымен, банкке жаңа кредит беру жөнінде өтініш түсіру керек, егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан кредит бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда кредит бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету жөніндегі өтінішіңізді қоса беруіңіз керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www.damu.kz

  2. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне өтініш етеді және келесі құжаттарды ұсынады:

Кұжаттар Тізімі

1.

Кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден өткені жөніндегі куәлігі (мөр басылып/кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі);

2.

Лицензия – егер қызмет түрі лицензия алуы тиіс болса (мөр басылып/кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі);

3.

Жарғы, құрылтай шарты (егер құрылтайшы біреу болса, онда құрылтай шарты қажет емес). Акционерлiк қоғам акциялар эмиссиясының нобайы мен акционерлер реестрінен үзінді беруі керек (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы куәландырылған көшiрмесi);

4.

Бюджетке төленуi тиiс мiндеттi төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы немесе көлемi туралы (өтiнiш қабылданардан 30 күннен кеш болмауы тиіс) салық органынан алынған анықтама қағазы;

5.

Кәсiпкердiң қаржылық декларациясының көшiрмесi оның соңғы қаржылық жылын қамтитын қаржылық есебiнiң көшiрмесiмен бiрге немесе/және Web сайттарда жарияланған кәсiпкердiң қаржылық ахуалы туралы сараптама жасауға мүмкiндiк беретiн, кәсiпкердiң дебиторлық және кредиторлық қарызы (борыштың көлемi, қордаланған мерзiмi және тауарлар мен қызмет түрi) ашық көрсетiлген ақпарат;

6.

Кәсiпкердiң жобаны жүзеге асыру талаптары мен болжамдық мерзiмi қамтылған бизнес-жоспары.

  1. Әкімдік қажет құжаттар мен мәліметтерді толық жинап алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде сіздің жобаңызды Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі (не мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды.

Кәсіпкер

Банк

1

2 6 6

Әкімдік

Экономикалық даму және сауда министрлігі

4

5

3

Қор

Аймақтық кеңес (АҮК)

6

4. Сіздің жобаңызды АҮК мақұлдап жатса, әкімдік Кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (Министрлік) жібереді.

5. Кеңес шешімімен танысқан Министрлік не сіздің жобаңызды бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады.

6. Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған әкімдік сізді шығарылған шешіммен таныс етеді.

  1. Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде Министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты келісім жасалады, яғни, сіз, «Даму» Қоры және банк үшеуіңіздің араңызда.

Үш жақты келісім

Кәсіпкер



Банк

Қор

  1. Әрі қарай сіз субсидияланбайтын пайыздық ставка бойынша банктің сыйақысын өтеуді банкпен арада жасасқан келісім-шартқа сай жүргізе бересіз.

  2. Егер сіз қандай да бір себептермен кредит бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады, ал әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін.

Кредит бойынша субсидия төлеу қандай жағдайда тоқтатылады?

Субсидиялау төмендегідей жағдайларда тоқтатылуы мүмкін, егер:

  • субсидияланатын кредит мақсатсыз жұмсалып жатса;

  • кәсіпкер үш ай қатарынан банк алдындағы міндетті өтемдерін төлей алмаса;

  • кредит мерзімінен бұрын толық өтеліп жатса;

  • АҮК «Даму» Қорының және/не әкімдіктің өтінішімен (ескертуімен)тиісті шешім шығарып Министрліктің келісімін алып жатса.

Субсидия төлеу жөнінде Аймақтық үйлестіруші кеңес шешім шығарғанға дейін субсидия төлеуді «Даму» Қоры тоқтата алады.