Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Біржолғы талон

Біржолғы талон (2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылатын болады). Біржолғы талонды кәсіпкердің қызметі уақытша сипатқа ие болған жағдайда (күнтізбелік жылда ары кеткенде тоқсан күн) немесе кәсіпкер арнайы жабдықталған сауда нарығында жұмыс істеген (сауда жасап, қызметтерді ұсынған) жағдайда қолдануға болады.

Біржолғы талон дегеніміз бұл Сіздің бюджетке салық сомасын төлегеніңізді, және Сізге жеке тұлға ретінде төмендегідей әрекеттерді жүргізуге болатынын растайтын құжат:

1. тұрғылықты емес панажайларда сатуға (ЖК ретінде мемлекеттік тіркелусіз, күнтізбелік жылы ары кеткенде 90 күн):

  • газет;

  • журнал;

  • тұқым;

  • екпе ағаштарды, көшеттерді;

  • бақша дақылдарын;

  • табиғи гүлдерді (саяжайда және үйдің жанындағы жерде өсірілген);

  • қосалқы ауыл шаруашылығының, бақ өсіру, бақша өсіру өнімдері және саяжайдың жанында өсірілген өнімдер;

  • жануарлар мен құстарға арналған жем;

  • сыпыртқы, сыпырғыш;

  • орман жидектері;

  • бал;

  • саңырауқұлақ;

  • балық.

2. тұрғылықты емес базарлардың аумағында кез келген тауарларды сатуға (ЖК куәлігімен, жылына 90 күннен артық);

3. базарларда, тұрғылықты емес панажайларда жұмыстарды орындауға (ЖК куәлігімен, жылына 90 күннен артық);

4. базарларда, тұрғылықты емес панажайларда қызмет көрсетуге (ЖК куәлігімен, жылына 90 күннен артық);

5. өзінің жеке тракторымен жер телімдерін өңдеу (ЖК ретінде мемлекеттік тіркелусіз күнтізбелік жылда ары кеткенде 90 күн).

6. үй жануарлары мен құстарын бағу (ЖК ретінде мемлекеттік тіркелусіз күнтізбелік жылда ары кеткенде 90 күн).

Кәсіпкерлік қызметті бастамас бұрын Сіз Әкімияттың шешімі бойынша белгіленген органнан (көбінеки Әкімияттардың өзінен) біржолғы талон алуға тиіссіз. Біржолғы талон алу үшін СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) мен жеке басын куәландыру құжаты қажет. Біржолғы талондардың бағасы мәслихаттардың шешімі бойынша белгіленеді және сол себептен әр ауданда бірдей қызмет түріне қатысты біржолғы талонның бағасы өзгешеленіп отыруы мүмкін.

ЖК біржолғы талонды бір немесе одан артық күнге алуына болады, алайда оның мерзімі тоқсан күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!

Біржолғы талон – ақшыл-қызғылт түсті құжат, өлшемі 150х100 мм, типографиялық қорғау белгілері бар. Біржолғы талонның төменгі оң жақ бұрышында оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі. Біржолғы талондарды кездейсоқ адамдардан сатып алмаңыз!

ЖК біржолғы талонды бір немесе одан артық күнге, алайда тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге арнап алуы мүмкін.

Егер есеп дұрыс жасалмай, және кәсіпкерлік қызмет қайсыбір себептермен жүрмей қалса, онда біржолғы талонның төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды, сол себептен талондарды күнделікті немесе кәсіпкер өзіне тура сенімді болатын бірнеше күнге арнап алып отырған дұрыс.

Егер Сіздің тауарыңызды сатып алушы сату туралы құжаттарды талап етсе, онда кәсіпкер оларға тауардың сатылу (жұмыстың орындалу, қызметтің ұсынылу) фактісін растайтын құжатты ұсынуы тиіс, мұнда базардың атауы, біржолғы талонның сериясы мен нөмірі, біржолғы талонның берілген күні көрсетілуі тиіс.

Кейде кәсіпкер өзінде біржолғы талонды қолдануға болмайтын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырып отыруы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкер табыс пен шығынның жеке есебін жүргізуге міндетті. Сонымен қатар ол сол өзге түрдегі қызметтер бойынша салықты қызметкердің біржолғы талоннан тысқары таңдап алған өзге тәртіп бойынша есептеп және төлеп отыруы тиіс.

Есіңізде болсын!

Тауарларды базарда сатқан кезде сатушыларға төмендегілерді орындап отыру қажет:

  • базарда сауда жасау ережелері мен базардың ішкі тәртібін ұстанып отыру;

  • санитарлық және өртке қарсы талаптарды ұстанып отыру;

  • жүкқағаздық және нормативтік актілермен ескерілген өзге де тауарлық-ілеспе құжаттардың түпнұсқаларына; тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарға; біржолғы талонға ие болу.

ПАТЕНТ

Патентке негізделген арнайы салықтық режимді келесі шарттарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:

  • қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

  • жеке (өз бетінше) кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын;

  • өздерінің салықтық кезең ішіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңдарымен тиісті қаржылық жылға арнап бекітілген ең төмен еңбекақының 200-еселік көлемінен аспайтын.

Яғни, егер Сіз өзіңіз ғана (қызметкерсіз) жұмыс істей алсаңыз және Сіздің табысыңыз жылына (2009 жылы) ары кеткенде 2.718.700 теңгені құраса, онда Сізге патент алып өз бизнесіңізбен алаңсыз айналыса беруіңізге болады.

Патент болған жағдайда төмендегі қызмет түрлерінен басқа кез келген қызмет түрлерімен айналысуға болады:

  • акциздік өнімді өндіру;

  • кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;

  • мұнай өнімдерін сату;

  • шыны ыдыстарын жинау мен қабылдау;

  • қойнауларды пайдалану.