
- •1.Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары. Тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі аспектілері
- •2. Дауыссыз дыбыстар: белгілері, жүйесі.
- •3.Дауысты дыбыс: ерекшелігі,жүйесі.
- •4.Еріндік дауыстылар: ерекшелігі, емлесі.
- •5. Функциялы етістіктер. Көсемше: ерекшелігі қызметі
- •6.Етістік семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшелігі (13-сұрақта)
- •7. Сөздің лексикалық мағынасы және оның типтері. Лексикалық мағынаның құрылымы: денатот, сингификат, коннатоттық мағына
- •8.Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним
- •9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
- •14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
- •16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
- •18. Синоним жасалу жолдары, сөз варианттары.
- •19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.
- •22. Көнерген сөздер
- •23. Жалпылама және арнаулы лексика
- •24. Лексиканың арнаулы және эмоционалды экспрессивті қабаты
- •25. Көмекші сөздер: семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшеліктері, түрлері.
- •26. Қазақ тілінің қосымшалар жүйесі, жіктелу ерекшеліктері!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •27. Неологизмдер
- •29.Қазақ орфографиясының ұстанымдары
- •30. Зат есім, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері.
- •31. Ұлттық тіл және оның тармақтары, әдеби тіл, белгілері.
- •39.Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •40. Тұрақты тіркес: белгілері оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.
- •43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!
- •44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.
- •46. Грамматикалық мағына және оның берілу жолдары
- •47. Тіл біліміндегі структуализм, оның көрнекті өкілдері.
- •48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
- •49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
- •50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
- •51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
- •52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •Лексика-семантикалық тәсіл:
- •53.Синтаксистік қатынас, тема және рема
- •54. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары
- •55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.
- •56. Тұрлаулы мүше: белгілері, түрлері.
- •57. Етістіктің рай категориясы
- •60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!
- •61. Сабақ және оның типтері
- •Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
- •63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.
- •64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
- •65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
- •66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
- •67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
- •68. Сөйлем мүшелерін!!!!!! оқытуда интерактивті сабақтардың маңызы.
- •69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
- •70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
- •10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
- •71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
- •Сабақ жоспарының үлгісі:
- •Үйге тапсырма.
- •73. Cабақ мазмұнына қойылатын талаптар
- •76. Сөз тіркестерін оқытудағы интербелсенді технология, сабақ жоспарын жасаңыз Жадыра кесте!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •78/85. Қазақ тілін оқыту әдістері, оны қолдану жүйесі./Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
- •79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте
- •81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •82.Технология терминінің сипаттамасы.
- •83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары
- •84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.
- •86.Сөз мағынасын ойын арқылы оқытудың жолдары
- •87.Фонетикалық талдау жүргізудің жолдары
- •88.Дәулетияр Әлімжановтың әдістемелік еңбектерін талдау
- •90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •6. Панорамалық сабақ.
9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
Шылау деп- толық лексикалық мағынасы жоқ, cөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемнің арасын байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып түрлі мағыналық грамматика үстейтін көмекші сөздерді айтамыз.
Шылаулардың өздеріне тән мынандай белгілері бар:
1)Шылаулар обстрактылы грамматикалық мағына білідреді, олардың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2)Шылаулар грамматикалық қызмет атқарады. Олар тең дәрежеде сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра және сабақтастыра байланыстырады
3) Шылаулар сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды
4) Шылау өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.
Шылаулардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай 3 топқа бөдінеді. Олар:
1.Жалғаулықтар- өз ара тең дәрежеде сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстарын көмекші сөздердің бір тобын айтамыз. Мыс: Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе ол- білім.
2.септеуліктер, -Обьект пен обьектінің арасындағы әр қилы грамматикалық қатынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратын сөздерді септеуліктер дейміз. Мыс: Бұл жұмысқа кірісуге ең алдымен ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек
3.демеуліктер.- Өздері тіркескен сөздерге әр алуан грамматикалық мағына қосатын сөздерді демеудік шылаулар деп атаймыз. Демеуліктер шылаулардың құрамына енетін көмекші сөз таптары. Мыс: Қызметін істесе де қарайласқысы келмегені ғой.
10.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, белгісі. Анықтауыш жасалу жолдары, түрлері.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, мақсаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ақ түр, түс, сын –cапа жағынан толықтыралы. Оларға қосымша мән беріліп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып тұрады. Олар әдетте тұрлаулы мүшелерге бағынады.
Анықтауыш- зат есімнен не болмаса заттық мағынада қолданылған мүшені анықтайтын тұрлаусыз мүшені айтамыз. Ол: Қандай?Қай?Кімнің?ненің?қанша?неше?нешінші? дег.сұр.ж.б
Дара анықтауыш Мыс: Арманға үлкен, сұлу көздермен жылы қарап, аса биязы алғыс айтты
Күрделі анықтауыш Мыс: Ұзын бойлы жігіт қарға малтығып, әрең жүріп келеді
Мағынасына қарай сапалық және меншіктік болып жіктеледі
Сапалық анықтауыш деп – заттың сапасын, сынын, түр түін тағы басқа белгілерін нақты көрсетіп, анықтайтын сөзімен іргелес, қабыса байланысатын түрін айтады. Мыс.Шет елдерде қолдан жасалған бұйымдар қымбат бағаланады
Меншікті анықтауыш- өзі қатысты сөздермен алшақта, іргелес тұрып та байланысып, меншіктілік, біреуге немесе бір нәрсеге тән мағынаны береді.
Жасалуы:
11. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары мен қызметі.
Одағай - сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөз табына жататын сөздер адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін және де адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын ишараттар мен төрт түлік малға, үй хайуанаттарына арнайы шақыра айтылатын сөздер тобы. Қазақ тіліндегі одағай категориясы басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы. Одағай сөздер тілге көркемдік сипат беретін, көркем шығармада көп қолданатын сөздер. Мысалы: - Ойбай-ау, онда саудагер сұмды біржола туралатып кетесің ғой!..(Ғ.Мүсірепов). Қазақ тіл білімінде одағай сөз туралы ғылыми пікір айтқан Құдайберген Жұбанов, жан-жақты зерттеген Ш.Ш.Сарыбаев.
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы:
Одағай түрленбейтін сөз табы, жұрнақ-жалғаулар қабылдамайды. Сөйлем ішінде зат есім орнына жүріп, субстансивтенгенде ғана зат есімнің грамматикалық формаларымен түрлене алады. Мысалы: Сен осы ойбайыңды қойшы!
Жұрнақ арқылы жасалынбайды, сондықтан одағай тудыратын жұрнақтар жоқ. Кейбір одағайлардан басқа сөз таптарын тудыратын -ла, -ле, -лап, -леп, -шыл, -шіл, -ақ жұрнақтары жалғану арқылы туынды түбір етістіктер мен есім сөздер жасалады. Мысалы: ойбай – ойбайла, уһ – уһлеп, т.с.с.
Одағай грамматикалық формаларға түспейтіндіктен, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Одағайлардың өзара тіркесіп қолданылуында белгілі бір тәртіп бар, кез келгені бір бірімен тікесе бермейді. Көбіне өзара тіркесіп қолданылатындар ішкі мағына үйлесімі бар, мағына жағынан бір-біріне жақын жағымды не жағымсыз көңіл күйді білдіретін, эмоцияға байланысты дара айтылатын, сөз-сөйлем орнына жүретін одағайлар.
Одағайлар құрамы жағынан екі топқа бөлінеді:
Негізгі түбірлі одағайларға бір фонемадан тұратын, әрі қарай бөлшектенуге келмейтін түбір сөздер жатады. Мысалы: жә, уа, әй, оһо, тек, кәне.
Күрделі түбірлі одағайлар негізгі түбір одағайлардың немесе екі сөздің бірігуінен не қосарлануынан жасалады. Мысалы: мәссаған, апырм-ай, Алла, әттеген ай, бәрекелді, ләббай, бай-бай, ай-шай т.б.
Лексика семантикалық топтары:
Мағыналық жағынан үш топқа бөлінеді:
1.Көңіл күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл күй одағайлары арқылы бөлінеді. Мысалы:
-Па, шіркін! Өмір болсаң, бол осындай! Мырқымбай! Мырқымбай! Бай-бай бай!.. жүрмісің жай (Бейімбет Майлин).
Адамның ішкі сезіміне қатысты айтылатын одағай сөздердің мағынасының әр түрлілігіне қарай көңіл-күй одағайлары үшке бөлінеді:
Жағымды көңіл күй одағайы
Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағай
Көңіл күй одағайларының әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін тобына жататындары әдетте көп мәнді болып келеді де, олардың мағыналары контекст ішінде не ситуацияда анықталады. Мысалы: «пай -пай» одағайы берде сүйсіну таңдану, таңырқау (Пай пай, қандай керемет!) кезінде айтылса, екіншіде ренжу, наразылық (пай-пай не болар екен бұл істің арты?) мәнінде жұмсалады.
2.Императивтік-ишара одағайлар. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағыштап айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салy, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағытталып отырған обьектісіне қарай екіге бөлінеді:
Адамға бағыштап айтылатын одағайларға адамның атына, адресіне, бұйыру, жекіру, тыйым салу мақсатымен қолданылатын одағайлар қатарына айда!, ау!, әй!, тәйт!, сап сап!, марш!, стоп!, кәне!, тек!, әлди!, әуп!, тәй тәй!, қаз қаз!. Мысалы: -Ау, жігіттер, бұларың не? (Ғ. Мұстафин)
Малға бағыштап айтылатын оодағай сөздер: моһ моһ, шөре шөре, көс көс, әукім әукім, айтақ т.б. Мысалы: Әукім, әукім! Мал деп осы көк сиырды айтсашы! (Б.Майлин)
3.Тұрмыс салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірақ тұрмыста олар жиі қолданыатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, қоштасу т.б. сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын сөздер жатады. Олар: Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалумағалейкум! Кеш жарық! Құп! т.б.
Қызметі: сөйлемге эмоционалды экспрессивті мән береді. !!!!!!!!!!!!!!
12. Сан есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері, мағыналық топтары.
Семантикалық ерекшеліктері:
Сан есім зат белгісін білдіруі жағынан зат есіммен тіркесте жиі қолданылады. Сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынады қолданылатын бір топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә.Хасенов екі топқа бөліп қарастырған: бірінші сан есімнің тура мағынасында және солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, жарты, жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалғыз, дара, некен-саяқ т.б. Сонымен қатар осы тобы тағы екі мағыналық топқа бөлінеді: І. сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым, ат шаптырым. ІІ. жүз бас қой, бір қап бидай, екі қабат үй, үш түп ағаш т.с.с.
А.Ысқақов та осындай бір нәрсе айтқан қуып.
Мағыналық топтары:
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіретін сан есімнің мағыналық тобы және саны жағынан ең көбі. Есептік сан есімдер зат есіммен тіркесіп, оны анықтап тұрғанда, морфологиялық жағынан еш өзгеріске түспейді. Есептік сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды. Ал есептік сан есіммен сөзжасамның әртүрлі тәсілдері арқылы жаңа сөздер жасалатындығы (бесбармақ, елу басы, алты бақан, екі ұшты, екі ұдай, екі жүзді) А.Ысқақовтың оқулығында.
Реттік сан есім белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады. Нешінші, қаншасыншы деге сұрақтарға жауап береді. ыншы, інші, ншы, нші жалғаулары жалғануы арқылы жасалады. Құрамына қарай дара, күрделі. үнемі зат есімнің алдында келеді. зат есімдерше түрленеді. Мысалы: екіншісі де оның жанына тізерлей отырып, шоққа қолын созды. (Х.Есенжанов)
Жинақтық сан есім белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жинақтық абстракт сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады. Жинақтық сан есімдер есептік сан есімдерге ау, еу жұрнақтары қосылуы арқылы жасалады, олар: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Жинақтық сан есімдердің ерекшеліктері:
::: ж.с.е. ешқашан күрделі түрде қолданылмайды.
::: ж.с.е. мағына жағынан субстантивтік қасиеті болып келетін сөздер болғандықтан, сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың бәрін де қабылдай береді. мысалы: үшеудің, екеуінің.
::: ж.с.е. лексика семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы біраз жаңа сөздер жасалған. Мысалы: Домбыраны да, әнді де біреу үйреткен жоқ маған, өз бетіммен үйрендім. (Н.Ғабдулин)
Топтық сан есім есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан қол үзген дан(ден, тан, тен) аффиксін қосу арқылы жасалып, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсететін сөздер. Топтық сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі. Ерекшеліктері:
топтық сан есім жасалаын негізгі көрсеткіш шығыс септік жалғауы.
кейде дан, ден қосымшасы топтық сан есімдердің анықтайтын сөздеріне қосылып айтылады. Мыс: отыз ағаштан отырғызылды.
топтық сан есімдер грамматикалық көрсеткіштермен түрленбейді және жаңа сөздер жасай алмайды.
Болжалдық сан есім белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен айтатын сөздер.
Болжалдық сан есімдер дай, дей, тай, тей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
ер жұрнағы тек бір есептік сан есіміне жалғанады: бірер мыңды місе тұтпай, бес алты мыңнан алмақ. (Ғ.Мүсірепов).
есептік сан есімдерге лаған, леген, даған, деген, таған, теген жұрн. жалғ. арқ. жас.
лап, леп, дап, деп, тап, теп жұрн. жалғ. арқ.
есептік сан есімге көптік жалғау мен жатыс септігінің жалғауы жалғ. арқ. екілерде, үштерде.
есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы он үш он төрт жасар.
есептік сан есімдерге шақты, шамалы, қаралы, таман, жуық, астам, асқан, келген, тарта, таяу сөздерінің тіркесуі арқ.
Бөлшектік сан есім білгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін, бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіретін сан есімнің мағыналық тобы. жасалуы:
бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші сыңары ілік немесе , шығыс септіктің бірінде, екінші сыңары тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрады: төрттің бірі, жиырманың үші.
бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте тұрады және көбіне «бөлігі» деген сөз тіркеседі. бестен бір, үштен бір бөлігі.
Морфологиялық ерекшеліктері:
Синтаксистік ерекшеліктері:
сан есім, оның ішінде жинақтық сан есім ілік септігінде тұрып анықтауыш қызметін атқ.
сан есім заттанып, атау септігінде тұрып бастауыш қыметін атқарады.
сөйлем соңында келіп баяндауыш қызметін атқарады.
барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып жанама толықтауыш қызметін атқарады.
сан есімдер септік жалғауын қабылдамай ақ етістік алдында тікелей келіп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.
13. Етістіктің морфологиялық сипаты. Күрделі етістік, оның түрлері.
Морфологиялық сипаты:
Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері:
Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды, болымсыз, сал сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. сөйлемде әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Жұрнақтары: ған, ген, қан, кен (бұрынғы өткен шақ), ар, ер, р, с (болжалды келер шақ), атын, етін, йтын, йтін (дағдылы өткен шақ), ушы, уші, мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек (мақсат мәнді келер шақ).
Көсемше тұлғалық, мағыналық жағынан тиянақсыз болғандықтан, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етеді. а, е, й (жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді), ып, іп, п (бұрынғы өткен шақ).
Тұйық етістік етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі. Тұйық етістік түбір және туынды етістікке у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Етістіктің таза грамматикалық категориялары:
Рай категориясы: Сөйлеушінің қимыл, іс әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.
Ашық рай қимыл, іс әрекет үш шақтың бірін білдіретін рай түрі.
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (үшінші жаққа) қаратылып, бұйыра айтылатын, өзіне (бірінші жаққа) байланысты қимылға, іс әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі.
Шартты рай қимыл әрекеттің болу болмау, орыналу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика грамматикалық категориялар тұлғаларына са, се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. ғой, еді, екен, етті, ма, ме, игі еді, (айт)са керек.
Қалау рай сөйлеушінің қимыл, іс әрекетті орындауға я орындамауға ықыласын, қалауын, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Негізгі етістікке ғы, гі, қы, кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып жіктеледі де, жақтық, көптік, жекешелік мән үстеліп, келді, келеді көмекші етістігі тіркесіп жасалады.
Шақ категориясы:
Өткен шақ.қимылдың, іс әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп біткен білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.
Жедел өткен шақ ды, ді, ты, ті жұрн.жалғ. арқ.жасалады.
Бұрынғы өткен шақ ған, ген, қан, кен (екен) тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады, етістікке көсемшенің ып, іп, п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы өткен шақ. есімшенің атын, етін, йтын, йтін жұрн. арқ. жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасын білдіреді.
Келер шақ. қимыл, іс әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді.
Болжалды келер шақ есімшенің ар, ер,р, болымсыз етістіктен кейін с жұрн.жалғ.арқ. жасалады.
Мақсатты келер шақ мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек жұрн. үстіне шы, ші жұрн. жалғанып, жіктелуі арқ. жасалады.
Ауыспалы келер шақ а, е, й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқ.жасалады.
Осы шақ. сөйлеп тұрған сітпен байланысты қимылдың, іс әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.
Нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.Нақ сы шақтың күрделі түрі а,е,й, ып, іп, п тұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктердің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Ауыспалы осы шақ а, е й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқ. жасалады.
Жақ категориясы:
Күрделі етістік, оның түрлері: