
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
Құжаттарды тапсырудан кейін салық комитетінің қызметкері оларды тексеріп және қажетіне қарай түзетулер жасайды. Егер барлығы дұрыс болса, салық инспекторы өтінімнің қабылданғаны туралы белгі соғуы, яғни өтінімнің Сізде қалатын екінші данасына өзінің аты-жөнін көрсетіп, қол қойып, салық органының коды мен қабылдаған күнін белгілеуі тиіс. Немесе салықтық комитеттің қызметкері Сізден құжаттарды қабылдап алғаны туралы арнайы талон ұсынуы тиіс.
Салық қызметі қызметкерінің ЖК-ны тіркеуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқы жоқ. Алайда, құжаттардың жоғарыда көрсетілгендей дұрыс толтырылып және толық көлемде ұсынылуы тиіс екендігі есіңізде болуы тиіс.
Сіздің жалғыз ғана төлейтін нәрсеңіз – бұл мемлекеттік баж (тіркеу үшін ресми түрде төленетін алым). Басқа ешқандай ақшаны ешкімге төлеудің қажеті жоқ. Мемлекеттік баж салық комитетінде орналасқан банктің кассасына төленеді, бұл жағдайда кассада Сізге төлем туралы чек берілуі тиіс, соның көшірмесін өзіңізде сақтап қоюды ұсынамыз. Алым банктердің, «Казпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшелерінде және төлемдерді қабылдайтын өзге де ұйымдарда төленеді. 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап алымның көлемі 5.184 теңге (төрт айлық есептік көрсеткіш) құрайды. Алым жеке кәсіпкер ретінде құжаттарын тіркеуге ұсынған сәтке дейін төленеді.
Назар аударыңыз: егер Сіз шаруа (фермерлік) қожалықтарды тіркеп отырсаңыз немесе I, II және III топтағы мүгедек болып табылсаңыз, немесе оралмандардың қатарына жатсаңыз (ҚР азаматтығын алған уақытқа дейін) және қолыңызда соны растайтын құжаттарыңыз болса, Сізді салық органдарында тегін тіркеуі тиіс!!!
Жеке кәсіпкер заңды тұлғаның тіркелу үшін толтыратындай ешқандай құрылтай құжаттарды толтырмайды.
ЖК тіркеу туралы куәлігін алғаннан кейін Сізге өзіңіздің кәсіпкерлік қызметіңізді бірден бастай беруіңізге болады.
Жеке кәсіпкердің қызметін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Салық Кодексі және Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 31 қаңтарындағы № 124-III «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы жатады.
Шағын бизнес субъектілеріне арналған салық салу
Жеке (жалғыз) жұмыс істейтін кәсіпкерлер салық салуы бекітілген болып келетін кәсіпкерлерге және салық салуы бекітілмеген кәсіпкерлерге бөлінеді. Осы екі айырмашылықты қарастырайық:
Кәсіпкерлік |
|||
Бекітілген салық салумен
|
Бекітілмеген салық салумен |
||
Арнайы салықтық режим |
|
||
Біржолғы талон бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер
|
Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер
|
Жеңілдетілген салықтық декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер
|
Жалпы бекітілген режимдегі кәсіпкерлік |
Арнайы салықтық режим шағын бизнес субъектілеріне арнап әлеуметтік салықты, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің жеңілдетілген тәртібін белгілеген.
Патентке немесе жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимдерді қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу нысанына Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынған (алуға жататын) табыстың барлық түрінен құралатын табыс жатады.
Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен төлеудің, сондай-ақ солар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың төменде келтірілген тәртібінің бірін ғана өз бетінше таңдап алуға құқылы:
жалпы бекітілген тәртіп;
патентке негізделген арнайы салықтық режим;
жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режим.
Арнайы салықтық режимнің күші келесідегідей қызмет түрлеріне тарамайды:
акциздік өнімдерді өндіру;
кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;
мұнай өнімдерін сату;
шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
қойнауларды пайдалану.