Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте

80.Грамматикалық талдау жүргізудің жолдары. Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық, синтетикалық немесе аралас талдау болып бөлінеді.

Фон.талдау – балалар дауысты, дауыссыз дыбысты ажыратады, сөздің ауызша, жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады.

Морфо. Талдау – ауызша сөйлемдегі затты, заттаң белгісін, қимылын көрсететін сөздерді тапқызу, олардың сұрақтарын ауызша қойғызу жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (жекеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады.

Синтаксистік талдау – белгілі текстте неше сөйлем бар екенін, сөйлемнің түрі (хабарлы, сұраулы, лепті) анықталады. Сөз тіркесін ажыратады, сөйлемнің бір түрінен екінші түріне айналдырады, сөйлем мүшелеріне қарай талдайды, әуелі тұрлаулы мүшелер және олардың сұраулары, одан соң бастауышпен байланысқан тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрайтынын ескеру керек. Мысалы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті дегенде құстар ұшып кетті сөйлем, ал жылы жаққа сөз тіркесі болады.

81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

82.Технология терминінің сипаттамасы.

«Технология» ұғымы педагогикаға өндіріс аясынан енді. В. Даль

«Технология – наука техники. Техника искусство, знание, умения приема работы иприложение их к делу», - деп түсіндіреді[2 ]. Технология сөзінің алғашқы мағынасы өнімді өндіру барысында шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы деген мағынаны білдірген. Егер осы мағынадағы ұғымды педагогикалық колледжге аударсақ, технология ұғымы (гректің techne – өнер, шеберлік, білііктілік, logos - оқу) сөздерінен шығып, маманның білім, біліктілігін айқындайтын, сабақ жүргізу барысында іскерлігін көрсететін кәсіптік шеберлігі деген мағынада қолданылып жүр. Педагогика ілімінде технологиялық карта деген ұғым білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.

В.П.Беспалько, М.В.Кларкин, Б.С. Блум т.б. ғалымдар технология ұғымына мынандай анықтама береді: «оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика – психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқуды іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы»[3]. «Оқыту процесінде жоcпарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы»[4], «белгілі бір қалыпты өзгертудің, өңдеудің әдістерінің жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік» [5], «студент пен оқытушыға қолайлы жағдай жасау мақсатында оқу процесін жоспарлаудың, ұйымдастырудың, өткізудің ойластырылған моделі, үлгісі» [6], « педагогикалық жүйе»[7]т.б.

Осы уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан бірыңғай жоспарлауды қолданып келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жоспарлап, жеткізуші рөлінен студенттерді білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты. Қалыптасқан жоспарлау аясында тақырыпты меңгерту нақты үлгерім деңгейіне (жақсы оқитындар, орташалар, нашарлар) негізделді.Ал технологиялық карта тақырыпты әрбір студенттің игеруіне (үлгеріміне байланысты емес) тиімді жағдай жасайды. Ондай жағдайлар: студенттің тақырып бойынша өз бетімен жұмысы, білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату. Бұлардың бәрі технологиялық картадағы мақсат пен міндеттерге байланысты жүргізіліп отырады. Технологиялық картамен оқытудың барлық кезеңін қамти отырып, мұғалімнің әрекетіне логикалық бірізділік, қисындылық, саналалық, болжалдық, мақсаттылық сипаттар береді. Демек, қалыптасқан әдістеме бойынша жазылатын жоспар мен технологиялық карта бір – бірінен оқытуды ұйымдастыру, тақырыпты беру, оқушылардың білімін анықтау, білім деңгейін көтеру жағынан ерекшеленеді. Екі жоспардың ең негізгі айырмашылығы: оқытудың нәтижесі.