
- •1.Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары. Тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі аспектілері
- •2. Дауыссыз дыбыстар: белгілері, жүйесі.
- •3.Дауысты дыбыс: ерекшелігі,жүйесі.
- •4.Еріндік дауыстылар: ерекшелігі, емлесі.
- •5. Функциялы етістіктер. Көсемше: ерекшелігі қызметі
- •6.Етістік семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшелігі (13-сұрақта)
- •7. Сөздің лексикалық мағынасы және оның типтері. Лексикалық мағынаның құрылымы: денатот, сингификат, коннатоттық мағына
- •8.Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним
- •9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
- •14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
- •16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
- •18. Синоним жасалу жолдары, сөз варианттары.
- •19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.
- •22. Көнерген сөздер
- •23. Жалпылама және арнаулы лексика
- •24. Лексиканың арнаулы және эмоционалды экспрессивті қабаты
- •25. Көмекші сөздер: семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшеліктері, түрлері.
- •26. Қазақ тілінің қосымшалар жүйесі, жіктелу ерекшеліктері!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •27. Неологизмдер
- •29.Қазақ орфографиясының ұстанымдары
- •30. Зат есім, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері.
- •31. Ұлттық тіл және оның тармақтары, әдеби тіл, белгілері.
- •39.Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •40. Тұрақты тіркес: белгілері оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.
- •43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!
- •44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.
- •46. Грамматикалық мағына және оның берілу жолдары
- •47. Тіл біліміндегі структуализм, оның көрнекті өкілдері.
- •48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
- •49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
- •50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
- •51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
- •52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •Лексика-семантикалық тәсіл:
- •53.Синтаксистік қатынас, тема және рема
- •54. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары
- •55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.
- •56. Тұрлаулы мүше: белгілері, түрлері.
- •57. Етістіктің рай категориясы
- •60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!
- •61. Сабақ және оның типтері
- •Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
- •63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.
- •64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
- •65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
- •66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
- •67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
- •68. Сөйлем мүшелерін!!!!!! оқытуда интерактивті сабақтардың маңызы.
- •69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
- •70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
- •10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
- •71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
- •Сабақ жоспарының үлгісі:
- •Үйге тапсырма.
- •73. Cабақ мазмұнына қойылатын талаптар
- •76. Сөз тіркестерін оқытудағы интербелсенді технология, сабақ жоспарын жасаңыз Жадыра кесте!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •78/85. Қазақ тілін оқыту әдістері, оны қолдану жүйесі./Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
- •79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте
- •81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •82.Технология терминінің сипаттамасы.
- •83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары
- •84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.
- •86.Сөз мағынасын ойын арқылы оқытудың жолдары
- •87.Фонетикалық талдау жүргізудің жолдары
- •88.Дәулетияр Әлімжановтың әдістемелік еңбектерін талдау
- •90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •6. Панорамалық сабақ.
14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне бірі акустика артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы екі түрлі: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі деп сөз бен қосымшалардағы дауыстылардыі бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуін айтамыз.
!!!!!!жуан және жіңішке дауыстылар басқа тілден енген сөздерде, біріккен және қос сөздерде араласып келеді.
!!!!!буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
көмектес септік жалғауы: баламен, қалақпен.
нікі, дікі, тікі, тай, тал, дар, еке, тар: даланікі, әкетай, діндар, ағеке, өсімтал, кемтар.
бей, би, кер, гер, қор, паз, қой, кеш, хана, кес: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер, зиянкес.
ов, ова, ев, ева, ин, ина: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазин.
Дыбыс үндестігі деп сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін бірі өзіне ұқсата әсер етуі.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал дегеніміз көрші тұрған дыбыстардың алғашқысы кейінгісін өзіне ұқсата әсер етуі. Мыс:
Кейінді ықпал дегеніміз сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуіү Мыс: жап – жабады, теп – теуіп, кітап – кітабы.
Тоғыспалы ықпал дегеніміз қатар тұрған екі дыбыстың бір бірне әсер етуі. Мыс: Досжан – Дошшан, тасжарған – тасшшарған. - -
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдары төмендегідей:
Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады.
Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, оған жалғанатын қосымшалар да ұяңнан басталады.
Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаңнан басталады.
15. Буын үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігінің орны. !!!!!!!!!!!!!!!!!!!( 14-сұрақтың жауабында бар)
16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздердің мағынасы бірте бірте солғынданып,, жоғала бастайды. Олар тек көбінесе тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығармаларда ғана сол кезеңнің бейнесін көрсету мақсатында қолданылады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
Тарихи сөздер (историзм) – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б., қазір пайдаланылмайтын қару жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б., кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарба т.б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс тіршіліген \, салт сана, әдет ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы т.б., әдет ғұрып атаулары: сауын ойнау, ұрын бару, бесік құда, барымта т.б., үй тұрмысы, киім кешек, ыдыс аяқ атаулары: сәукеле, лашық, саптыаяқ, кебеже т.б.
Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері болады. Мфысалы кеңес дәуірінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран), ай атаулары ) наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.
Жаңа сөздер. Сөздік қорға жаңадан енен сөздер жаңа сөздер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:
қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;
тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылады, жаппай қолданысқа енгеннен соң жаңа сөз болудан қалады. мысалы: космос, космонавт, спутник. деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөз болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, құжат, кеден, зейнетақы, зейнеткер, үнқағаз, хабарлама т.б. сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты өсімдік, бау бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай, қызанақ, орамжапырақ, дернәсіл, үлескі, қскін, жасушы, ағза т.б.
17. Сөйлем, оған тән белгілер (предикаттылық, модальділік, интонация)
Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөз тіркесі.
Сөйлемге тән белгілер:
предикативтілік – синтаксистің негізгі еденицасы болып таб. сөйлемнің функционалдық ерекшелігін білдіретін синтаксистік категория. Предикативтілік сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың қатынасы.
модальділік – сөйлемде айтылатын хабардың ақиқат шындыққа қатынасы. модальділік сөйлемде интонация, етістіктің рай, шақ категориялары, түрлі етістік жұрнақтары, демеуліктер, тіпті сөздердің орын тәртібі, сондай ақ, қыстырма сөздер арқылы беріледі.
коммуникативтілік – сөйлемді қатынас құралы болу тұрғысынан сипаттау.
интонацияда – сөйлемде сөйлеушінің көңіл күйі, айтылған ойы, сыйластық, салқындық, енжарлық, ризашылық, мысқыл, құрмет, сенімсіздік тб тыңдаушыға байланысты қатысы байқалады. сөйлем біршама аяқталған.