
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Жоспарлы тексерулер
Жоспардан тыс тексерулер
Адам өмірі
мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке
және заңды тұлғалардың, мемлекеттің
заңды мүдделеріне төніп тұрған тікелей
қауіп-қатерді жою
мақсатында
Адам өмірі
мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке
және заңды тұлғалардың, мемлекеттің
заңды мүдделеріне төніп тұрған
қауіп-қатердің алдын
алу
мақсатында
Жоспарлы тексерудің
жүргізілетіні туралы тексерудің өзі
басталардан кем дегенде отыз күнтізбелік
күн бұрын, тексерудің мерзімі мен
тақырыбын көрсетумен жазбаша түрде
ескерту
Жоспардан тыс
тексерудің жүргізілетіні туралы
тексерудің өзі басталардан кем дегенде
бір тәулік бұрын тексерудің тақырыбын
көрсетумен хабарлау
Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
Бұл мәселе кез келген кәсіпкер үшін аса бір өзекті мәселе болып табылады.
Тексеру мемлекет органының тексеруді тағайындау туралы актісіне негізделумен өткізіледі. Бұл міндетті сипатқа ие болып келетін құжат, тексеруші оны Сізге көрсетуі тиіс.
Тексеру жекеменшік кәсіпкерлік субъектісінің ішкі күн тәртібі ережелерімен белгіленген жұмыс уақытында жүргізіледі.
Оның қалай толтырылғанына назар аударыңыз. Тексеруді тағайындау туралы актіде төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:
актінің нөмірі мен күні;
мемлекет органының атауы;
тексеруді жүргізуге құзырлы тұлғаның (тұлғалардың) тегі, есімі, әкесінің есімі мен лауазымы;
жекеменшік кәсіпкерліктің тексеріліп отырған субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу белгіленген жеке кәсіпкердің тегі, есімі, әкесінің есімі, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
белгіленген тексерудің тақырыбы;
тексерудің басталу мен аяқталу күні;
тексеруді жүргізудің құқықтық негіздемелері, сонымен бірге нормативтік құқықтық актілер, олардың міндетті сипатқа ие талаптары тексерілуге жатады;
тексерілетін кезең;
актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы, және мемлекет органының мөрі.
Сізді тексеруге келген шенеунік төмендегідей құжаттарды ұсынуға міндетті:
құқықтық статистика органында тіркелген деген белгісі бар тексеруді тағайындау туралы акті;
қызметтік куәлігі;
қажет болған жағдайда құзырлы органның режимдік нысандарға келуге рұқсатқағазы;
мемлекет органының басшысы бекіткен тексеру жоспары;
медициналық рұқсатқағаз, ол нысандарға келу үшін міндетті түрде болуы тиіс.
Соның құжаттарын мұқият түрде қарап шығыңыз!
Тексеруді тексеруді тағайындау туралы актісінде көрсетілген лауазымды тұлға (тұлғалар) ғана жүргізе алады !
Кәсіпкердің тексеру кезіндегі міндеттері;
тексерушінің нысанға кедергісіз өтуін қамтамасыз ету;
тексерудің нәтижелері туралы актіге қосарлау үшін, тексерудің міндеттері мен тақырыбына сәйкес қағаздағы және электрондық тасымалдаушыларда берілген қажетті құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну, сондай-ақ автоматтандырылған мәліметтер қорына (ақпараттық жүйелерге) қатынауға мүмкіндік беру;
тексеруді белгілеу туралы актінің екінші данасында алғаны туралы белгі жасау.
Тексерудің нәтижелері бойынша тексерудің нәтижесі туралы екі данада акт жасалады, оның біреуі Сізге арналған. Тексерудің нәтижесі туралы актіге өнімнің үлгілерін (сынамаларын) алу туралы, қоршаған орта нысандарын тексеру туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексерудің нәтижесімен байланысты өзге де құжаттар мен солардың көшірмелері қосарланады.
Өнімнің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы мен мүліктің сақталуына қатысты бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруді белгілеу туралы актісіз жүргізіледі. Жекеменшік кәсіпкерлік субъектісіне бақылау жүргізетін мемлекет органының қызметкері жазбаша хабарламаның негізінде бекітіледі, соңғысы жекеменшік кәсіпкерлік субъектісіне алғаш рет келген кезде ұсынылады.
Жасырын түрде жасалған шағымдар жоспардан тыс тексеруді жүргізуге негіздеме бола алмайды.
Мемлекет органдары жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін тәуекелдік дәрежесіне қарай жоғары, орташа немесе төмен тәуекел топтарына жатқызады және оларға арнап жоспарлы тексерулерді жүргізудің мерзімділігін белгілейді, алайда ол төмендегілерден жиі болмауы тиіс:
жылына бір рет – жоғары тәуекелділік дәрежесі кезінде;
үш жылда бір рет – орташа тәуекелділік дәрежесі кезінде;
бес жылда бір рет – төмен тәуекелділік дәрежесі кезінде.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мал дәрігерлігі, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шығару, астық және мақта нарығы саласында жоспарлы тексерулерді жүргізудің мерзімділігі төмендегілерден жиі болмауы тиіс:
мал дәрігерлігі, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шығару, астық және мақта нарығы саласында:
жарты жылда бір рет - жоғары тәуекелділік дәрежесі кезінде;
жылына бір рет - орташа тәуекелділік дәрежесі кезінде;
үш жылда бір рет - төмен тәуекелділік дәрежесі кезінде;
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
айына бір рет - жоғары тәуекелділік дәрежесі кезінде;
тоқсанына бір рет - орташа тәуекелділік дәрежесі кезінде;
жылына бір рет - төмен тәуекелділік дәрежесі кезінде.
Тексеру кезінде Қазақстан Республикасының заңдары бұзылмаған жағдайда тексерудің нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
Тексерудің тәртібін бұзу әрекеттеріне төмендегілер жатады:
тексеруді негізсіз түрде белгілеу;
тексеруді акті жасаусыз және оны құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеусіз жүргізу;
құжаттарды заңға қайшы түрде тәркілеп алу;
материалдық құндылықтарды заңсыз түрде түгендеу, өндірісті тоқтата тұру;
артық анықтамаларды жасау;
негізі жоқ сұратуларды ұсыну.
Мемлекет органдарының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тудырады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда кәсіпкер тиісті органның немесе лауазымды тұлғаның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдана алады.