Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК КУРСТАРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.62 Mб
Скачать

«…Еңбек етуші халықтың 60%

шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде

Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады..»

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаев

ЖЕДЕЛ КӘСІПКЕРЛІК

КУРСТАРЫ

Оқу-әдістемелік құралы

Алматы, 2009

Оқу-әдістемелік құралын әзірлеген:

«Халықаралық Бизнес Академиясы»

Авторлар ұжымы:

Бижан Б.А., Иссык Т.В., Құрғанбаева Г.А.,

Сахарчук Е.Э., Тшенсовская Д.Ж., Филин С.А.

Тараулар: «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары», «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары», «Банкілік несиені қалай алуға болады», бұл тарауларды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметкерлері әзірлеген

МАЗМҰНЫ

КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ

Нарықтық экономика негіздері

5

Шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі

8

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен проблемалары

9

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары

12

КӘСІПКЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

Кәсіпкер дегеніміз кім?

21

Табысқа жету факторлары

25

Өз бизнесіңді құру кезеңдері

27

БИЗНЕС-ЖОСПАР

Бизнес-жоспардың құрылымы

30

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ МАРКЕТИНГ

Бизнес-идея

37

Идеяның келешектігін талдау – SWOT-талдау

39

Маркетингтің 7Р ережесі

42

6 қадамдық маркетингілік жоспар

47

Кәсіпорындағы маркетингілік қызмет: үш саты

48

КӘСІПКЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАРЖЫ

Бастапқы капитал

50

Бастапқы капиталдың көзі

53

Меншікті жинақтаулар

54

Несиелер

56

Банк несиесін қалай алуға болады

58

Гранттар

77

Қаржылық жоспарлау мен есепке алу

78

Табыс пен шығындар жоспары

78

Оңтайлылық

80

Тауардың өзіндік құны

81

Бухгалтерлік есеп

82

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ

Қызметкерлерді басқарудың негізгі бағыттары

84

Қызметкерлерді іріктеу

85

Басқару стилі

88

Бейімдеу

89

Мотивациялау

90

Еңбек туралы заңдар

92

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЗАҢДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Кәсіпкерліктің түрлері

97

Бизнестің формалары

98

Шағын кәсіпкерлік субъектілері

99

Жеке кәсіпкерлік (ЖК)

99

ЖК-ны тіркеу

104

Шағын бизнес субъектілеріне арналған салық салу

106

Арнайы салықтық режим

106

Біржолғы талон

108

Патент

110

Жеңілдетілген декларация

113

Шаруа (фермерлік) қожалығы

116

Заңды тұлғалар

118

Заңды тұлғаның тіркелуі

119

Шаруашылық серіктестіктер

120

ҚР Салық органдары

125

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік бақылау

127

Тексерулер

129

Келісімшарт

132

Кәсіпкерлікке кіріспе

Әрбір адамның бақытты және табысты болғысы келеді. Әрекетшіл, осы өмірде әлдебір нәрсеге қол жеткізуді қалайтын адамдар үшін бұл ұғымдар бір-ақ нәрсені білдіреді. Себебі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, өзге адамдардың құрметіне бөленген кезде (табысқа жету), өз-өзіңді қанағаттанған, өз-өзіңе сенімді, қанаттанған күйде сезінесің (бақыт).

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы өзінің кәсіпкерлік қабілетін байқап көргісі келетін кез келген адамға көптеген мүмкіндіктер береді.

«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын.

Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Кәсіпкер ретінде Кантильон өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адамды түсінетін.

Американдық экономист Иозеф Шумпетер (1883 – 1950) былай деп тұжырымдайтын: кәсіпкерлік дегеніміз – бұл, ең алдымен, өзінің нәтижесінде жаңа тауарлар жасалунәтижесінде болып отыратын жаңашылдық қызмет.

Нарықтық экономиканың негіздері

Менің кәсіпкер бола алатынымды не бола алмайтынымды экономика деп аталатын үлкен кеңістікте қызмет ете бастаған кезде ғана білуге болады .

Экономика – бұл адамның, отбасының, кәсіпорынның және тұтастай елдің адамдарды қажетті өмірлік игіліктермен қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық қызметі. Адамдардың қажетсінулері артып, ғылым мен техника дамыған сайын шаруашылық қызмет те жетіліп отырған, сөйтіп экономика бұрынғысынан да жоғары сатыларға көтеріліп отырған.

Сізбен біз қазір нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатырмыз.

Нарық дегеніміз не? Нарықтың ең қарапайым анықтамасы – бұл тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінін сату-сатып алу саласы. Жоспарлы экономика уақыты көпшіліктің есінде қалған, ол кездері көптеген тауарлар мен қызмет көрсету турлері сатылмай, үлестіріліп отырған. Мысалы: пәтерлер, туристік жолдамалар, жоғары оқу орындарына жолдамалар және өзге де көптеген нәрселер. Өзінде барлық нәрсе өз бағасына ие болатын, барлығы сатылатын және сатылып алынатын экономика нарықтық экономика деп аталады.

Нарықтық экономика:

  • Адамдарға экономикалық еркіндік берілген

  • Адамдарға таңдаудың шексіз мүмкіндіктері берілген

  • Нарық, сатушылар, сатып алушылар мен тауар бар

  • Тауарға сұраныс пен ұсыныс бар

  • Сатушылардың (өндірушілердің) және сатып алушылардың (тұтынушылардың) әрекет ету ережелері қолданылады

  • «Сатып алу-сату» мәмілелерінің легі орын алады

Нарық – бұл ерекше заңдар арқылы, сұраныс пен ұсыныс заңдары бойынша жүзеге асырылып отыратын сатып алу-сату мәмілелерінің шексіз легі. Бұл заңдар сатушылардың (өндірушілердің) және сатып алушылардың (тұтынушылардың) әрекет ету «ережелерін» белгілейді. Сатып алушы тауарды неғұрлым арзан бағаға сатып алуды қалайды, ал сатушы неғұрлым қымбат бағамен сатуды қалайды. Демек, тауарды сатып алғысы келетіндердің саны (сұраныс) көбейген кезде – тауардың бағасы өсе түседі, себебі сатушы мұны көре отырып бағаны көтеріп жібереді. Бағаның көтерілуі өндіруші үшін белгі болып табылады, сөйтіп ол ұсынысты (яғни өндірісті) өсіреді. Қайсыбір сәтте сатылып жатқан тауарлардың саны (ұсыныс) сұраныстан асуы мүмкін және тауарлардың бір бөлігі сатып алушылар жағынан қажет етілмеген болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл тауардың бағасы сатып алушы табылғанша арзандай беретін болады.

Мысалы, нарықтық баға өскен кезде сатып алушылар экономикалық тұрғыдан ұтылады (олар қымбаттаған тауарларды аз мөлшерде сатып алады) және сатушылар ұтады (олар өзінің әрбір тауары үшін көбірек ақша ала алады).

Нарықтық баға арзандаған кезде керісінше, сатып алушылар ұтады, ал сатушылар ұтылады.

Осылайша, нарық жағдайларында тауарлардың сұранысы мен ұсынысының аралық қатынасы арасында теңгерілу үнемі өзгеріп отырады. Белгілі бір сәттегі сұраныс пен ұсыныстың аралық қатынасы нарық жағдаяты деп аталады.

Сұраныс пен ұсыныс заңының әсері нарықтық экономиканың аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Кейде бұл нарықтың «көзге көрінбейтін қолы» деп аталады. Алайда бұл заң нарықтың жалғыз ғана сипаттамасы болып табылмайды.

Нарықтық экономиканың тағы бір аса маңызды қасиетіне экономикалық еркіндік жатады. Экономикалық еркіндік дегеніміз азаматтардың барлығына өзінің қабілетін, жеке қасиеттерін, мүлкін белсенді экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін толықтай пайдалануға кепілдік болады деген мағынаны білдіреді.

Сатып алушы төмендегі жағдайларда экономикалық еркіндікке ие болады, егер ол:

  • ұсынылып отырған көптеген өнімнің арасынан қалаған өнімін таңдай алса;

  • сатушалардың арасынан жақсы қызмет көрсеткен және өзінің тауарын жақсы бағамен сатқан сатушыны таңдай алса;

Сатушының еркіндігі келесіге негізделген:

  • барынша қолайлы сатушыны таңдап алу;

  • тауарларды сатудан түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсау мүмкіндігі;

  • шығарылатын өнімге қатысты бағаны белгілеу құқығы.