Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Еңбектік келісімшарт

Қызметкер мен Жұмыс берушінің арасындағы еңбектік қатынастар еңбектік келісімшартымен ресімделеді, аталмыш құжатта тараптардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Еңбектік келісімшарт тараптардың әрқайсысына арнап бір-бірден 2 данада жасалады.

Еңбектік келісімшарттың мерзімдері:

  • белгісіз мерзімге жасалған;

  • кем дегенде 1 жыл белгілі мерзімге арнап жасалған;

  • бір жылдан кем белгілі мерзімге арнап жасалған

    • белгілі бір жұмысты орындау уақытына арнап;

    • уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына арнап;

    • маусымдық жұмысты орындау уақытына арнап.

  • заңды тұлғаның - жұмыс берушінің атқарушы органының басқарушы лауазымындағы жұмысқа арнап жұмыс берушінің құрылтайшы құжаттарында бекітілген мерзімге арнап немесе тараптардың келісуімен жасалады

Егер еңбектік келісімшартта оның жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, келісімшарт белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжаты;

  • азаматтығы жоқ тұлғаның тұруға ыхтиярхаты немесе куәлігі;

  • білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы туралы құжат;

  • еңбектік қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

  • әскери есепке алыну құжаты;

  • алдын-ала медициналық куәландыруды өткендігі туралы құжат;

  • салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН) және әлеуметтік жеке кодын (ӘЖК) алғаны туралы куәліктерінің көшірмелері.

Еңбектік келісімшарт Жұмыс берушіге жаңадан келген қызметкерлерге арнап сынақтық мерзімін белгілеу құқығын береді.

  • сынақтық мерзім қызметкердің соған тапсырылып отырған жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді, ЕК-да көрсетіледі, сынақтық мерзім 3 айдан аспауы тиіс;

  • сынақтық мерзім кезінде қызметкердің жұмыста болмаған уақыты есептелмейді

  • мұндай шарт еңбектік келісімшартта көрсетілмеген жағдайда қызметкер жұмысқа сынақтық мерзімін белгілеусіз қабылданған деп саналады;

  • қызметкер жоғары тұрған лауазымға ауыстырылған жағдайда ол сынақтық мерзімін мерзімінен бұрын өткен болып саналады;

  • жұмыстың нәтижесі жағымсыз болған жағдайда жұмыс беруші онымен жасасқан ЕК-ны оны жазбаша түрде ескертумен, оны бұзу себебін көрсетумен, сынақтық мерзімінің өтуінен 7 күнтізбелік күн бұрын бұзуға құқылы.

Жұмыс берушінің міндеттері:

  • қауіпсіз еңбек ету жағдайларын жасау;

  • қызметкердің еңбекақысын (ең төмен е/ақының деңгейінен төмен болмайтын) уақытында төлеп отыру;

  • оған демалыс күндерін ұсынып отыру (аптасына бір немесе екі күн);

  • оған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұсыну (кем дегенде 24 күнтізбелік күн);

  • науқастанған күндерінің еңбекақысын төлеп отыру;

  • шамадан тыс жұмысының және мейрам және демалыс күндеріндегі жұмысының еңбекақысын төлеп отыру.

Қызметкердің міндеттері:

  • өзінің лауазымдық міндеттерін орындап отыру

  • қауіпсіздік техникасын ұстанып отыру

  • еңбек тәртібін ұстанып отыру

Еңбектік келісімшартын бұзу себептері (ҚР Еңбек кодексінің 51-бабы):

  1. тараптардың келісімі бойынша;

  2. еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

  3. жұмысқа алушының бастамасы бойынша;

  4. қызметкердің бастамасы бойынша;

  5. тараптардың еркінен тыс жағдайлар бойынша;

  6. қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

  7. қызметкердің сайланбалы жұмысқа ауысуы;

  8. жасасқан ЕК шарттарын бұзған жағдайда;

  9. жұмысқа алушының атқару органы басшысымен жасалған еңбек келісімшартында ескерілген негіздемелер бойынша.

Еңбектік келісімшарт тараптардың бірінің, қызметкердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Еңбектік келісімшартты жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыз болуы мен оның жыл сайынғы еңбек демалысында болуы кезінде бұзуға жол берілмейді (айрықша жағдай – компанияның таратылуы).

Ұжымдық келісімшарт

Жұмыс беруші мен қызметкерлердің (қызметкерлердің өкілдерінің) арасында жасалады және оған төмендегідей ережелер кіреді:

  • еңбекақы төлеуді нормалау, оның формалары, жүйелері, тарифтік мөлшерлемелер мен еңбекақылардың мөлшері туралы;

  • жәрдемақылар мен өтемақыларды төлеу туралы;

  • ұйымдағы тиісті лауазым бойынша ең жоғары және ең төменгі жалақы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін ара қатысы туралы;

  • разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;

  • жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы туралы, еңбек демалыстары туралы;

  • қызметкерлерге ұсынылатын кепілдіктер туралы.