
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Нарықты талдау
Нарық және маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып табылады. Сізге өз-өзіңізді және ықтимал инвесторларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне және өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет. Ол үшін сіз үшін басты болып табылатын нарықтың сегментін анықтау қажет. Әдетте, жаңа бизнестер нарықтың тек бір ғана өте тар сегментінде бәсекелесе алады. Мұндай сегментті таңдау бәсекелес күрестің шиеленісуіне де байланысты болуы мүмкін, ол өнімнің бір түрі үшін қалыпты, өзге бір түрі үшін күштірек болуы мүмкін.
Нарықтың бәсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі.
Кез келген бизнес және, атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес ерте ме кеш пе бәсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей бәсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, әр бәсекелестің нарықтағы потенциалды үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау және өзге көрсеткіштер жағынан бәсекелесе алатынын көрсету қажет.
Маркетинг жоспары
Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша сатылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні және жарнаманы қалай жасауға болатыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді және баға саясаты, сауда саясаты, жарнама және т.б. салаларды қозғайды.
Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың немесе қызметтердің) бәсекелесуші баламаларымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда саясаты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау және нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, ықтимал сатып алушылардың қызығушылық танытуы, өнімді өткізудің болжамы тәрізді мәселелер қаралған.
Өндірістік жоспар
Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда панажайлармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты болып келетін мәселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипаттама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операцияларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсыру көзделіп отырған болса, солар жайлы мәлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекенжайы, соның таңдалу себептері, бағалары және жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың, шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай-ақ келешекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мәселелер көрінісін табуы тиіс.
Қоршаған ортаның аспектілері, әлеуметтік аспектілер
Бизнес-жоспардың бұл бөлігінде өнім өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсері талданады. Нақты жағымды және жағымсыз жақтары, сондай-ақ мемлекеттің осындай өндіріспен байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптары бағаланады.
Өндірістің әлеуметтік аспектілеріне де баға беру қажет. Олар жоспар өздеріне арнап жасалып отырған негізгі топтардың бірі ретінде мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар болып отырған болса, ерекше маңызды болып табылады.
Ұйымдастыру жоспары
Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кәсіпкер бола ма, жеке кәсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет.
Келешек бизнестің құрылымдық ұйымдастырылуы (құрылымы) көрсетіледі. Қызметкерлердің саны туралы және штаттың кеңейтілуі туралы, мамандарды оқыту мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді тарту туралы мәліметтер беріледі.
Бұдан әрі кәсіпорынға жетекшілік ету мен басқару мәселелері қаралады. Басқарушы топтың қандай ұстаным бойынша құрылғаны түсіндіріледі, және оның әрбір мүшесінің рөлі суреттеледі. Басқарушы топтың барлық мүшелерінің өмірбаяны бойынша қысқаша мәліметтер келтіріледі. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігіне талдау жүргізіледі.
Қаржылық жоспар
Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда, капиталдың айналымы, өзіндік құн және т.б. жатады. Қаржылық жоспар 3-5 жылға арнап жасалады және оған келесілер кіреді: табыс пен шығынның болжамы, ақшалай түсімдер мен төлемдердің болжамы, алғашқы жылға арналған баланстың болжамы. Қаржылық жоспарды жасау кезінде нақты ақша ағымының (қолма-қол ақша ағымының) жағдайына, кәсіпорынның тұрақтылығына, қаражат көздері мен қаражаттың пайдаланылуына талдау жасалады. Залалсыздық нүктесі белгіленеді.
Тәуекелдерге баға беру
Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.
Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.