
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Келісімшарт
ҚР Азаматтық кодексі 378-бап. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі келісімшарт деп танылады.
Әдетте, көпшілігі «келісімшарт» пен «мәміле» ұғымдарын бір-бірімен шатыстырып жатады. Келісімшарт дегеніміз – бұл келісім, ал мәміле дегеніміз – бұл әрекет. «Келісімшарт» және «мәміле» ұғымдарына төмендегідей принциптерді қолдануға болады:
келісімшарт еркіндігі. Кәсіпкерлер өз құқықтарын өз еркімен және өз мүддесіне арнап ие болады және жүзеге асырады;
келісімшартқа негізделумен құқықтар мен міндеттерді белгілеудің және келісімшарттың заңға қайшы келмейтін кез келген шарттарын бекітудің еркіндігі;
келісімшартты мәжбүрлеп жасатуға жол бермеу;
тараптардың еркі, олар кез келген және қандай да болсын келісімшартты жасаса алады. Бұл заңдарда ескерілген немесе ескерілмеген келісімшарт болуы мүмкін.
келісімшарт тараптарының өз құқықтары мен міндеттеріндегі теңдігі;
Біз Сізге мәмілелерді әрдайым жазбаша түрде жасасып отыруды ұсынамыз, себебі мұндай жағдайда небір нәрсені (кімнің, нені, қашан жасап, қандай тауар жеткізуі тиіс екендігін) дәлелдеу жеңіл және сотта өз мүддеңізді қорғау әрдайым жеңіл болады.
Мәміле жасасу кезіндегі қаржылық құжаттар заңға тура сәйкестікпен толтырылып отыруы тиіс, олай болмағанда оларды салық қызметтері есепке алмайды.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес төмендегідей мәміле түрлері нотариустың міндетті түрде куәландыруына жатады:
жалдау келісімшарты;
өсиет;
егер заңдарда басқаша белгіленбесе, нотариустың куәландыруын қажет ететін мүлікті басқару мен мәмілелерді жасасу жөніндегі сенімхаттар;
азаматтық заңдарда ескерілген жағдайларды санамағанда, өзге біреуге қайта сеніп тапсыру тәртібі бойынша ұсынылатын сенімхаттар;
шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттары;
некелік келісімшарттар;
заң бойынша мұрагерлердің солардың мұрагерлікке тартылу кезектілігі туралы және олардың үлестерінің көлемі туралы келісімі;
алименттерді төлеу туралы келісім.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге төмендегідей келісімшарттар жатады:
жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді тіркеу;
жылжымалы мүлікке қатысты мәмілелерді тіркеу;
құнды қағаздарға қатысты мәмілелерді тіркеу;
лизинг келісімшарттарын тіркеу;
қоғам үшін елеулі тарихи (соның ішінде археологиялық), көркемдік немесе өзге түрдегі мәдени құндылыққа ие мүлікке қатысты мәмілелерді тіркеу;
капиталдың жылжытумен байланысты мәмілелерді тіркеу;
лицензиялық мәмілелерді тіркеу;
қойнауларды пайдалануға қатысты мәмілелерді тіркеу;
мемлекеттік қарыз келісімшарттарын тіркеу;
екінші деңгейдегі банктердің кепілдік пен кепілгерлік келісімшарттарын тіркеуі.
Келісімшарттың құрылымы
келісімшарттың атауы, оған қол қойылған күні, жасалған жері;
кіріспе сөзбасы (келісімшарттың тараптарын сипаттау);
келісімшарттың тақырыбы;
келісімшарттың бағасы;
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
төлеу тәртібі;
міндеттемелерді орындау мерзімі;
келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілігі;
форс мажор (еңсерілмейтін күш жағдайлары);
келісімшарттың күшін сақтау мерзімі;
даулар мен кереғарлықтар;
келісімшартты өзгерту, уақытша тоқтату және тоқтату шарттары;
тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары.
Есіңізде болсын:
Келісімшарт жазбаша түрде және 2 данада жасалады!
Келсімшартқа өзгертулер мен толықтырулар тек тараптардың келісуімен жазбаша түрде ғана енгізіледі!
Келісімшартқа қол қоймай тұрып, онымен мұқият танысып шығыңыз!
1 Келесі диаграммалар мен кестелердің барлығы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - ҚРСА) мәліметтеріне негізделумен құрастырылған, http://www.stat.kz/.
2 Белсенді ШКС – экономикалық қызметті жүзеге асырып отырған ШКС (ҚРСА терминологиясы).