
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтардың сомасы – алынған табыстың 3%-ы. Оның жартысы – жеке табыс салығы, екінші жартысы – әлеуметтік аударымдары шегерілген әлеуметтік салық.
Егер Сіздің кәсіпорныңызда жалданбалы қызметкерлер жұмыс істейтін болса, егер қызметкерлердің есептік кезең қорытындысы бойынша орташа айлық еңбекақысы республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржылық жылға арнап бекітілген ең төмен еңбекақының аз дегенде 2-еселік, заңды тұлғаларда – аз дегенде 2,5-еселік мөлшерін құраған болса, салықтық кезең ішінде есептелген салықтардың сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санына қарай әр қызметкер үшін төленетін салық сомасының 1,5 пайызы көлемінде азаю жағына қарай түзетілуге жатады.
910.00.001
Салықтық
кезең
ішіндегі табыс
1 000
000
910.00.006
Есептелген
салықтардың
сомасы
(910.00.001 х 3%)
30
000
910.00.010
Бюджетке
төленетін
жеке табыс (корпоративтік) салығының
сомасы
(910.00.009 х 0,5)
15
000
910.00.012
Бюджетке
төленетін
әлеуметтік
салықтың
сомасы
((910.00.009 х 0,5) - 910.00.030D - 910.00.015)
13
369
910.00.014
Әлеуметтік
аударымдарды есептеуге арналған
табыс
40 770
910.00.015
Жеке
кәсіпкерлігі
үшін
төленетін
әлеуметтік
аударымдардың
сомасы
1631
910.00.016
Жеке
кәсіпкерлігі
үшін
төленетін
міндетті зейнетақы
жарналарын есептеуге арналған
табыс
40 770
910.00.017
Жеке
кәсіпкерлігі
үшін
төленетін
міндетті зейнетақы
жарналарының
сомасы
4
077
Есептеу мысалы:
Жеңілдетілген декларацияны қалай және қашан тапсыру керек?
Жеңілдетілген декларация салық төлеушінің мекенжайы бойынша орналасқан салық органына есептік салықтық кезеңінен кейінгі келесі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынылады.
Бюджетке салықтар есептік салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төленеді.
Декларацияны қағаз бетінде, сондай-ақ электронды түрде тапсырып отыруға болады. Электронды нұсқасына қатынау үшін тіркелген жеріңіздегі салық органына хабарласу керек, мұнда Сіз программаға енуге арналған паролі бар электронды кілтті аласыз.
Шаруа фермерлік қожалығы
ЖК түрлерінің біріне шаруа (фермерлік) қожалығы жатады – бұл өзінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру әрекеті ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арнап ауыл шаруашылық айналымдағы жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ сол өнімді өңдеу мен өткізумен тікелей байланысты болып келетін тұлғалардың отбасылық-еңбектік бірлестігі.
Шаруа (фермерлік) қожалықтармен байланысты құқықтық қатынастар ҚР 1998 жылдың 31 наурызындағы №214-1 «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеліп отырады.
Шаруа (фермерлік) қожалығы келесідегідей формада әрекет етіп отыруы мүмкін:
өзінде кәсіпкерлік қызмет ортақ біріктірілген меншік мүлікке негізделген отбасылық кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылығы;
бірлескен шаруашылық қызмет туралы келісімшарттың негізінде ортақ үлестік меншік мүлкіне негізделген қарапайым серіктестік түрінде құрылған фермерлік шаруашылық.
Шаруа (фермерлік) қожалығы ерікті түрде құрылады және жерді пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап құрылған болып саналады.
Шаруа немесе фермерлік қожалықтар арнайы салықтық режимді немесе жалпы бекітілген тәртіпті өз бетінше таңдап алуға құқылы.
Шаруа немесе фемерлік қожалықтарға арналған арнайы салықтық режим бірыңғай жер салығын төлеуге негізделумен жүзеге асырылады және жекеменшік құқығындағы және жер пайдалану құқығындағы жер телімдері болған жағдайда ғана қолданылады. Бірыңғай жер салығын есептеуге арналған салық салу нысанына жер телімінің бағалау құны жатады.
Бұл арнайы режимнің артықшылығы неде?
Бірыңғай жер салығын төлеушілер төлеуден босатылады:
шаруа немесе фермерлік қожалықтың қызметінен түскен табыстың жеке табыс салығынан;
қосылған құн салығынан (ҚҚС) – қызметін жүзеге асырудан түскен айналымдар бойынша;
жер салығынан немесе жер телімдерін пайдалану төлемінен – қызметте пайдаланылатын жер телімдері бойынша;
көліктік құралдарға қатысты салықтан;
мүлік салығынан.
Арнайы салықтық режимді қолдану үшін шаруа немесе фермерлік қожалықтар аталмыш режим қолданыла бастаған алғашқы жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жер телімі орналасқан мекенжайдағы салық органынан салықтық өтінішін ұсынады
Салықтық өтінішпен бірге төмендегідей құжаттардың көшірмелері ұсынылады:
нотариус немесе ауылдық (кенттік) атқару органдары куәландырған жер телімдеріне қатысты сәйкестендіру құжаттары;
нотариус немесе ауылдық (кенттік) атқару органдары куәландырған жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген жер телімдерінің бағалық құнын анықтау актілері.
Акт болмаған жағдайда жер телімдерінің бағалық құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген мәліметтері бойынша аудан бойынша орта есеппен 1 гектар жердің бағалық құнына негізделумен анықталады.
20 ақпаннан кейін құрылған шаруа немесе фермерлік қожалықтар салық органына арнайы салықтық режимді қолдану құқығына қатысты салықтық өтінішті жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаннан кейін отыз күнтізбелік жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Салық органының осы режимді қолдану туралы немесе оны қолданудан бас тарту туралы шешімі өтініш берілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде шығарылады.
Арнайы салықтық режимді қолдануды тоқтату әрекеті салықтық өтініштің негізінде бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
Заңды тұлғаға меншік құқығына, шаруашылық иелену немесе жедел басқару құқығымен дербес мүлікке ие болатын және сол мүлік арқылы өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып және жүзеге асырып отыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым жатады.
Заңды тұлға дербес балансын немесе сметасын жүргізіп, сондай-ақ мөрге ие болуға міндетті.
Коммерциялық заңды тұлғаға өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздеп отырған ұйым жатады.
Заңды тұлғаның тіркелуі
Заңды тұлға оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап құрылған болып есептеледі.
Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеу органына төмендегідей құжаттар ұсынылады:
Бекітілген пішімдегі өтініш.
Мемлекеттік және орыс тіліндегі құрылтай құжаттардың бау өткізілген және нөмірленген түріндегі, үш данадағы тізбесі.
Заңды тұлғаның басшысы мен құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың салық төлеуші ретіндегі куәліктерінің көшірмелері.
Заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат.
Бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.
Заңнамалық актілермен ескерілген құжаттардан өзге қандай да бір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.
Құжаттардың жиынтығы толық ұсынылмай, оларда кемшіліктер болып, құрылтай құжаттар бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ескерілген өзге негіздемелер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеудің мерзімі үзіледі.
Заңды тұлға құрылтай құжаттарға негізделумен әрекет етеді:
құрылтай келісімшарт (егер коммерциялық ұйымды бір ғана тұлға құрып отырса, жасалмайды);
жарғы.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) әрекеті қажетті құжаттар қосарланған өтініштің берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
Заңды тұлғаны құрудың мақсатқа лайықты болмауының себебіне орай оны тіркеуден бас тартуға жол берілмейді. Мемлекеттік тіркеуден бас тартуға байланысты сотқа шағымдануға болады. Тіркеу органы заңды тұлғаны тіркеуден және филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу мен қайта тіркеуден заңсыз түрде бас тартқан жағдайда өтінім беруші сол арқалаған шығындарды сот тәртібімен өтеп беруді талап етуге құқылы.
Ш
аруашылық
серіктестіктер
– жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)
үлестеріне (салымдарына) бөлінген
коммерциялық
ұйымдар.
Шаруашылық серіктестестіктер туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының АК, ҚР 1995 жылдың 2 мамырындағы №2255 «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 сәуіріндегі №220-I «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.