
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Бірқатар практикалық кеңестер
Банктің несиелік мамандары баға беретін бірінші нәрсе – сіздің ашықтығыңыз және қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынудағы жеделдігіңіз. Барлық түсіндірме мен түсініктемелерді телефон арқылы беріп отыратын жеке бір адамды тағайындаңыз немесе осыны өзіңіз жасаңыз.
Банктің қойған барлық сұрақтарына шын жауап беріңіз. Егер сіз құнды ақпарат жарияланады деп қорықсаңыз банктен сізбен құпиялылық туралы келісімшарт жасасуды өтініңіз. Банк әдеттегі контрагент емес, және ол үшін бедел – абстрактілік ұғым емес, өзінен оңай айырылуға болатын нақты құндылық. Сенімді болу үшін банктің беделі жайлы, оның тарихы, иегерлері жайлы біліңіз. Банкілік интернет-форумдарға кіріңіз, банктің түрлі рейтингілердегі жағдайын анықтаңыз.
Егер қандай да бір сауалдар сізге біртүрлі немесе өте «жеке сипаттағы» болып көрінген болса, банктің маманынан оған бұл сауалдарға не үшін жауап алу керек екендігін сұрастырып көріңіз. Оның дәл нені анықтағысы келетінін – бұл оның жеке қызығушылығы емес жұмысы екендігін түсінуге тырысыңыз. Тиісті түсіндірмелер алғаннан кейін сіз банктің сауалдарын орынды деп немесе олардың мәнсіздігі жайлы қорытынды жасарсыз.
Бірде бір банк қарыз алушы туралы неғұрлым көбірек ақпарат алуды міндет етпейді. Мұның оған еш қажеті жоқ. Банк үшін сіздің бизнесіңіз туралы біртұтас және нақты ақпарат алу, оның ағымдағы жағдайын және даму келешегін бағалауға мүмкіндік беретіндей материал көлемін алған маңызды. Әрине, банк сізден алған мәліметтерге ғана негізделмейді, ол оны қолдан келер барлық әдістермен тексеріп алады. Егер қажет болса, банктің өзі сіздің тауарыңыздың тұтынушысына айналады, сіздің дүкеніңіздегі сауданың барысын тексереді және т.б. Тұтастай алып қарағанда ақпаратты тексерудің тікелей және жанама әдістері банкирдің қиялымен және қолданыстағы қылмыстық кодекспен ғана шектеледі.
Банк үшін сала, нарық, жеке өнімдер туралы әр түрлі зерттеулер мен есеп берулер аса қымбат ақпарат болып табылады. Мұндай ақпаратты ұсына отырып сіз өзіңіздің хабардар екендігіңізді көрсетесіз және сонымен бірге банктің сіздің несиеңіз бойынша жұмысын жылдамдатасыз. Кейде есеп беруді жасау ісін өздеріне салыстырмалы түрде аз ақша төлеумен білікті сарапшыларға тапсырған дұрыс. Әдетте, мұндай шығындар ақталады.
Егер сіздің кәсіпорныңыздың web-сайты бар болса несиелік маманның назарын соған аударған жөн болады. Ғаламтордағы іс–жүзінде жұмыс істеп тұрған, мерзімді түрде жаңартылып отыратын сайт сіздің бизнесіңіздің тұрақтылығының жанама белгілерінің бірі болып табылады.
Жақсы бизнес–жоспарды әзірлеуге уақытыңыз бен күшіңізді аямаңыз. Оны қалай дұрыс жасау керектігі туралы сіз осы мәселеге арналған кітаптың жеке тарауын оқып біле аласыз. Жан-жақты әзірленген (және де оның көлемді болуы міндетті шарт емес) бизнес-жоспар, сауатты түрде жасалған қаржылық есептеулер құрметтік көзқарас тудырады және сіздің бизнесіңіздің экономикалық дербестігінің маңызды индикаторларының бірі болып табылады.
Өз болжамдарыңызды абайлықпен жасаңыз. Әрдайым жоспарларыңызды құру кезінде өзіңізге есеп беріп отырыңыз. Сіздің кез келген мәмілеңіздің экономикалық мәні болуы тиіс. Сіздің бизнесіңіздің несиені ала салысымен бірден болады деп жоспарланып отырған «қарқынды» өсіп-өркендеуі банк үшін жағымсыз сигнал болып табылады. Өсіп-өркендеудің шағын және бірқалыпты қарқыны (5-15%) ақиқатқа анағұрлым сай болады.
Негізгі қызметі шағын бизнеске ғана несие беруге негізделген банктер бар. Әдетте, олар сомасы бойынша салыстырмалы түрде шағын болып келетін несиелерді көптеген қарызгерлерге де ұсынып жатады. Мұндай банктер әрбір несиеге толықтай егжей-тегжейлі талдау жасап отыра алмайды, олар «скорингілік» үлгілерді қолданып отырады.
Олардың мәні банк жинақтаған статистикалық ақпаратты қолдануға негізделген, яғни түрлі категориядағы қарыз алушыларға (жынысына, жасына, қызмет түріне және т.б. қарай) берілген несиелер орта есеппен қаншалықты жақсы немесе нашар өтелуде. Мұндай банк несиені өте жылдам түрде бере алады. Алайда мұндай несие бойынша пайыздық мөлшерлеме банктің несиелер қайтарылмауынан болған ықтимал шығындарын өтейтіндей етіп бекітілетін болады. Бұл адал қарыз алушы үшін онша тиімді болып табылмайды, себебі соның ақшасының бір бөлігінің есебінен «айыппұл төлеушілердің» қарыздары өтеліп отыратын болады.
Банкпен сұхбаттасу барысында Остап Бендермен соның «Большие Васюки» атты шахмат турнирін және «тарихтағы тұңғыш планетааралық шахматтық турнирді» ұйымдастыру кезіндегідей салыстырулардан аулақ болуға тырысыңыз. Оның үстіне, несиені алғаннан кейін сіз «бір мезгілде жүргізілетін ойын сеансынан қашып кете» алмассыз.
Сіздің кепіл затының құны туралы пікіріңіз бен банктің баға беруі өзара өте өзгешеленетініне әзір болыңыз. Есіңізде болсын, банк кепіл затын несиені қайтару мақсатында бағалайды және сол себептен өз ұсыныстарында өте консервативті болып келеді.
Сіздің несие бойынша жеке кепілдігіңіз банк үшін аса маңызды мәселенің бірі. Оны ұсынудан бас тартумен (кез келген себеппен) сіз бірден «айыппұлдық ұпайларға» ие боласыз. Банктің логикасы қарапайым және түсінікті: «егер сіз өз бизнесіңізге сенбей отырсаңыз, неліктен оған банк сенуі тиіс?».
Елде болып жатқан экономикалық процестер жайлы, қаржылық ұйымдардың , соның ішіндегі банктердің жұмысы жайлы хабардар болыңыз, қаржы-экономикалық әдебиеттерді оқыңыз. Банкирлермен біртіндеп кәсіби тілде сөйлесуді үйреніп отырыңыз, эмоциялардан аулақ болыңыз. Есіңізде болсын: қарыз алушы неғұрлым түсінікті және сабырлы болса, ол банк тұрғысынан алғанда соғұрлым сенімді болмақ.