Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары

84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.

Аралас сабақ. Бұл сабақ мектеп тәжірибесінде кең таралған сабақтың түрі. Аралас сабақтың құрылымы мына төмендегідей жүйеленеді:

– сабақты ұйымдастыру;

– оқушылардың біліктілігін тексеру;

– меңгерген білімдерінің тереңділігі мен тұрақтылығын тексеріп, бекіту;

– мұғалімнің жаңа сабақты жоспарлауда оқушылардың оқу еңбегін психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруы;

– үй тапсырмасын беруде нақты жұмыс түрлерін көрсету.

Қазақ тілінен ұйымдастырылатын мұндай сабақтардың түрлері өз алдына жеке-жеке, дара түрде қолданылатын сабақ деп қарастыруға болмайды. Олар бір-бірімен араласып келеді, соның нәтижесінде бірін-бірі толықтырады, анықтайды.

Сабақтың мұндай топтарға жіктелуі мақсатына, оқыту әдісіне, оқушылардың дайындығына, сабақта жүргізілетін жеке, топтық жұмыс түріне, сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына, мұғалімнің дайындығына, ізденісіне байланысты.

Аралас сабақтың құрылымы

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

Оларды сабаққа әзірлеу.

Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.

Жаңа оқу материалын ендіру.

Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.

Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.

Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақбарысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзараұштасып жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы.

Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданылады.

Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзінің ''Дидактикалық очерктер'' деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді.

Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді:

Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.

Үйге тапсырма беру.

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау.

Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады.

Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкім-нің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ.

85-78.