Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Гранттар

Грант – бұл өзін Сізге қайсыбір қазақстандық немесе халықаралық ұйымның қоғамдық құны бар жобаны жүзеге асыруға арнап ұсынып отырған ақшалай сомасы. Грант грант ұсынушы белгілеген шартпен тегін және қайтарымсыз түрде ұсынылады. Сонымен, Сіздің нақты бір жобаңыз бар, делік, Сізге өтінімді толтыру қажет. Өтінім – грантты бөлу туралы өтінішті білдіретін жазбаша арыз.

Әдетте, қайырымдылық және мемлекеттік қорларға өздерінің мүшелеріне (жобаны орындаушыларға, фирманың иегерлеріне, ұйымның құрылтайшыларына және т.б.) пайда әкелмейтін жобаларды орындап отырған ұйымдар қолдау сұраумен арызданады.

Қаржылық жоспарлау мен есепке алу

Бірде-бір кәсіпорын алғашқы күннен-ақ пайда көре алмайды. Белгілі бір уақыт аралығы бойы (24 айға дейін) Сіз қайтарым көрмей, бизнесті дамытуға арнап бастапқы капиталды салымдап қана отыратын боласыз.

Алайда Сіздің еңбек етуіңіздің нәтижесінде Сіздің табысыңыз Сіздің шығындарыңыздан асатын күн де жетеді, сөйтіп Сіз өз ісіңізді өзіне бола жүргізіп отырған пайдаға ие боласыз.

Ол үшін Сізге мыналар қажет:

  • Өз шығындарыңызды білу, оларды азайтып отыру

  • Өз табысыңызды жоспарлап отыру, тауар айналымын арттыру

  • Қызметіңіздің нәтижесінде пайда көру

Пайдабұл шаруашылық қызметтің нәтижесі.

Пайданы есептеу формуласы:

ТАБЫСШЫҒЫН = ПАЙДА

мұндағы ТАБЫС – сатудан түскен түсім

ШЫҒЫН – Сіздің барлық шығындарыңыз

Табыс пен шығындар жоспары (ал соған негізделумен Пайда мен шығын туралы есеп беру) Сізге сатылымдарды және ақшаның жұмсалуын бақылап отыруға, Сіздің шығындардың орнын жабу үшін қанша ақшаның затын сатуға тиіс болатыныңызды түсінуге көмектеседі.

Бұл жоспарды құру үшін Сізге күнделікті сатудан түскен ақшаны, өндіріске, салық төлеуге және Сіздің бизнесіңізді ұстауға жұмсалған шығындарды ай сайын тіркеп отыру қажет. Бұл ретте жоспарлаудың ақиқатқа сәйкес болуы тиіс екендігін түсінген өте маңызды. Компанияның қызмет ете бастаған алғашқы күндерінде үлкен көлемдегі сатылулар болады деп күту үлкен қателік болып табылады

1-тоқсан бойынша үлгілік табыс пен

шығын жоспары

:

 

 

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

(теңге)

(теңге)

(теңге)

1

Табыс

 

 

 

1.1.

Тауарды сатудан түскен табыс

300 000

400 000

500 000

 

Табыстың жиыны

300 000

400 000

500 000

2

Шығын

 

 

 

2.1.

Материалға жұмсалған шығын

100 000

120 000

140 000

2.2.

Еңбекақы

80 000

80000

80 000

2.3.

Панажайды жалға алу

50 000

50 000

50 000

2.4.

Коммуналдық қызметтер

35 000

38 000

40 000

2.5.

Сақтандыру

5 000

5 000

5 000

2.6.

Несие бойынша пайыздар

65 000

65 000

65 000

 

Шығындардың жиыны

335000

358 000

380000

 

Таза пайда

-35 000

42 000

120 000

ТАБЫС, БҰЛ:

  • Бизнес белгілі бір уақыт бойы «жоспарлы-шығынды» болып отырады!

  • «Артығымен» және ақиқатқа сәйкес жоспарлаңыз!

  • Орын алуы мүмкін шығындарды ескеріп отырыңыз!

  • Үлкен көлемдегі сатылулар алғашқы күннен-ақ болады деп ойламаңыз!

Оңтайлылық

Оңтайлылық - экономикалық тиімділіктің көрсеткіші. Оңтайлылық – бұл кәсіпорынның немесе кәсіпкерлік қызметтің табыстылығы. Оңтайлылық оңай есептеледі: бұл пайданың шығындарға немесе ресурстардың жұмсалуына бөліндісі.

Оңтайлылық формуласы

Оңтайлы деп пайдаға ие, яғни оңтайлылықтың жағымды көрсеткіштеріне ие кәсіпорын аталады. Егер кәсіпорын шығынды болса, онда ол тиімсіз деп аталады.

Өнім оңтайлы деп пайда әкелген жағдайда айтылады.

Тауардың өзіндік құны

  • Өзіндік құн өнімнің бағасын белгілеудің негізі болып табылады!

  • Тауардың бағасы оның өзіндік құнынан төмен болуы мүмкін емес !

  • Өзіндік құнның арзандауы кәсіпорынның пайдасы мен оңтайлылық деңгейі қосындысының артуына әкеледі!

Өзіндік құнның негізгі екі түрі бар: өндірістік және толық.

Өндірістік өзіндік құнға шикізатты өндіріске қосу сәтінен бастап және дайын бұйымдарды куәландыру мен оларды дайын өнім қоймасына тапсырумен аяқталатын, өнімді өндіру процесімен байланысты болып келетін шығындар ғана кіреді.

Толықтай өзіндік құн – бұл өнімді өндірумен байланысты шығындар (өндірістік өзіндік құн) мен оны сатуға жұмсалған шығындардың (коммерциялық шығындар) қосындысы. Коммерциялық шығындарға өнімді орап-қаптауға, сақтауға, тиеуге, тасымалдау мен жарнамалауға жұмсалған шығындар кіреді.

Өзіндік құн формуласы

Бухгалтерлік есеп

Кәсіпорындағы ақшамен байланысты операциялардың барлығын есепке алу және тіркеу. Бухгалтерлік есептің нәтижесіне Баланстық есепке алу жатады, ол күнтізбелік жылдың соңында жасалады.

Баланстың оң жақ бөлігінде қаржылық құралдардың көздері ескеріледі. Бұл пассив.

Баланстың сол жақ бөлігінде – қаржылық құралдарды жұмсау баптары ескеріледі. Бұл актив.

Актив

Пассив

Негізгі құралдар

Меншікті капитал

Айналымдық капитал

Қарыздық капитал

Бізге тиесілі бөлігі

Біз төлеуге тиіс бөлігі