
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың
Қазақ мақал-мәтелі
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЗАҢДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпкерлік – бұл бастамашыл қызмет:
таза табыс алуға бағытталған
сұранысты қанағаттандыру жолымен
меншік мүлкіне негізделген
кәсіпкердің атынан жүзеге асырылатын
кәсіпкердің тәуекелге баруымен жүзеге асырылатын
кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет.
Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және соны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясына сәйкес: «..Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқы бар».
Кәсіпкерліктің түрлері
Біз Сізбен кәсіпкерліктің жекеменшік кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік емес заңды тұлғаның кәсіпкерлігі сияқты түріне толық талдау жасаймыз.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері төмендегілерге жатқызылуы мүмкін:
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (орташа жылдық саны ары кеткенде 50 адам);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне (орташа жылдық саны 250 адамға дейін);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне (орташа жылдық саны 250 адамнан артық).
Төмендегідей қызметтерді жүзеге асыратын ЖК мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылмайды:
есірткілік заттарды, психототроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтерді жүргізетін;
акциздік өнімдерді шығаратын және (немесе) көтерме саудада сататын;
астық қабылдау орындарында астықты сақтау қызметін жүзеге асыратын;
лотерея ұйымдастыратын;
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметпен айналысатын;
аккредитациялау, сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметпен айналысатын;
мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, электр және жылу қуатын өндіру, өңдеу және сату қызметімен айналысатын;
радиобелсенді материалдардың айналымымен байланысты қызметпен;
банкілік қызметпен (немесе оның жекелеген түрлерімен) және сақтандыру нарығындағы қызметпен (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
аудиторлық қызмет;
құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет.
Бизнестің формалары
Сізге, келешек кәсіпкер ретінде бизнестің формасын белгілеп алу керек. Сіздің бизнестің қандай формасын таңдап алғаныңызға көп нәрсе байланысты болмақ:
бизнесті тіркеу мен жүргізудің ерекшеліктері;
қаржылық тәуекелдердің көлемі
салықтар;
пайда;
заңдық жауапкершілік.
Дәстүрлі үлгісі: көптеген бизнесмендер өзінің кәсіпкерлік жолын жеке кәсіпкерлік (ЖК) деген формасынан бастаған болатын, одан әрі бизнестің дамуына қарай Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) деген формасына көшіп отырған.
Сізге бизнестің әртүрлі формаларын мұқият зерттеп және өзіңізге барынша ыңғайлы болатындай формасын таңдап алуды ұсынамыз. Жеке кәсіпкерлік пе немесе заңды тұлға ма?
Шағын кәсіпкерлік субъектілері:
заңды тұлғаны құрусыз жеке тұлғалар (ЖК);
кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, өндіріс кооперативі).
Жеке кәсіпкерлік (ЖК)
Жеке кәсіпкерлік дегеніміз – бұл жеке тұлғалардың азаматтардың өзінің меншігіне негізделген және азаматтардың атынан соларды тәуекелге баруымен және солардың (мүліктік) жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған бастамашыл қызметі.
Жеке кәсіпкерлік заңды тұлғаны құрусыз бір азаматпен (жеке кәсіпкерлік) немесе азаматтар тобымен (біріккен кәсіпкерлік) жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлікті кәсіпкер өз бетінше, сондай-ақ азаматтардың (кәсіпкерлердің) тобы бірлескен түрде жүзеге асыруы мүмкін.
Біріккен бизнес кезінде жекеменшік кәсіпкерлікпен байланысты мәмілелердің барлығы біріккен кәсіпкерлікке барлық қатысушылардың атынан жасалып, ал құқықтар мен міндеттерге солардың барлығы ие болып және барлығының атынан жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің негізгі үш түрі бар. Бұл:
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі |
Отбасылық кәсіпкерлік |
Қарапайым серіктестік |
Ерлі-зайыптылардың ортақ біріктірілген меншік мүлкіне негізделумен жүзеге асырылады |
Шаруа (фермерлік) қожалықтың ортақ біріктірілген меншік мүлкіне немесе жекешелендірілген тұрғын үйді ортақ біріктірілген меншіктенуге негізделумен жүзеге асырылады |
Ортақ үлестік меншік мүлкіне негізделумен жүзеге асырылады |
Ерлі-зайыптылардың некеге отырған сәтінен бастап жинаған мүлкі (егер өзінде басқасы көрсетілуі мүмкін некелік келісімшарт болмаса) |
Шаруа қожалығының мүлкі егер солардың өзара жасасқан келісімшартында өзгесі көрсетілмесе, соның мүшелеріне бірлескен меншіктену құқығы негізінде тиесілі болып табылады. |
Қарапайым серіктестік келісімшарты бойынша тараптар табыс алып отыру үшін немесе заңға қайшы келмейтін өзге түрдегі мақсатқа қол жеткізу үшін біріккен түрде әрекет етіп отыруға міндеттенеді |