
- •Кәсіпкерлікке кіріспе
- •Нарықтық экономиканың негіздері
- •Нарықтық экономика:
- •Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары
- •Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары
- •«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ арқылы жүзеге асырылып отырған кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламалары
- •Табысқа жету факторлары
- •Бизнес-жоспардың мазмұны
- •Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
- •Нарықты талдау
- •Маркетинг жоспары
- •Өндірістік жоспар
- •Қосымшалар
- •Ішкі факторлар
- •Әңгіме Сіздің бизнесіңіз жайлы, Сіздің кәсіпорныңыз жайлы болуда
- •Сыртқы факторлар
- •Әңгіме сіздің айналаңыз жайлы, сыртқы әлеміңіз жайлы болуда
- •Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің 7р толтырыңыз
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •6 Қадамдық маркетингілік жоспар
- •Бастапқы капиталдың көзі
- •Меншікті жинақтаулар, туыстар мен жақын адамдардың көмегі
- •Несиелер
- •Бастапқы капитал
- •Гранттар
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Несиелер
- •Коммерциялық несие
- •Б анк несиесі не үшін қажет
- •Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн
- •Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
- •«Сізге менің ақшам не үшін керек?»
- •Бірқатар практикалық кеңестер
- •Егер қиындықтар туындаса...
- •Әрі қарай не болмақ?
- •Гранттар
- •Қаржылық жоспарлау мен есепке алу
- •Кәсіпкерлердің өмірінен
- •Ең жақсы үміткерлер – бұл осы жұмысқа мүдделі болып келетін үміткерлер!
- •Штатты көбейтпеңіз, адамдарды қажетіне қарай алыңыз!
- •Бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде Сізге әртүрлі жұмысты орындай алатын және орындауға даяр адамдар қажет болуы мүмкін!
- •Жұмысқа туыстарыңыз бен жақындарыңызды алуға болады, алайда есіңізде болсын, Сізге олармен жұмыс істеген әрі жеңіл, әрі қиынға түсетін болады!
- •Адамды жұмысқа алмас бұрын онымен сөйлесіп көріңіз, оның практикалық дағдыларын тексеріп алыңыз!
- •Бейімдеу
- •Мотивациялау
- •Адамдарды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.
- •Сындарлы түрде сынаңыз.
- •Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің дамуына көмектесіңіз.
- •Қызметкерлерді маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.
- •Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.
- •Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!
- •Еңбектік келісімшарт
- •Еңбектік келісімшартты жасасу үшін қажетті құжаттар (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 31-бабы):
- •Еңбек қатынастары барысында заң нормаларын ұстанып отыру – кез келген деңгей мен ауқымдағы жұмыс беруші үшін міндетті шарт.
- •Әр адамның еңбек саласындағы өз құқықтыры мен еркіндіктерін жүзеге асырудың тең мүмкіндіктері бар.
- •Қызметкерлерге арнап еңбек жағдайларын нашарлау жағына қарай өзгертуге жол берілмейді!
- •Бизнестің формалары
- •Ерлі-зайыпты адамдардың кәсіпкерлігі
- •Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады!
- •Біржолғы талон
- •Есіңізде болсын, біржолғы талонда кәсіпкерлікпен айналысу орны көрсетіледі, және ол тек сол жерде ғана жарамды болады!
- •Заңға сәйкес осы қызмет түрлерімен патент бойынша айналысуға тыйым салынған!
- •Патентті қалай алуға болады?
- •Патенттің ақысын есептеу
- •Жеңілдетілген декларация
- •Жеңілдетілген декларация бойынша төленетін салықтарды есептеу
- •Есептеу мысалы:
- •Толық серіктестік (тс)
- •Коммандиттік серіктестік (кс)
- •Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (жшс)
- •Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (қжс)
- •Акционерлік қоғам (ақ)
- •Өндіріс кооперативі (өк)
- •Жоспарлы тексерулер
- •Жоспардан тыс тексерулер
- •Тексеруді кім және қандай жиілікпен жүргізуі мүмкін?
- •Келісімшарт
- •Келісімшарттың құрылымы
Қалайша «қымбат» несие тиімді болуы мүмкін?
Пайыздық мөлшерлеме - несиенің экономикалық құнын белгілейтін көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар несиенің валютасы мен мерзімі тәрізді шарттар да аса маңызды рөл атқарады.
Әдетте, несиенің мерзімі неғұрлым қысқа болса, ол соғұрлым арзанға түседі. Алайда мұндай арзандылық үшін сіздің жоғары белгісіздік тәуекелімен есеп айырысуыңызға тура келеді. Сіз несиені өтеп және қайтадан несие алғыңыз келген жағдайда банк пайыздық мөлшерлемені көтеріп немесе несиені жандандырудан мүлде бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар, және бұл ең маңыздысы, несиенің мерзімі соның мақсатына сай болуы тиіс. Егер сіз несиені қысқа мерзімді саудалық операцияларға арнап тартып отырған болсаңыз, несиені өтеу үшін сізге бірнеше ай жеткілікті болады. Сонымен қатар, өндірістік жабдықты немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған несиені қайтару бірнеше жылды қажет ететін болады.
Мүмкіндігінше, валюталық тәуекелдерді өз мойныңызға артып отырмау үшін несиені өз қарсы агенттеріңізбен есеп айырысатын валюта түрінде алуға тырысыңыз. Егер сіз теңгемен есеп айырысып отырсаңыз, алайда, несиені шетел валютасы түрінде алуға мәжбүр болып отырсаңыз, банктен сол валютаны айырбастау (сатып алу-сату) тарифтерін біліп алыңыз. Бұл тарифтер, әдетте, несиелік келісімшартта көрсетілмейді, және банктің валюталық нарықтардағы белсенді жұмысына байланысты болады.
Несиелік келісімшарттың тағы бір маңызды бағалық шарттары – түрлі комиссиялар. Оларға немқұрайлы қарамаңыз, себебі олар несиенің қорытынды бағасын елеулі түрде қымбаттатып жіберуі мүмкін. Шарттарды талқылау кезінде өзіңіз төлейтін комиссияларды, олардың көлемі мен төлеу тәртібін түгелдей атап беруді өтініңіз. Қаржыландыруды ұйымдастыру үшін, есепшоттарды ашу мен жүргізу үшін, несиелік желінің пайдаланылмаған лимиті үшін, мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссияларға ерекше көңіл бөліңіз.
Банктің заңды сараптама жасау туралы, тек банк көрсеткен нақты жағдайларда ғана кепіл затының құнын бағалау, сақтандыру туралы талабы сіздің бизнесіңіз үшін қосымша қаржылық жүктемеге айналуы мүмкін. Әдетте, банк ұсынып отырған 1-2 белгісіз компаниядан тұратын тізімі әңгіменің банкпен байланысты немесе іс жүзінде құрылған нарықтық емес компаниялары жайлы болып отырғандығының белгісі болып табылады.
Сіздің несиелік келісімшартпен ескерілген қаржылық емес міндеттемелеріңізге, және банктің несиені мерзімінен бұрын талап ету немесе кепіл затын сату жөніндегі құқықтарына назар аударыңыз. Әдетте, бұл шарттар стандартты болып табылады және банктер көп жағдайда соларды өзгертуге дейін барып отырады. Дегенмен де, олар өте маңызды.
Әдетте, банк сіздің былайша айтқанда «ковенанттарды» – шектеу шарттарын ұстанып отыруыңызды талап етеді, аталмыш шарттар сізді белгілі қаржылық көрсеткіштерді берілген шекараларда ұстап отыруға міндеттейді, мүлікті банктің рұқсатынсыз сатуға немесе кепілге салып отыруға, жаңа несиелерді тартып отыруға және т.б. тыйым салады. Банк тұрғысынан алғанда бұл шарттар несиені қайтару ықтималдығын арттыруға бағытталған. Және оларды сіздің тарапыңыздан бұзу банкке несиені мерзімінен бұрын өтеуді талап ету немесе кепіл затын сату құқығын береді. Екінші жағынан, ковенанттар сізге өз бизнесіңізді табысты түрде жүргізіп отыруға объективті түрде кедергі жасап отыруы мүмкін. Тұтастай алып қарағанда, банкпен келіссөздер жүргізу өнері банктің тыныштығын қамтамасыз етіп және сізге өз бизнесіңізді алаңсыз жүргізіп отыруға мүмкіндік беретіндей мәміле шарттарына келісуге негізделген. Сіздің кәсіпкерлік тәуелсіздігіңізді шектейтін банк ұсынып отырған жағдайлар сіз үшін қаншалықты тиімді екендігін ойлап көріңіз. Мысалы, сіздің шотыңыз бойынша белгілі түрдегі айналымдарды немесе белгілі түрдегі қоймалық қалдықтарды белгілі бір деңгейде ұстап тұру талаптары (іс жүзінде сіздің капиталыңыз шамадан тыс қорларда «тоқтатылады»).
Айыппұлдар шаралардың - мөлшері мен төлем реттерін – асқын мөлшердегі пайыздардың, өсімпұлдың, айыппұлдардың көлемі мен оларды төлеу тәртібін қарап шығуды ұмытпаңыз. Солар бойынша саудаласудан қысылмаңыз. Сіз өзіңіздің мінсіз екендіңізге қаншалықты сенімді болсаңыз да, сізге соларды тым болмағанда бір рет төлеуге тура келетінін ойлаңыз. Қаржылық емес міндеттемелерді бұзғаны үшін – қаржылық есептілікті, анықтамалар мен өзге түрдегі құжаттарды уақытында ұсынбау үшін айыппұлдық санкциялардың бар-жоғын тексеріңіз.
Ақыры, өзіңіздің банкпен келешек қатынастарыңызға практикалық ыңғайлылық тұрғысынан қарап көріңіз. Банктің кеңсесі қаншалықты жақын және қолайлы түрде орналасқан? «Банк-клиент» жүйесінің мүмкіндіктері қандай және ол сіздің бухгалтерияңыз үшін қолайлы ма? Банк сіздің сұранымдарыңызға қаншалықты тез жауап береді? Ол несиелерді қаншалықты жылдам ұсынатын болады? Банктің қызметкерлерімен өзара түсіністік бар ма? Ақырында, және бұл өте маңызды – сіздің бұл банкке деген сеніміңіз бар ма?
Асығыстық жасамаңыз; банкті өзіңіз үшін маңызды болатындай барлық факторларды ескере отырып таңдаңыз. Сіздің стратегиялық серіктесіңіз болып пайыздық мөлшерлемесі аса төмен болып табылмайтын банк болуы әбден мүмкін.