
- •1.Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары. Тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі аспектілері
- •2. Дауыссыз дыбыстар: белгілері, жүйесі.
- •3.Дауысты дыбыс: ерекшелігі,жүйесі.
- •4.Еріндік дауыстылар: ерекшелігі, емлесі.
- •5. Функциялы етістіктер. Көсемше: ерекшелігі қызметі
- •6.Етістік семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшелігі (13-сұрақта)
- •7. Сөздің лексикалық мағынасы және оның типтері. Лексикалық мағынаның құрылымы: денатот, сингификат, коннатоттық мағына
- •8.Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним
- •9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
- •14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
- •16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
- •18. Синоним жасалу жолдары, сөз варианттары.
- •19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.
- •22. Көнерген сөздер
- •23. Жалпылама және арнаулы лексика
- •24. Лексиканың арнаулы және эмоционалды экспрессивті қабаты
- •25. Көмекші сөздер: семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшеліктері, түрлері.
- •26. Қазақ тілінің қосымшалар жүйесі, жіктелу ерекшеліктері!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •27. Неологизмдер
- •29.Қазақ орфографиясының ұстанымдары
- •30. Зат есім, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері.
- •31. Ұлттық тіл және оның тармақтары, әдеби тіл, белгілері.
- •39.Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •40. Тұрақты тіркес: белгілері оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.
- •43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!
- •44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.
- •46. Грамматикалық мағына және оның берілу жолдары
- •47. Тіл біліміндегі структуализм, оның көрнекті өкілдері.
- •48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
- •49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
- •50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
- •51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
- •52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •Лексика-семантикалық тәсіл:
- •53.Синтаксистік қатынас, тема және рема
- •54. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары
- •55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.
- •56. Тұрлаулы мүше: белгілері, түрлері.
- •57. Етістіктің рай категориясы
- •60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!
- •61. Сабақ және оның типтері
- •Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
- •63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.
- •64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
- •65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
- •66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
- •67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
- •68. Сөйлем мүшелерін!!!!!! оқытуда интерактивті сабақтардың маңызы.
- •69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
- •70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
- •10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
- •71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
- •Сабақ жоспарының үлгісі:
- •Үйге тапсырма.
- •73. Cабақ мазмұнына қойылатын талаптар
- •76. Сөз тіркестерін оқытудағы интербелсенді технология, сабақ жоспарын жасаңыз Жадыра кесте!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •78/85. Қазақ тілін оқыту әдістері, оны қолдану жүйесі./Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
- •79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте
- •81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •82.Технология терминінің сипаттамасы.
- •83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары
- •84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.
- •86.Сөз мағынасын ойын арқылы оқытудың жолдары
- •87.Фонетикалық талдау жүргізудің жолдары
- •88.Дәулетияр Әлімжановтың әдістемелік еңбектерін талдау
- •90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •6. Панорамалық сабақ.
69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
Жоспардың бұл түрі бағдарлама материалын тоқсанға және айларға дұрыс бөлудің үлгісі. Мұнда, әдетте, бағдарлама бөлімдерінің тізімі мен әр бөлімге арналған сағат мөлшері, өтілетін тоқсаны мен айлары көрсетіледі. Бағдарламаның әр бөлімін өту үшін белгілі мөлшерде оқу сағаты белгіленеді. Оқу жылының сағаты бағдарлама материалына сәйкес етіп, алдын ала бөлу, материалды өтуде артта қалудан немесе озып кетуден сақтайды. Егер артта қалса, бағдарлама материалының біразы өтілмей қалады, озып кетсе ол материалды оқушылар толық меңгере алмай қалады.
10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
Реті |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Уақыты |
Тақырып мазмұны |
Шығармашы лық жұмыс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
І –тоқсан |
|||||
1 |
Қыркүйектің бірі – Білім күні, қазақ тілінің шығу, қалыптасу тарихына қысқаша шолу |
1 |
|
Білім күнінің мәні. Оның негізі – ана тілі |
|
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, негізінен, алдымен оның мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, нені жете түсінбеді немесе қандай материалды жете түсінді, ары қарай оны қалай сабақтау керек, т.б. мәселелерді терең ойластырып, жоспарлауына байланысты болып келеді. Сонымен қатар сол сабақтың бұрын өткен және алда өтетін сабақтар арасындағы орны; жаңа материалды түсіндіру мен өткенді бекіту; әдіс-тәсілдеріне қатысты нақты материалдар сұрыптау; сабақта жасалатын қорытындыны ретке келтіру; дидакьтикалық материалдар мен көрнекі құралдардың қайсысын қолдану орынды болады дегенді анықтау; сабақта оқулықпен жұмыс жүргізу; тілдік талдаулар жасату; т.б.
Сабақ жоспары белгілі дәрежеде мұғалімнің күнделігі болып есептеледі. Онда жұмыстың барлық кезеңдері мен мазмұны көрсетіледі. Сабақ жоспарын жасауда әр мұғалімнің өз шеберлігі байқалады.
71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
Жалпы рөлдік ойындарды қалай өткізуге болады дегенге келетін болсақ?
мұғалім оқушылармен бірге бір жағдайларды таңдайды, белгілі бір көріністі жоспарлайды. Оны өткізуді оқушылармен бірге іс-әрекетке көшеді;
рөлдік ойынға қатысатын оқушылар санын бірден шешіп алады, осы жерде мұғалім ұялшақ, үндемейтін оқушылардың белсенділігін көтеру үшін оларды да рөлдік ойынға қатыстырады;
рөлдік ойынды қандай қалыпта өткізуді де шешіп алуға болады. Мүмкін алдымен мәтіннің мазмұнын бір оқушы оқып шығады. Содан кейін сынып алдында шағын топқа бөліп, жағдайларды әр топқа үлестіріп, оны барлық топ мүшелерінің ойнап көрсетуін талап етуге де болады;
мұғалім рөлдік ойынның дайындығы мен оны көрсетудің уақытын алдын ала айтуы керек. Қажет болса, сынып ішіндегі парталар мен орындықтардың да орнын ауыстыруға да болады;
рөлдік ойын өткізіп жатқан уақытта ойын тым шиеленісіп кетсе, мұғалім дереу тоқтатып, жалпы оқушылармен талдау жүргізуге болады;
рөлдік ойын көрсетілгенннен кейін міндетті түрде мұғалім оқушыларға ең алдымен олардың өздері алып отырған кейіпкерлерінің іс-әрекетін орындап шығуларын айтып, жалпы талдау жасау керек. Мұнда мұғалім әр оқушының белсенділігі мен қабілетін, туындаған жағдайдан шыға білетін жолды дұрыс таңдай алғанына назар аудару керек.
әр рөлдік ойында үйренетін, сабақ алатын тұстары болады, соны оқушыларға айтып, ескерту қажет.
Рөлдік ойындар оқушылардың белсенділік ойлауларын қалыптастырып, өз пікірін екінші адамға немесе сынып алдында дәлелді, толық айта білуге жетелейді.
Мысалы: оқулықтағы берілген 214-жаттығуды осы рөлдік ойынға пайдаланып, оқушыларды рөлдерге бөліп ойнатсақ, оқушылар бұл әрекетке қызығушылық танытып, өз шеберліктерімен барын салып ойнайды.
Оқушылардың бәрі Қожаның кім екенін ол жайында ел арасында айтылып жүрген күлкілі, қызықты әңгімелерден жақсы біледі. Тіпті, Қожаны білмейтіндер шанда.
1-әрекет. Жаттығуда берілген мәтін бойынша оқушыларға Қожа рөлін ойнатып көру. Дауыс ырғағы, сөз саптауына, толғау мақамына шеберліктерін салғызу.
2-әрекет. Мәтін ішіндегі есімдіктерге назар аударту, түрлеріне ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау.
Ойынның мақсаты: оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шешендік сөздерді талдау арқылы тіл байлығын молайту.
Ойынның тиімділігі: оқушылар рөлде ойнау арқылы белгілі бір дауыс ырғағын қалыптастырады, тапқырлық, белсенділік танытуы арқылы шығармашылық ойлауды артады.
Сабақ үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
ойын оқушы алдында тапсырма ретінде қойылады;
оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесі арқылы бағаланады;
оқу материалы ойын материалы ретінде қолданылады;
оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады.
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру керек:
оқу-тәрбиелік мақсаты;
қолданылатын көрнекіліктер;
уақытты үнемдеу;
ойынның қызықты өтуі;
оқушылардың белсенділіктерін бақылау.
72. Сабақ жоспары, құрылымы, маңызы
Сабақтың тақырыбы........
Сабақтың мақсаты.
А)Білімділік
Ә)Дамытушылық
Б)Тәрбиелік
Сабақтың түрі...
Сабақтың әдісі...
Сабақтың көрнекілігі...
Пәнаралық байланыс...
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Жаттығу орындау.
Қорытынды.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.