
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
Сіздің патентті кем дегенде бір айға және ары кеткенде он екі айға арнап алуға құқыңыз бар. Мынаны ескеріңіз, патентке қатысты өтінімді ЖК-ны тіркеу сәтінен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Патентке негізделген арнайы салық режимін қолдануды тоқтату әрекеті Сіздің салықтық өтінішіңізге (ерікті түрде) немесе салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Егер сіз патентке негізделген арнайы салық режимін қолдануды өз еркіңізбен тоқтатуды шешкен болсаңыз, Сізге патенттің күшін сақтау мерзімі өткенше тіркелген жеріңіздегі салық органына салықтық өтінішіңізді ұсыну қажет болады.
Патентті қалай алуға болады?
ЖК куәлігін алған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде мекенжайы бойынша орналасқан салық органына төмендегідей құжаттар жиытығын ұсыну қажет:
ЖК куәлігі;
салықтық өтініш;
патент алуға арналған есеп (№ 911 пішімі бойынша және соның қосымшалары, 911.01-пішімі), оны салықтық комитеттен алуға болады;
патенттің ақшасын төлегендігі туралы түбіртек (есептемеде жазылған көзделіп отырған табыс сомасының 2 %-ы);
әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуі туралы түбіртек.
Егер мерзімдер бұзылса, онда ЖК бюджетпен есеп айырысуларды жалпы бекітілген тәртіп бойынша (заңды тұлға ретінде) жүзеге асырып отыруға келіседі деген сөз, ал мұнысы анағұрлым қиынырақ.
Патенттің ақысын есептеу
Патенттің құны – Өзіңіз жоспарлап отырған және жариялаған табыстың 2%-ы. Оның жартысы – жеке табыс салығы, ал екінші жартысы – әлеуметтік аударымдар сомасы шегерілген әлеуметтік салық.
Әлеуметтік аударымдардың сомасы әлеуметтік салықтың сомасынан асқан жағдайда әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.
Егер не дегенмен патенттің күшін сақтау мерзімі бойы Сіздің табысыңыз есептемеде көрсетілген табыстың мөлшерінен асып кетсе, Сіз бес жұмыс күні ішінде асыру сомасына арнап қосымша есепті ұсынып және сол соманың салығын төлеуге міндеттісіз.
Көрсетілген есептемеге негізделумен бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
Егер керісінше Сіз өзіңіз жоспарлаған табыс сомасынан аз мөлшердегі табысқа ие болсаңыз – Сіз салық органына азаю сомасына арнап қосымша есептемені ұсынуға құқылы боласыз.
Кәсіпкерлік қызметті мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда жеке кәсіпкер әрекетке жарамсыз деп табылған жағдайды санамағанда, салықтың төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Жеңілдетілген декларация
Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимді төмендегідей шарттарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері қолданады:
жеке кәсіпкерлер: салықтық кезең ішінде қызметкерлердің шекті ортатізімдік саны жеке кәсіпкердің өзін қоса санағанда жиырма бес адамды құрайды; салықтық кезең ішіндегі шекті табыс 10 млн. теңгені құрайды;
заңды тұлғалар: салықтық кезең ішінде қызметкерлердің шекті ортатізімдік саны елу адамды құрайды; салықтық кезең ішіндегі шекті табыс 25 млн. теңгені құрайды.
Салықтық кезеңге күнтізбелік тоқсан жатады, яғни жеңілдетілген декларация тоқсан сайын ұсынылып отырады.
Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы режимді қолдану үшін Сізге төмендегілерді орындау қажет:
егер сіз әрекеттегі ЖК болсаңыз – мекенжайыңыздағы салық органына салықтық кезең (тоқсан) басталғанша салықтық өтінішіңізді ұсыну;
егер Сіз жаңадан ғана тіркелген ЖК болсаңыз - салықтық өтінішіңізді мекенжайыңыздағы салық органына ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күннен кешіктірмей ұсыну.
заңды тұлғалар өтінішін заңды тұлғаны әділет органында мемлекеттік тіркеуден кейінгі он жұмыс күнінен кешіктерімей ұсынады.
Осы арнайы режимді қолдануға рұқсат ету немесе мұндай рұқсат беруден бас тарту құжатын беру мерзімі – үш жұмыс күні. Шешім екі данада жасалады, біреуі салық органында қалады, екіншісі Сіздің қол қоюыңызбен қолыңызға беріледі немесе хабарлама-хат түрінде жіберіледі.
Сіз заңда көрсетілген талаптарға сай болмаған жағдайда ғана Сізге рұқсат беруден бас тарту мүмкін.
Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы режимді қолдануды тоқтату әрекеті Сіздің өтінішіңізге негізделумен өтініш берілген уақыттан кейінгі келесі айдан бастап жүргізіледі.