Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

Несиелер

Бизнесті ашуға өз ақшаңыз жетіспеген жағдайда несиелендірумен немесе жекеменшік несиемен айналысатын компаниялардың қызметін пайдалануға болады.

Несие - қарызға ұсынылған ақшаның сомасы. Несие – Сізге қарызға берілген ақша, сыйақы – Сіз несиені пайдаланғаныңыз үшін төлеп отыратын несиенің жалпы сомасының пайыздары.

Несиелерді екінші деңгейдегі банктер ұсынады.

Банктен несие алу үшін Сізге ең алдымен ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) қажет. Егер банкте ТЭН-ның формасына қатысты талаптар қолданылса, Сізге банкілік форманы толтыру керек болады.

Алайда, қалай болғанда да негіздеме сендіретіндей болуы тиіс және банк соны оқып шығып Сізге несиеге ақша беру туралы шешім шығаруы тиіс. ТЭН-ды әзірлеу кезіндегі алғашқы кезектегі міндет – бизнесті дамытудың келешегі мен жоспарланып отырған пайданы көрсету. Несиені беру туралы шешім осыған байланысты болады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытуға арнап барлық алғышарттар туындауда, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі кең ауқымды шаралар қолданылуда. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық ірі банктерінде шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары жұмыс істеуде. Бұл бағдарламалардың артықшылығы – ұзақ несиелендіру мерзімі және төмен пайыздық мөлшерлемелер. Сонымен қатар негізгі қарыз ақшаны төлеуді 12 айға дейін кейінге шегеру жеңілдігі ұсынылады.

Инвестициялық несие.

Капиталға (негізгі құралдарға) қатысты ұзақмерзімді қажетсінулерге арнап ұсынылады. Олар:

  • Ғимараттар мен құрылыстар,

  • жабдықтар, білдектер,

  • технологиялық желілер,

  • автокөлік.

Овердрафт

Бұл компанияның ақшалай қаражаттардың уақытша жетіспеушілігінен немесе ағымдағы есеп айырысуларды аяқтау үшін есепшотта болмауына байланысты соларға қатысты қажетсінулері туындаған кездегі ағымдағы қызметін қамсыздандыруға арнап берілетін кепілсіз қысқамерзімді қарыз ақша.

Несиелендірудің мақсаты:

  • компанияның сатып алып жатқан тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі қызметі бойынша қызмет көрсетулердің есеп айырысу құжаттарының ақшасын төлеу;

  • компанияның салықтық және өзге түрдегі міндетті төлемдерін аудару;

  • Компанияның операциялық және өзге түрдегі шығындары бойынша төлемдерді жүргізуі және өзге де шаруашылық мақсаттары;

  • Ерекше жағдайларда бизнестің ерекшелігіне қарай және банкпен келісе отырып овердрафты компанияның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін пайдалануға болады.

Овердрафтың артықшылығы – кепілдің қажеті болмайды және жылдам ресімделеді.

Лизинг

Бұл негізгі құралдарды жалға алу формасы, мүлікті пайдалануға алу. Бұл кәсіпорындарға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі қорларды сатып алып және жаңартып отыруға мүмкіндік беретін қаржылық аспап. Шын мәнінде, лизинг дегеніміз – бұл мүлікті артынша сатып алу құқығымен ұзақмерзімді жалға алу. Мүлік лизингінің бүкіл мерзімі бойы лизингілік компанияның меншігінде қалып отырады. Лизингтің затына ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, керек-жарақ, көлік құралдары, жер телімдері мен кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын өзге кез келген түрдегі негізгі құралдар жатуы мүмкін.

Лизингілік компания лизинг алушының өтініші бойынша лизинг келсімшартын жасасқаннан кейін және, әдетте, аванстық төлемді алғаннан кейін лизинг затын (автокөлікті, жабдықты, ғимаратты/құрылысты) алады және оны лизинг алушыға соның уақытша пайдалануына арнап тапсырады.