Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Толық серіктестік (тс)

Өзінің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда соның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен біріккен жауапкершілікте болатын серіктестік толық деп танылады.

  • Азамат тек бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады.

  • Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және өз мүддесін көздеумен немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде серіктестік қызметінің тақырыбын құрайтын мәмілелерді жасасуға құқы жоқ.

  • Қатысушы өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) өзге қатысушыларға немесе үшінші тұлғаларға тек қалған қатысушылардың келісуімен ғана бере алады.

  • Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен шығатыны туралы қалған қатысушыларды заңнамалық актілермен немесе құрылтай келісімшартпен ескерілген мерзімнен кем болмайтын мерзімнен бұрын ескертумен содан кез келген уақытта шығып кете алады.

Коммандиттік серіктестік (кс)

Коммандиттік серіктестік деп өзінің құрамына толық жауапкершілікке ие (оларды толық жолдастар деп атайды) қатысушылар, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі қатысушылар (салымшылар) кіретін серіктестік танылады. Салымшылардың жауапкершілігі енгізген салымның сомасымен шектеледі, және олар серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайды.

  • азамат тек бір ғана коммандиттік серіктестіктің толық жолдасы бола алады;

  • коммандиттік серіктестіктегі толық жолдас толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды;

  • коммандиттік серіктестіктің салымшысы құрылтай құжаттармен ескерілген өлшемде, әдіс пен тәртіп бойынша бастапқы салым мен қосымша жарналарды (салымдарды) салымдап отыруға міндетті.

Коммандиттік серіктестіктің салымшысы төмендегідей құқықтарға ие:

  • серіктестіктің таза табысының оның жарғылық капиталдағы үлесіне тиесілі бөлігін құрылтай құжаттарда ескерілген тәртіп бойынша алып отыру;

  • серіктестіктің қаржылық есебімен танысу, сондай-ақ оның дұрыс құрастырылғанын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету;

  • өзінің жарғылық капиталдағы үлесін немесе оның бір бөлігін заңнамалық актілер мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында ескерілген тәртіп бойынша өзге салымшыға немесе үшінші тұлғаға беру. Салымшының өз үлесін өзге тұлғаға тапсыруы оның серіктестіктегі қатысуын тоқтатады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС-нің Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сәйкес белгілі өлшемге ие үлестерге бөлінген. ЖШС-нің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және қызметімен байланысты болатын залалдардың тәуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды.

Сондай-ақ:

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысушылардың саны жүзден аспауы тиіс. Қызметкерлердің саны одан асқан жағдайда ЖШС бір жыл ішінде бөлінуі, немесе бөлек шығарылуы тиіс, немесе өзге шаруашылық серіктестікке, акционерлік қоғамға немесе өндіріс кооперативіне қайта құрылуы тиіс, ал осы мерзім өткеннен кейін сот тәртібімен таратылуы тиіс по истечении этого срока - ликвидации в судебном порядке;

  • ЖШС-нің жарғылық капиталының көлемі – кем дегенде 100 айлық есептік көрсеткіш;

  • ЖШС-нің жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын өзге шаруашылық серіктестігі болуы мүмкін емес;

  • мемлекеттік кәсіпорындар тек мемлекеттің келісуімен ғана соның уәкілетті органының тұлғасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары бола алады;

  • мекемелер, егер заңнамалық актілерде өзгесі ескерілмесе, меншіктенушінің рұқсаты бойынша ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары бола алады;

  • мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысуға құқы жоқ;

  • ЖШС өзге түрдегі шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам немесе өндіріс кооперативі ретінде қайта құрылуға құқылы.

ЖШС-нің қызметі жоғарыда аталған бірқатар нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР 1998 года № 220-1 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заңымен реттеліп отырады.