Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Банкті қалай дұрыс таңдаған жөн

Ең алдымен, банкті іздестірудің ең қате тактикасы жайлы айта кетейік, мұндай тактикаға банктерге ең аз пайыздық мөлшерлемемен кепілді ең жоғары мөлшерде бағалауды іздестіру мақсатымен телефон шалу. Кітаптың авторлары әртүрлі банктерде көп жыл бойы жұмыс істеу тәжірибесіне ие. Және біздің практикалық тәжірибеге негізделген терең сеніміміз бойынша сенімді қарызгерлерді пайыздық мөлшерлеме аз қызықтырады.

Ойлап көріңізші: пайыздық мөлшерлеме, кепілдің мерзімі мен құны келісімшартта небәрі үш тармақты алып жатыр. Алайда ең қарапайым келісімшарттың өзі бірнеше парақтан құралады. Және сол парақтарда сіз үшін алдыңғыларынан анағұрлым маңызды және тіпті шешуші болып келетін шарттар көрсетілуі мүмкін.

Біріншіден, несиелендірудің шарттарын телефон арқылы талқылауға болмайды. Бірде-бір дені сау банк қарызгерді көрместен және оның бизнесін түсінбестен қандай да бір шарттарды ешқашан айтпайды.Әрі кеткенде телефон арқылы сіз ресми «шеңберлік шарттармен» танысасыз, оларды банктің сайтынан да көруге болады емес пе.

Сәтсіз жағдайда сізді кез келген сылтаумен жауап беруден ресми түрде бас тарту күтіп тұрады, оның нақты себебі – банктің өз уақытын көрінбейтін клиентке шығындағысы келмеуі. Егер өмірлік серігін таңдаумен салыстыруды жалғастыратын болсақ, тақырыпқа байланысты әңгіме сіздің алғашқы кездесуіңіз болған кезде ғана басталады емес пе. Банкирлермен көзбе-көз түрде кездесіп отыру керек. Қазақстанда барлығы 38 банк жұмыс істейді. Уақытыңызды жұмсап солардың неғұрлым көбірек санымен келіссөздерді жүргізуден жалықпаңыз. Алғашқы кездесулердің нәтижелерінен-ақ сіз шеңберді 3-4 банкке дейін тарылтасыз, бұл банктермен сіз өзіңізді ыңғайлы күйде сезінетін боласыз – сол жеткілікті.

Өздерінен несие алу оңай болатын банктерге бірден бас салмаңыз. Әдетте, несиелендіру туралы шешімді қабылдаудағы жеңілдік сіздің бизнесіңіздің төбесінен қара бұлт төнген кезде қабылданатын шаралардың қаталдығымен өтеліп отырады.

Географиялық жақындығын ескеріп отырыңыз – бәрінен де жергілікті банктермен немесе ірі банктердің жергілікті филиалдарымен жұмыс істеп отырған ыңғайлы, себебі олар жергілікті ерекшеліктерді жақсы біледі.

Екіншіден, алғашқы кездесулер барысында банктің қаржыландырудың нақты шарттарын хабарламауының мүмкін екендігіне даяр болыңыз. Әдетте, оларды әзірлеу уақытты қажет етеді және банктің сіздің бизнесіңізді талдау нәтижелеріне байланысты болады. Бұл ретте банк сіздің экономикаңыз бен қаржыңызды ғана зерттеумен шектелмейді. Ол нарықтың жағдайына, сіздің беделіңізге, қарсы агенттермен қатынастарыңызға және тіпті сіздің мінезіңізге баға береді. Кез келген банк үшін келешегі бар нарықта, алайда өзін алдын-ала болжап білу мүмкін емес немесе жауапсыз қарызгермен жұмыс істеуден гөрі, қиын нарықта саналы адамдармен жұмыс істеген тиімді. Сол себептен кездесуге даярланып келуге және өзіңізді өте адал және ашық ұстауға тырысыңыз.

Егер сіз бір нәрсеге күмәндансаңыз, шынын айтқан дұрыс. Банкті клиенттің ашықтығынан басқа ешнәрсе соншалықты қатты сендіре алмайды.

Банк қызметкерлерін ешқашан кемсітуге болмайды. Олар тек қаржы мен экономиканы ғана білетін маман емес, жан-жақты білімі бар білікті адамдар. Банк қызметкерлері барлық нарықтар мен өнеркәсіпттерді біледі, нарықтағы елеулі ойыншыларды жақсы біледі, тіпті олардың көпшілігімен жеке таныс болады, технологияларды жақсы біледі немесе, жақсы сарапшыларды тартып отыру мұмкіндігіне ие. Және көп жағдайда дәл осы банктің несие мамандары өз мансаптарын несиелендірілетін компаниялардың қаржы директорлары ретінде жалғастырып жатады.

Банктің жас несие маманына ешқашан да асқақтап қарамаңыз. Сіз өзіңіздің болашақ қаржы директорыңызбен сөйлесіп тұрғаныңыз әбден мүмкін.

Банктің сайтын қарап шығуды ұмытпаңыз. Сіздің өзіңіз үшін маңызды ақпарат алуыңызбен қатар (мысалы, несиелендіру шарттары мен қажет етілетін құжаттардың құрамы туралы) банк туралы хабардар болуыңыз жағымды әсерін тигізетін болады.

Егер сіз банк несиесін алуды жоспарласаңыз, онда қандай-да бір банктің несие бөлімінің бұрыңғы қызметшісін тауып, жұмысқа қабылдағаныңыз дұрыс. Оның айлығына кеткен ақшаңыз біраздан соң ақталады.

Үшіншіден, кездесуге алдын-ала дайындалған құжаттармен барған жөн. Қазақстанда қарыз алушылардан алынатын және несиелік жеке іске қосылатын құжат тізімдеріне қойылатын арнайы талаптар бар. Ол талаптарды Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу агенттігі (ҚҚА) орнатады. Сонымен қатар, әр банктің құжаттарды рәсімдеуге қатысты қоятын өзінің қосымша талаптары болуы мүмкін. Алайда тұтастай алғанда қажет етілетін құжаттардың тізімі қалыпты болып келеді. Оған өзіңізде әрдайым болатын (мысалы, құрылтай құжаттар, қаржылық есептілік) немесе өздерін алу қиынға соқпайтын құжаттар (мысалы, Салық комитетінің берешектің жоқ екендігі туралы анықтамасы, банктердің қарыздар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы, шоттар бойынша айналымдардың көлемі туралы анықтамалары) немесе әзірленуі қиындық туғызбайтын құжаттар (мысалы, бизнес-жоспар) кіреді. Өзіңізбен бірге біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз туралы және қол жеткізген нәтижелеріңіз туралы мәліметтер көрсетілген түйіндемені әзірлеп бірге ала баруды ұмытпаңыз.

Төртіншіден, сізге банктің үлгілік несиелік келісімшартын көрсетуді өтініңіз. Сізге түсініксіз шарттарды, таныс емес терминдерді атап кетіңіз. Өз заңгеріңізден немесе банктермен жұмыс жүргізу тәжірибесіне ие адамнан келісімшартты қарап шығуын өтініңіз. Оған өз сауалдарыңызды қойыңыз. Банктің несиелік бөліміне қоңырау шалыңыз. Тура осы сауалдарды банктің мамандарына да қойыңыз.