Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

Сабақ жоспарының үлгісі:

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер және оның тіл мәдениетін арттырудағы өзіндік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Шешендік сөздер туралы түсінігін кеңейту, оның танымдық мазмұны мен мағынасын оқушылар санасына сіңіру.

  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тығырықтан жол тауып, өз бетінше әрекет жасай білуге дағдыландыру.

  3. Тіл мәдениетін, халық қазынасын сақтай білуге, анап тілін құрметтеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес іскерлік ойындар (интербелсенді әдістер).

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызба, интерактивтік тақта.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география т.б.

Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушыларды іскерлік ойын тәртібімен, барысымен таныстырады, әділ қазылар алқасын сайлайды. Әділқазылар алқасы үш адамнан кем болмауы керек.

Алдын-ала үйге берілген тақырыптар бойынша төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі.

1. Реферат жазу.

а) Шешендік өнер және оның оқушылар танымын кеңейтудегі маңызы.

ә) Шешендік өнер тіл мәдениетін жетілдірудің алғышарты.

2. Пікірталас. «Шешендік өнер мен пікірталас ойыны үйлесе ме?»

3. Жоба қорғау.

Тақырыбы: Үшінші мыңжылдықтағы шешендер.

4.Ой ұшқырлығы. «Егер мен .... (сот төрағасы, судья, адвокат т.б.)

5.Шығармашылық жұмыс (қойылым).

6.Әділқазылар қорытындысы.

Мұғалім сабаққа келген оқушыларды (сынып оқушыларынан басқа), мұғалімдерді, қонақтарды іскерлік ойынның ережелерімен таныстырады. Іскерлік ойынның жоспары слайдқа жазылып, көрсетіледі.

1. Рефератты қорғау. Рефератты жазу кезінде оқушы төмендегі талаптарды ескеруге тиіс:

А) Рефератты не мақсатпен жаздыңыз? Тақырыбының идеясы мен өзектілігі неде деп ойлайсыз?

ә) Осы мәселені зерттеудегі өзіндік жаңалығыңыз қандай?

Б) Жұмысты орындағанда пайдаланған деректер мен әдебиеттерде қарама-қарсы мәліметтер, пікірлер бар ма?

В) Өзіңіз орындаған жұмыстың болашақта маман иесі болғанда қандай пайдасы бар деп ойлайсыз? Жұмыстың құндылығы неде, кімдерге қажет?

Рефераттың тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады. Реферат оқылып, сұрақтарға жауап берілген соң, олардың алдын-ала сайланған оппоненттеріне сөз беріледі. Олар рефератпен кем дегенде бір апта бұрын танысып, бағалап, ұсыныстар беруі тиіс. Оппонент басқа сыныптан болуы керек. Бұл талдаудың әділ жасалуына ғана әсер етіп қоймайды, оқушыларды әділдікке тәрбиелейді. Оппонент рефераттың безендірілуіне, көлеміне, жоспарына, мазмұнының ашылуына, реферат иесінің өзіндік үлесіне, тақырып өзектілігіне, баяндау тіліне, пайдаланған әдебиетіне, сілтемелердің дұрыс берілуіне, тұжырымына, қорытындысына еркін баға береді, кеткен кемшіліктерін көрсетіп, болашақта мына мәселелер ескерілу керек деген өз ұсынысын білдіреді.

2. Пікірталас. «Шешендік өнер мен пікірталас ойыны үйлесе ме» атты тақырыпты пысықтау мақсатында топ екіге бөлініп, пікірталасады. Рефератта айтылған пікірлер мәні пікірталас кезінде тағы да ашыла кеңейіп, толыға түседі. Пікірталас кезінде төмендегідей сұрақтар қоюға болады.

– Шешендік өнер мен пікірталас ойынының айырмашылығы неде?

– Пікірталас ойынына сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Пікірталас ойынында уақытты шектеуге келісесіз бе?

3. Бұдан кейін екі топ өздері даярлаған «Үшінші мыңжылдықтың шешендері» жобасын қорғайды. Әр топ өздері дайындаған жобаның жетістіктерін айтып, оның маңызын ашады.