Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Ішкі факторлар

Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда

Сыртқы факторлар

Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда

SWOT-талдау не үшін қажет?

Кәсіпкерлердің өмірінен

Артықшылықтар

Кемшіліктер

Екеуі де ауылда өскен және мал шаруашылығын жақсы біледі

Ет пен сүтті тани біледі

Әлия мамандығы бойынша қаржыгер, бухгалтерияны жақсы біледі

Арман ауылшаруашылық институтын тәмамдаған және істің технологиялық жағын қалай ұйымдастыру керектігін біледі

Екеуі де жігерлі және дендері сау

Қиындықтардан қорықпайды

Өз ауданындағы фермерлерді біледі

Жеткілікті бастапқы капиталы жоқ

Өз ісін жүргізуде тәжірибесі жоқ

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

Ет өнімдерін Алматыдан келіп отыратын көтерме бағамен сатып алушыларға тұрақты негізде өткізіп отыру

Сүтті жақын жердегі «ААА»-ға ірі көтерме саудамен өткізіп отыру

Бәсекелестер санының артуы

Форс-мажорлық жағдайлар (құрғақшылық, күннің сууы, малдың ауруы)

Сөйтіп, анықталғандай, мүмкіндіктер мен артықшылықтар қауіп-қатерлер мен кемшіліктерден басым болып шықты. Біржақты «ИЯ». Бизнес болсын!

  • Практикалық тапсырма. Сізге (келешек кәсіпкер ретінде) өз-өзіңізге Сіздің артықшылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізді, сыртқы қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді ескере отырып SWOT-талдау жүргізуді ұсынамыз.

Менің артықшылығым

1.

2.

3.

Менің кемшіліктерім

1.

2.

3.

Сыртқы қауіп-қатерлер

1.

2.

3.

Мүмкіндіктер

1.

2.

3.

Маркетинг неден басталады?

Егер қысқаша жазатын болсақ, онда: қажетсінудің пайда болуынан басталады! Көп адамдар жарнаманы сауданы ілгері жылжытқыш деп санайды. Маркетингте, керісінше, қажетсінудің пайда болуы мен оны қанағаттандыруға ерекше көңіл бөлінеді: жарнама тек қана қосымша және әрдайым міндетті сипатқа ие бола бермейтін құрал болып табылады. Шындығына келгенде, егер тауар ешкімге қажет болмаса және қажетсінулерді қанағаттандырмаса, онда ешқандай жарнама көмектеспейді.

Маркетингтің мәнін бір ғана сөйлеммен көрсетуге болады: адамдарға қажет затты өндіріңіз!!! Әрине практика үшін бұл аз! Зерттеулер жүргізіп және маркетингінің келесідегідей негізгі сауалдарына жауап беру керек:

  • Дәл Сіздің тұтынушыңызға (тағы) не керек?

  • Қандай бағамен сату керек?

  • Өндірілген өнімді қайда (қандай дүкенде) сату керек?

  • Өндірілген өнімді қалай сату керек? потенциалды тұтынушыға өз өніміңіз жайлы қалай хабарлау керек? потенциалды тұтынушыға өз өніміңіз жайлы қандай жолмен хабарлау керек?

Осы сауалдарға жауап беріңіз, оларды міндетті түрде жазып қойыңыз және өз жауаптырыңыздың сіздің потенциалды клиенттеріңіздің іс-жүзіндегі қажетсінулеріне сәйкестігін тексеріп шығыңыз.

Бұл істе Сізге көмектесетін…

«Маркетингтің 7Р ережесі»

  • Product (Өнім). Сіз не сататын боласыз.

  • Place (Орналасу орны). Сіз қай жерде сатасыз.

  • Price (Бағасы). Сіз қандай бағамен сататын боласыз.

  • Promotion (Ілгері жылжыту). Сіз қалай сататын боласыз.

  • Participants (Қатысушылар). Сіздің бизнесіңізді жүргізуге кім (қандай адамдар) қатысады.

  • Physical evidence (Физикалық куәландырулар). Өнімнің сапалы түрде жасалып немесе қызметтің сапалы түрде көрсетілгенін тұтынушыға не дәлелдейді?

  • Process (Процестер). Сіздің бизнесіңізде өнімді өндіру мен сату немесе қызметті ұсыну процесі қалай құрылған.

Product

Тауардың түрі

Безендіру мен дизайн

Тауардың орамасы

Тауардың салмағы, қызметтердің көлемі

Тауардың сапасы/қызметтер

Тауардың түсі

Тауардың көлемі

Сервис, қызмет көрсету

Place

Алаңдарды қажетсіну

Бизнестің орналасқан жері

Орналасқан жеріне негіздеме беру

Бизнестің орналасқан жерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Негізгі тұтынушының орналасқан жері

Бизнес бойынша серіктестердің орналасқан жері

Бәсекелестерінің орналасқан жері

Price

Тауардың/қызметтің бағасы (шығындар мен салықтардың есебімен)

Бағаға негіздеме беру

Тұтынушының осы бағаға әзірлігі

Бәсекелестердің ұқсас тауарларға/қызметтерге қойған бағасы

Жеңілдіктер

Promotion

Сіздің тауарыңызды/қызметіңізді ілгері жылжыту әдістері

БАҚ-тағы жарнама

Сыртқы жарнама

Жарнамалық жөнелтілімдер

Кездесулер және тауарды/қызметтерді таныстыру

Тұтынушыны өзге әдістермен тарту

Participants

Компанияның қызметкерлері

Бөгде ұйымдардың қызметкерлері

Жеке тұлғалар

Сатып алушылар

Тұтынушылар

Шешім қабылдауға әсер ететін тұлғалар

Physical evidence

Негізгі құндылық (жарықтандыру, температура)

Қосымша құндылық (дизайн, комфорт, жайлылық, эстетика, қоршаған орта жағдайлары, қызметкерлердің сыртқы түрі)

Жабдықтар мен материалдар (материалдық ресурстар, программалық құралдар)

Ілеспе сыйлықтар (қаптар, қойын кітапшалар және т.б.)

Ақпараттық материалдар, орап-қаптау пакеттері

Естелік кеуде белгілер, жалаушалар, мақтау қағаздары, медальдар

Өзге түрдегі куәландырулар (сапа стандартына сәйкестігі, сайт)

Process

Қызметті ұсыну процестерін стандарттау

Қызмет көрсету стандарттары

Қызметтерді жаңарту

Негізгі және қосымша қызметтердің ассортиментін көбейту