Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Кәсіпкерлердің өмірінен

Арман мен Әлияның фермерлік шаруашылығының балансы:

Актив

Пассив

ІҚМ

1 500 000

Құрылыстар

200 000

Меншікті капитал

1 970 000

Жабдықтар

150 000

Несие

990 000

Қор

360 000

Көлік

750 000

2 960 000

2 960 000

Шағын бизнесте бухгалтерлік есепті төмендегі тұлғалар жүргізіп отыруы мүмкін:

  • кәсіпкердің өзі

  • есепші (тұрақты немесе келіп отыратын, уақытша)

  • бухгалтерлік есеп саласында қызмет көрсететін фирма

Егер Сіз заңды тұлғаны тіркеп отырған болсаңыз жұмысқа кәсіби бухгалтерді алу қажет.

Егер Сіз ЖК болсаңыз және патент немесе жеңілдетілген декларация бойынша есеп беріп отырған болсаңыз Сізге есепті өзіңізге жүргізіп отыруға болады.

Жаман іс жоқ, жаман ісші бар

Қазақ мақал-мәтелі

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ

Қызметкерлерді басқарудың негізгі мақсаты – өз кәсіпорныңыздың адамдардың көмегімен табысқа жетуін қамтамасыз ету.

Қызметкерлерді басқару – басшының ең қызықты, сонымен қатар ең ауыр міндеттерінің бірі. Сіздің бағынуыңызда тым болмағанда бір адам пайда болған жағдайда осының қажеттігі айқындала бастайды. Және егер Сіз өз ісіңізді дамытудың бастапқы кезеңінде өз күшіңізге ғана сенетін болсаңыз, артынан ерте ме кеш пе өсіп келе жатқан бизнесіңіз адамдарды, мамандарды қатыстыруды қажет ете бастайтын болады.

Қызметкерлерді басқарудың негізгі бағыттары

Қызметкерлерді іріктеу

Барынша маңызды бағытқа қызметкерлерді сауатты түрде іріктеу жатады. Есіңізден шығармаңыз, Сіз жұмысқа алып жатқан адамдарға Сіздің бизнесіңіздің тағдыры байланысты болады.

Бизнеске қандай адамдар қажет? Бұл компанияның даму циклына байланысты. Бизнестің «шоғырлану» деп аталатын бастапқы даму циклында тәуекелге баруға әзір, күйзеліске берілмейтін және әртүрлі жұмысты орындай алатын адамдарды таңдап алу өте маңызды. Яғни, арнайы бір салада ғана жұмыс істейтін мамандар емес, кең салада жұмыс істейтін мамандар!

Барлығы жаңа қызметкердің орындауы тиіс болатын жұмыстарды суреттеуден басталады. Әдетте, мұндай суреттеме лауазымдық нұсқаулықта көрсетіледі. Лауазымдық міндеттерге негізделумен біліктілік талаптары қалыптасады. Оларда қызметкердің өзіне тапсырылған жұмысты дұрыс орындау үшін қандай білімі, шеберлігі, дағдылары мен жеке сипаттамаларының болуы қажет екендігін көрсетіп кету керек. Және осы талаптарға сәйкес үміткерлер таңдалып алынады. Мысалы,

Лауазым

Міндеттер

Білім

Дағды

Жеке қасиеттер

Сатушы

Сатып алушымен жұмыс жүргізу

Сатып алушының психологиясын білуі тиіс

Ашықтық

Анық сөйлеу

Ұрысқа бейім болмау

Сыртқы әлпеті жағымды

Тауарды сату

Тауардың бағасын, тауардың сипаттамаларын білуі тиіс

Ақша санау

Кассада жұмыс істеу

Шыдамдылық

Жеделділік

  • Практикалық тапсырма. Ал енді Сізге керек қызметкерлерді сипаттап беріңіз:

Лауазым

Міндеттер

Білім

Дағды

Жеке қасиеттер

Үміткерлерді тарту үшін БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, радио, телевидение), жұмысқа орналастыру агенттіктері тәрізді ақпарат көздерін, ал кейбір жағдайларда жеке байланыстарын, таныстар мен достарының ұсыныстарын тиімді түрде пайдаланып отыру қажет.