
- •1.Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары. Тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі аспектілері
- •2. Дауыссыз дыбыстар: белгілері, жүйесі.
- •3.Дауысты дыбыс: ерекшелігі,жүйесі.
- •4.Еріндік дауыстылар: ерекшелігі, емлесі.
- •5. Функциялы етістіктер. Көсемше: ерекшелігі қызметі
- •6.Етістік семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшелігі (13-сұрақта)
- •7. Сөздің лексикалық мағынасы және оның типтері. Лексикалық мағынаның құрылымы: денатот, сингификат, коннатоттық мағына
- •8.Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним
- •9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
- •14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
- •16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
- •18. Синоним жасалу жолдары, сөз варианттары.
- •19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.
- •22. Көнерген сөздер
- •23. Жалпылама және арнаулы лексика
- •24. Лексиканың арнаулы және эмоционалды экспрессивті қабаты
- •25. Көмекші сөздер: семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшеліктері, түрлері.
- •26. Қазақ тілінің қосымшалар жүйесі, жіктелу ерекшеліктері!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •27. Неологизмдер
- •29.Қазақ орфографиясының ұстанымдары
- •30. Зат есім, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері.
- •31. Ұлттық тіл және оның тармақтары, әдеби тіл, белгілері.
- •39.Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •40. Тұрақты тіркес: белгілері оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.
- •43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!
- •44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.
- •46. Грамматикалық мағына және оның берілу жолдары
- •47. Тіл біліміндегі структуализм, оның көрнекті өкілдері.
- •48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
- •49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
- •50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
- •51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
- •52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •Лексика-семантикалық тәсіл:
- •53.Синтаксистік қатынас, тема және рема
- •54. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары
- •55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.
- •56. Тұрлаулы мүше: белгілері, түрлері.
- •57. Етістіктің рай категориясы
- •60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!
- •61. Сабақ және оның типтері
- •Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
- •63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.
- •64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
- •65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
- •66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
- •67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
- •68. Сөйлем мүшелерін!!!!!! оқытуда интерактивті сабақтардың маңызы.
- •69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
- •70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
- •10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
- •71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
- •Сабақ жоспарының үлгісі:
- •Үйге тапсырма.
- •73. Cабақ мазмұнына қойылатын талаптар
- •76. Сөз тіркестерін оқытудағы интербелсенді технология, сабақ жоспарын жасаңыз Жадыра кесте!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •78/85. Қазақ тілін оқыту әдістері, оны қолдану жүйесі./Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
- •79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте
- •81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •82.Технология терминінің сипаттамасы.
- •83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары
- •84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.
- •86.Сөз мағынасын ойын арқылы оқытудың жолдары
- •87.Фонетикалық талдау жүргізудің жолдары
- •88.Дәулетияр Әлімжановтың әдістемелік еңбектерін талдау
- •90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •6. Панорамалық сабақ.
64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
Қазақ тілі әдебиет пәнімен тығыз байланысты. Ақын-жазушылардың творчествосын зертеу оның шығармасының тілі мен стилін зерттеуді де қамтиды, өйткені «тіл – әдебиеттің бірінші элементі» (М.Горький).
Қазақ тілін информатика сабағымен байланыстыра оқытуға болады. Мысалы, компьютерді пайдаланып, қазақ тілі сабағын қызықты да түсінікті қылып жүргізуге болады.
Қазақ тілін логикамен байланысты. Мысалы, қазақ тілі пәнінде логикалық сұрақтар арқылы оқушының қызығушылығын арттыруға болады.
Қазақ тілін тарих пәнімен байланыстыра оқытуға болады. Қазақ тілінің шығу төркінін анықтап, қосымша материалдар жинау арқылыоқушының белсенділігі артады. Мысалы, септік жалғауларын өткен кезде тарихқа үңіліп, Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне тоқталуға болады.
65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
«Әдістеме» - бір нәрсені зерттеу жолы, тәсілдерінің жиынтығы деген ұғымдағы гректің сөзі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – оның мазмұны мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға шарттары туралы ғылым.
Пәннің ғылым ретінде қарастыратын нысаны – оқыту үрдісі. Ал оқыту үрдісі: оқытудың мазмұны, яғни тілдік материал, оқушыларда білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы мұғалімнің әрекеті, білім алудағы оқушының әрекеті және оқытудың нәтижесі сияқты ұғымдарды қамтиды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің басты мақсаты – қазақ тілін тиімді оқытудың жолдарын қарастыру, пәннің танымдық, тәрбиелілік, дамытушылық мақсаттарын іске асыру. Ал нақты мақсаты – тіл білімінің салаларын заман талабына сай тиімді оқытудың жолдарын қарастыру. Жеке мақсаты – тіл білімінің әр саласынан қалыптасатын білім мен біліктілік мазмұнын және нәтижені айқындау.
Міндеті: Қазақ тілінің оқу пәні ретінде мақсаты мен мазмұнын, оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін айқындау, атап айтқанда: 1. Бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін,ғ құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу. 2. Оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері м ен тәсілдерін зертеу және сипаттау. 3. Қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселені талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың айқын түсінігін оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
Қазіргі таңда сабақ екі түрге бөлінеді: дәстүрлі және дәстүрден тыс.
Дәстүрлі сабақтарға: жаңа сабақ және аралас сабақ жатады.
Дәстүрден тыс сабақтарға: дебат, түрлі үйірмелер, экскурсия, конференция, т.б. жатады
67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
Қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен тығыз байланысы ешқашанда тыс қалдырылмайды. Қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдерін анықтау берілген білім көлемі мен мазмұнын белгілеу оқытудың педагогикалық негізіне сүйенгенде ғана дұрыс әрі сапалы түрде жүзеге асады. Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдардан ерекшелендіріп тұратын бір ерекшелігі – ондағы күллі оқыту үрдісі екі жақты бірліктегі қарым-қатынасты керек етеді. Яғни мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты дамытады. Біреуі оқып үйретеді, тәрбиелейді, екіншілері оқып, үйреніп, тәрбиеленуге қалыптасады. Өзара әрекетке бағытталған өзіндік міндеттер айқындалады. Ал ұстаздар қауымына жалпы ортақ мақсат, терең білім мен тәлімді тәрбиені қалыптастыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, оқытудың қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.