Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.

Тіл дамыту – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас өскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, маәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады. Тіл дамыту жұмыстарын оңтайлы жүргізу үшін мұғалім лингвистика саласынан терең білімі ғана емес, психология, педагогика салсаынан да терең білімді болу керек. Тіл дамыту ең алдымен тіл ғылым саласынан берілетін білімге тікелей байланысты жүру керек (мақал, мәтел, жұмбақ шешу, өлең құрастыру т.б.)

Бағдарлама бойынша тіл дамыту үш бағытта жүргізіледі:

  1. Оқушының сөздік қорын байыту. Бұл сөздік жұмыс арқылы.

  2. Қазақ әдеби тіл нормаларын игеру (дұрыс айтылу, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру, сөз формаларының жасалуы,синтасистік құрылымы, жүйелі сөйлеу)

  3. Ауызекі сөйлеу және оны жазу түрінде ойды байланыстыра мазмұндау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Қосымша материал дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ туралы

Сонымен қатар сабақ дәстүрлі немесе дәстүрлі емес болып бөлінеді. Осы айтылған сабақтардың қай-қайсысында болса да сабақтың барлық бөлігі міндетті түрде орындалып отырады. Олар: ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, үй тапсырмасын қорыту, жаңа сабақ, жаңа сабақты бекіту, үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау.

Дәстүрлі сабақта бұл жүйе өзгеріссіз сақталып, әрқайсысына белгілі уақыт бөлініп, сабақ үрдісінде нақты іске асып отырады. Ал дәстүрлі емес сабақтарда бұл жүйе уақыт жағынан өзгеріске түседі. Мұндай сабақтарда жоғарыда аталған құрылымның біреуі ерекше саралануы мүмкін.

Дәстүрден тыс сабақтардың өзіндік ерекшелігі – кез келген мұғалім өткізе бермейтіндігі. Бұл сабақты шығармашылықпен айналысатын, көп жылдық тәжірибесі бар, мектептегі өтілетін пәндердің мазмұнымен жете таныс, бір сөзбен айтқанда, жан-жақты даярлығы мол мұғалім ғана өткізе алады. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мұндай сабақтардың нәтижесінде оқушылардың ой-өрісі кеңиді, ойлау қабілеті дамиды, сабаққа белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады, оқушылардың іс-әрекеті ерекше болады.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқыту мен оқу сабақ беру “терминімен” жиі ауыстырылады. Сондықтан мұғалім субъекті де оқушы объекті болып қалыптасқан. Мұндай жағдайда мұғалімнің шығармашылық жұмысы мүлде жүзеге аспайды. Мұғалім тек бір тақырыптың көлемінде шектеліп, оған түрлі амал-тәсілдер іздестіруге белсенділік танытпайды, ол тек сабақ беруші, бұдан баланың белсенділігі артпайды, іскерлік дағды да жүзеге аспайды. Оқушының жаңа білімді өз бетінше ақпараттық технология арқылы іздеу белсенділігі қалыптаспайды. Сондықтан дәстүрлі оқыту жүйесімен білім алған оқушы жаңа қоғамның талаптарына толық жауап бере алмайды. Дәстүрлі оқытудың жетістігі мен кемшілігін кесте арқылы көрсетер болсақ:

1-кесте – Дәстүрлі оқытудың жетістігі мен кемшілігі

Жетістігі

Кемшілігі

Оқыту жүйелі сипатқа ие.

Біртекті, қалыпты (шаблонды) құрылуы.

Оқу материалы реттелген, логикалық бірізділікпен беріледі.

Сабақ уақытының ұтымды бөлінбеуінен жаңа материалға алғашқы бағдар ғана қалыптасады да, ал жоғары деңгейді игеру үй тапсырмасына ысырылады.

Ұйымдастыруында айқындылық пен нақтылық басымдық танытады.

Оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынаста болуына мүмкіндік берілмейді. Өзіндік еркіндіктің жоқтығынан өздік даму жүзеге аспайды. Оқушы еңбегінің мотивациясы төмен деңгейде болады.

Мұғалім тұлғасы оқушы тұлғасына тұрақты және жүйелі эмоционалды ықпал әсер етіп отырады.

Оқушылардың белсенділігі орта дәрежеде болады. Оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті және репродуктивті әдістері басымдық танытады. Мұғалімнің даярлап берген білімі оқушыны ойлауға мәжбүр етпейді. Сондықтан қисынды ойлау төмен дәрежеде дамиды.

Жаппай оқыту жүзеге асатындықтан, сандық және сапалық шығын аз.

Оқушының сөздік әрекеті аз. Бір күнгі сабақта әр оқушының сөйлеу ұзақтығы орта есеппен 2-3 минуттан аспайды. Кері байланыс әлсіз. Оқушыларға жалпы қатынас жасалады және оқыту орта оқушыға бағдарланады. Оқушының өзін-өзі бағалауы (рефлексия) іске аспайды.

Дәстүрден тыс сабақтарды өткізуде ол сабақтарды материалдың мазмұнына сай іріктеп алған жөн. Мысалы: сайыс сабағын – материалды қайталап, пысықтағанда, саяхат сабағын – танымдық қасиетті дамытуға, аукцион сабағын – тарауды қайталауға, концерт сабағын – халқымыздың салт-дәстүрін, өнегесін, өнерін үйретуге арнауға болады.

Дәстүрден тыс сабақтың кейбір түрлерін таратып айта кетсек:

1. Мектептік лекция сабағы. Лекция – гректің (lectio – оқу) деген сөзінен алынған термин. Мектеп лекциясы – білім берудің ежелден келе жатқан формасы, жоғары мектеп оқу үрдісінде кеңінен пайдаланады. Қазіргі кезеңде орта мектептерде, жоғары сыныптарда өткізу кеңінен тараған, бұған себеп:

— оқу және ғылыми пәндердегі ақпараттар ауқымының кеңеюі;

— жаңа мамандандыру оқу мекемелерінің пайда болуы;

— еліміздің әлеуметтік-мәдени жағдайының озық үлгілері;

— мектеп материалдары мен оқу құралының деректер мазмұнының жұтаңдығы.

Лекцияның мәні мынада: а) Сөздік қорды дамытып, тұрақты сөз тіркестері мен айшықты сөз өрнектері қолданылады; ә) Әдеби стильдік сөйлеуге талпындырады; б) Жарыссөзде ұтымды пікір айтып, өткізілу мақсатына қарай үш түрге бөлінеді:

а) түсіндіру лекциясы;

ә) баяндау лекциясы;

б) шолу лекциясы.

Түсіндіру жүйелі түрде материалдың негізгі белгілерін анықтап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Диалогтық сөйлеу тәсілі қолданылады. Баяндау лекциясы кең көлемде күрделі мәселені қамтиды. Ол монологтік сөйлеу арқылы жүргізіледі. Шолу лекциясы өтілген бір тарауды қорытып, қайталайды. Лекция кезінде білім беру, тәрбиелеудің басты мақсаттары мен олардың дүниетанымдық дайындықтары іске асады, жүйелі түрде нақты терең білім берудің негізі қаланады. Сондықтан да лекциялық сабақтардың деңгейі көп жағдайда ұйымдастыру түрлерінің барлық жүйесі мен оқыту әдістемелерінің тиімділігін анықтап қана қоймай, оны тәрбиелік үрдістің саналы қойылымының ішкі критерийі ретінде қарастыруға болады.

Лекция сабағын өткізуде мынадай талаптар қойылады:

а) ұйымдастыру сәтінің болуы;

ә) алдыңғы сабақтардың ең маңызды қағидаларының қайталануы;

б) лекция жоспарының хабарлануы;

в) бағдарламадағы кәсіптік бағдар беруге арналған тақырыптардың ең бастысын, ең маңыздысын іріктеп ала білу;

г) лекцияда дидактикалық ұстанымдарды сақтау, тақырыпты ғылыми тұрғыда жүйелі мазмұндай білу;

ғ) лекция логиканы дамытып, одан туындайтын сұраққа тыңдаушының назарын аударып, дерексізден деректіге қарай ұғындырып, терең білім алуға ізденіс жасауды міндеттейді;

д) лекцияда ең қажетті әдебиеттер тізімі ұсынылып, олармен қалай жұмыс жүргізудің жолдары көрсетіледі.

2. Семинар сабақ. Семинар сабағын жүргізу берілетін білімді тереңдету мақсатын көздейді.

Семинар сабағы – лекцияда берілген білімді жетілдіріп, тіл ұстартып, лекциялық сөздік қорды байытуға машықтандырады. Семинарда айтылмақ ой талданатын тақырыптардың ішкі терең иірімдері дәлелді пікірлермен сараланады. Кезекті өтетін семинардың сұрақтары мен тақырыбы, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі алдын ала ұсынылып, екі-үш жеті бұрын хабарланып, өтетін уақыты белгіленеді. Семинар пікірталас туғызатындай дәрежеде болып және айтылған әдебиеттер міндетті түрде түгел оқылады.

3. Интеграциялық сабақ /жинақ сабақ/. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасының жасалуында кейбір күрделі проблемалар әр пәннің ауқымында, әр сыныпта ілгерінді-кейінді жүріп жатады. Алайда, кейбір күрделі мәселелерді топтап, жүйелеп өтуде бір-біріне жақын пәндер мұғалімдері бірлесіп сабақ жүргізулеріне болады. Мысалы, әдебиеттен М.Әуезов шығармасын өтіп болған соң, әдебиетші, тарихшы, географ т.б. пән мұғалімдері ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихына байланысты ғылыми тұжырымдарды жинақтап, бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дәлелдей отырып, оқушының көз алдына сол дәуірдің толық панорамасын келтірерліктей, қызықты сабақтар жүргізуіне болады.

4. Баспасөз конференциясы түріндегі сабақ. Конференция түріндегі сабақты төменгі сыныптарда көбінесе тараулар бойынша, ал жоғары сыныптарда жеке тақырыптар бойынша құрған дұрыс. Мұндай сабақтарды өткізуге ерте бастан әзірлік жасау орынды. Сабақ өткізу үшін сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сұрақ берушілер, яғни әртүрлі газет-журналдың тілшілері қызметін атқарады, ал екінші топ жауап берушілер, яғни сабақта өтіліп жатқан ел, оның тарихы, тілі туралы зерттеуші түрлі саладағы мамандар тобы. Бұл мамандар өзіне қатысты объектілерді терең зерттейді және оқулық бойынша алған білімін түрлі оқулықтар, әдеби кітаптар, қолжазбалар мен мерзімді басылым материалдарымен байытады. Сөйтіп, сабақ өтілетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға әзір болады.

Конференция сабақты өтерден 3-4 күн бұрын кабинетте арнайы “почта жәшігі” ілінуі тиіс. Онда оқушылар өзін қызықтыратын сұрақтарды тастап, жауап күтеді. Ал сабақ үрдісіне қатысты негізгі сұрақтар алдын ала беріліп, оларға оқушы мамандар тарапынан жауаптар әзірленеді. Баспасөз конференция сабағының пайдалы, әсерлі болуы ондағы қойылатын сұрақтардың сапасына, мәнділігіне байланысты. Әзірленген, сөйтіп алдын ала мәлім болған сұрақтарға “маман оқушылар” өздері жауап іздеп табуға, өз жауабын шебер де түсінікті, нақты түрде баяндап беруі тиіс. Сондай-ақ оқушылар сабақ кезінде өзіне берілген тақырып бойынша қысқаша кіріспе сөзінен кейін “тілшілер” қойған тосын сұрақтарға да жауап беруі керек.

Конференция сабағы өтілер алдында сынып тақтасының алдына қатар үстел қойылып, оған мамандар орналасады. Олардың алдына шағын етіп мамандығы, қызметі жазылып қойылады. Мұндай сабақ салтанатты, көңілді, оқушылардың сезімін туғызатындай жағдайда өткені дұрыс.

5. Лабораториялық зерттеу сабағы. Лабораториялық зерттеу сабағында оқушылар табиғат объектісімен, кестелермен, оқулықтағы суреттермен, схемамен жұмыс істеуге, оларда белгіленген білім мазмұнын өздігінен іздеп тауып, түсінуге үйреніп, дағдыланады. Негізгі мақсат – оқушыларды ізденгіш, ойлы, білімді болып, тақырыпты өз бетімен меңгере алатын етіп тәрбиелеуді іске асыруға көмектесу.