
- •1.Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары. Тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі аспектілері
- •2. Дауыссыз дыбыстар: белгілері, жүйесі.
- •3.Дауысты дыбыс: ерекшелігі,жүйесі.
- •4.Еріндік дауыстылар: ерекшелігі, емлесі.
- •5. Функциялы етістіктер. Көсемше: ерекшелігі қызметі
- •6.Етістік семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшелігі (13-сұрақта)
- •7. Сөздің лексикалық мағынасы және оның типтері. Лексикалық мағынаның құрылымы: денатот, сингификат, коннатоттық мағына
- •8.Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним
- •9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
- •14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
- •16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
- •18. Синоним жасалу жолдары, сөз варианттары.
- •19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.
- •22. Көнерген сөздер
- •23. Жалпылама және арнаулы лексика
- •24. Лексиканың арнаулы және эмоционалды экспрессивті қабаты
- •25. Көмекші сөздер: семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшеліктері, түрлері.
- •26. Қазақ тілінің қосымшалар жүйесі, жіктелу ерекшеліктері!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •27. Неологизмдер
- •29.Қазақ орфографиясының ұстанымдары
- •30. Зат есім, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері.
- •31. Ұлттық тіл және оның тармақтары, әдеби тіл, белгілері.
- •39.Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •40. Тұрақты тіркес: белгілері оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.
- •43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!
- •44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.
- •46. Грамматикалық мағына және оның берілу жолдары
- •47. Тіл біліміндегі структуализм, оның көрнекті өкілдері.
- •48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
- •49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
- •50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
- •51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
- •52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •Лексика-семантикалық тәсіл:
- •53.Синтаксистік қатынас, тема және рема
- •54. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары
- •55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.
- •56. Тұрлаулы мүше: белгілері, түрлері.
- •57. Етістіктің рай категориясы
- •60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!
- •61. Сабақ және оның типтері
- •Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
- •63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.
- •64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
- •65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
- •66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
- •67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
- •68. Сөйлем мүшелерін!!!!!! оқытуда интерактивті сабақтардың маңызы.
- •69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
- •70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
- •10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
- •71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
- •Сабақ жоспарының үлгісі:
- •Үйге тапсырма.
- •73. Cабақ мазмұнына қойылатын талаптар
- •76. Сөз тіркестерін оқытудағы интербелсенді технология, сабақ жоспарын жасаңыз Жадыра кесте!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •78/85. Қазақ тілін оқыту әдістері, оны қолдану жүйесі./Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
- •79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте
- •81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •82.Технология терминінің сипаттамасы.
- •83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары
- •84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.
- •86.Сөз мағынасын ойын арқылы оқытудың жолдары
- •87.Фонетикалық талдау жүргізудің жолдары
- •88.Дәулетияр Әлімжановтың әдістемелік еңбектерін талдау
- •90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •6. Панорамалық сабақ.
6. Панорамалық сабақ.
Бұл – оқушыларды оқыту ісінің формасы емес, мұғалімдерге жаңа әдістемені таратудың жүйесі, яғни, мұғалімдер немесе әдіскерлердің мұғалімдерге өткізген сабағы. Панорамалық сабақтың тағы бір қолданар аумағы деп әдіскерлердің мұғалімдерге көмек беру құралы ретінде пайдалануын айтамыз.
Панорамалық сабақ мына мақсаттарды шешеді:
а) Озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық лабораториясын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату.
ә) Әдістемелік немесе мектеп басшыларының мұғалімдерге әдістемелік көмек беру, сабақты ұйымдастыру тәсілін көрсету.
Панорамалық сабақты өткізуші мұғалімдерге қойылатын ең бірінші талап – оның сабақ өтуде өзгелерге ұқсамайтын өзіндік тәсілдерінің болуы. Мұғалімнің оқыту үрдісінде ең көп сүйенетін әдісі қайсы, оның тиімділігі неде? Міне, панорамалық сабақты тыңдаушы әрбір мұғалім соны біліп, сезінуі керек. Сондықтан панорамалық сабақ мұғалімдердің жаңа әдісі жарқырай көрінетіндей дәрежеде құрылуы тиіс.
Панорамалық сабақта тек мұғалім әрекеті ғана көрініс таппауы тиіс. Сонымен қатар оның шәкірттерінің іс-қимылы, білімді игеру жөніндегі белсенді жұмысы анық сезілуі керек. Көп жерде панорамалық сабаққа қойылатын талап ретінде сабаққа қатысып отырған мұғалімдерді оқушы ретінде пайдалану тәжірибесі қойылып жүр. Бұл талапты орындау көпжақты жеміс береді. Атап айтсақ:
1. Мұғалімдердің оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеу тәжірибесін көрсетеді.
2. Оқушы ретінде қатысушы мұғалімдерге әріптестің тәжірибесін игеруін оңтайлатады.
Панорамалық сабақтың үшінші ерекшелігі – оқушылардың белсенді әрекеті. Жай сабақтарда мұғалім көбірек сөйлейтін болса, бұл сабақта керісінше. Ол үшін мұғалім сабақты өтпес бұрын, жаңа өтілетін тақырыпты мазмұнына қарай бірнеше тақырыпшаларға бөледі. Мұнан соң, осы тақырыптардың әрбірін түсінуге көмектесетін оқулықтар, анықтамалар, баспасөз материалдарын жинақтап алып, оны әрбір тақырыпқа жүйелеп, сол тақырыпты игеруге тиісті оқушыларға бөліп беруі керек. Оқушылардың материалдар бойынша өз түсінігін қалыптастыруына 20 минуттай уақыт беріледі. Содан соң мұғалім тақырыптың реті бойынша әрбір оқушыны кезегімен сөйлетеді. Сабақта мұғалім тек дирижер қызметін атқарады. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, сабақты өздеріне өздері түсіндіріп шығады.
Мұндай сабақтар оқушыларды сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге жан-жақты ойлануға, өз бетінше ізденуге баулиды. Оқушылардың ізденушілігін, жауапкершілігін, жұмыс істеу қабілетін арттырып, шығармашылық жұмыстар жасауға бейімдейді. Болашақта өзі таңдайтын мамандығының іргетасын қалайды.