Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар

Бүгінгі таңда тілді оқыту әдістемесінде жаңа технологиялар бойынша келесі бағыттар зерттелініп, құнды тұжырымдар жасалған: тілді қатысымдық тұрғыдан оқыту (Е.И.Пассов, Ф. Оразбаева), жаңаша жаңғыртып оқыту (Қ. Қадашева), модульдік оқыту (М.А. Чошанов, П.А. Юцявичене, К. Жақсылықова, М. Жанпейісова), жеделдете оқыту (Г.А. Китайгородская, Ш.Қ.Құрманбаева), дамыта оқыту (Ю.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Н.Д. Хмель, Н.Ж. Құрманова), жобалап оқыту (В.М. Монахов, И.Н. Бухтиярова), дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту (П.М. Эрдниев, С.Т. Садықова) т.б.

63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.

Ойынның өмірдегі және баланың дамуындағы зор рөлін әр кезеңде қайраткерлер мен педагогтар (Б.П.Никитин, З.Фрейд, К.Гросс, Л.С.Рубенштейн, В.А. Сухомлинский) атап айтқан. Ойын кезінде балалардың алдында әлем, дүниенің айқындалатынын және жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің ашылатынын В.А. Сухомлинский айта келіп, ойынсыз толық мәнді ақыл-ойдың дамуы болмайтындығын және болуы да мүмкін еместігін айтады[48, 99б].

Отандық әдіскерлердің ішінде оқытуды ойын арқылы ұйымдастырудың қырларын, жолдарын, тиімділігін айқындап, зерттеп жүрген әдіскерлер аз емес. А.Нарқұлованың пікірінше, қазақстандық білім беру жүйесінде ең алғаш ойындарды қолданған ұстаз – А.Байтұрсынов[50,10-13б]. Оның қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі[51,32-33б] атты зерттеуі ойын арқылы оқытудың әдістемелік жүйесін жасап ұсынған. Ғалым оқулықтарында тілдік материалдарды оқушыларға меңгертуде дидактикалық ойындарды кеңінен қолданғаны байқалады. Мұны ғалымның өзі: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өту үшін балаға жұмысты әліне шағындап беруінен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру»[24,30б], – деп тұжырымдайды. Ұлы ұстаздың «... баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасы есімдікті интербелсенді әдіс арқылы оқытуда басшылыққа алынуы керек. А.Байтұрсынов қолданған ойындар баланың сауатын арттыруда, олардың орфографиялық дағдыларын қалыптастыруда маңызды. «Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды. Оқу басында қиын болса, суға (ұйыққа) түскен мал сықылды малтығып, жилжи алмай қиналады»[24,186б], – деген пайымдауы ғалымның дидактикалық ойындарды жаңа материалды толық меңгерту үшін ғана емес, олардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында қолданғанын көреміз.

Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады. Ойында оқушылардың бәрі бірдей, «жақсы оқушы» не «нашар оқушы» деп бөлінбейді, бір-бірін тек ойыншылар ретінде қабылдайды. Ойын кезінде ойлануға, ойын байланыстырып жазуға, шығармашылықпен айналысуға, топта бір-біріне көмектесуге мүмкіндік ашылады. Оқытудағы білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары ортақ мақсатқа, тиімді нәтижеге жетуге бағытталады. Тиімді нәтижеге жету дегеніміз – ойын арқылы оқу сапасын арттыру. 6-сыныпта оқушыларға есімдікті меңгертуге қатысты жүргізілетін ойын қызметі мынадай міндеттерді шешуге: біріншіден, оқушыға есімдікті толық, терең меңгерту сабақтың басты мақсаты болса, ойын осы мақсатқа жетуге деген оқушының эмоциялық қатынасын, ықыласын арттыруға; екіншіден, ойынның шарты, түрі, тәсілі міндетті түрде оқушыға есімдікті тереңірек меңгеруіне; үшіншіден, ойынды сабақтың талдау, бекіту, қайталау кезеңдерінде жүйелі түрде қолдану оқушының есімдік бойынша алған білімін одан ары жетілдіре түсуге жағдай жасайды.

Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың жолдары мен әдістерін ұсынуда Б.Нарқұлованың ізденісі ерекше. Ол дидактикалық ойындардың мақсатын, ережесін, ойын түрлерін нақтылап көрсетіп, сараптаулар жасады. Мұғалім сабақта дидактикалық ойындарды өту барысында ескеруге тиісті жайттарды анықтайды. Олар:

  • дидактикалық ойындар оқушылардың білімін, сөйлеу тілін, тіл мәдениетін жетілдіретіндігін;

  • оқушылардың жеке тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерін тәрбиелеуге арналатындығын;

  • оқушылардың білімін сатылап көтеру жолдарын;

  • ойынның қызғылықты болуын, сол арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдарын ескеру қажет[51,13б].

Тапқырлық ойындардың негізгі ерекшелігі – берілген әр сұраққа бір дұрыс жауап, бір бұрыс жауаптан беріліп отырады. Оқушылар дұрыс жауапты табу барысында талдау, жинақтау, ойлау әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл берілген білімді есте сақтауға көмектеседі. Мысалы, есімдік бойынша, сілтеу есімдігі тақырыбынан өткізілетін сабақ төмендегідей ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: сілтеу есімдігінің өзіндік ерекшелігін, ережесін, басты белгілерін түсіндіру;

ә) тәрбиелік мәні: ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу;

б)дамытушылық: есімдіктің басқа түрлерімен салыстыра білу, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулу.

Өтілген сабақты тиянақтау үшін «Кімнің ойы жүйрік?» ойыны алынады. Ойынның мақсаты: оқушылардың сілтеу есімдігі туралы білімін бекіту арқылы шығармашылыққа шыңдау. Ойлау қабілетін дамыту қоғамдық ортаға байланысты тілдік қарым-қатынасты игерту. Сөз төркініне мән беріп, оны өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

Ойынның ережесі: Тақтада кейбір сөздері түсіріліп тасталған өлең беріледі. Көп нүтенің орнына өз талғамымен оқушы сөздерді қояды. Өлеңге лайықталған бірнеше дұрыс нұсқа, бірнеше бұрыс нұсқа араластырыла көрсетіледі. Оқушы өз қалауымен сөзді таңдайды. Ойынға уақыт беріледі, жылдамдық танытуы қажет.

1-әрекет. Көп нүктенің орнына өз талғамыңмен сөздер қойып, ұйқастырып, өлеңді жалғастыр.

.....сөзім асып айтқан асылық емес,

Ойында оты барлар асылық демес.

Тебем деп тірі болсам надандықты,

Серт етіп ...... еткем егес.

(«Шығамын тірі болсам адам болып».Сұлтанмахмұт).

....даусы көп дауыс,

Көптен шыққан ..... хабар.

....... болма ынтызар.

Көңілің ауып, шырағым,

(«Қобыланды батыр» жыры. Естеміспен кездескенде»).------

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат ......бар,

..... жарасар туғанға.

(«Әсемпаз болма әрнеге» Абай)

Керекті сөздер: өз-өзіме, бұл, сол, соның, бұған, кімде.

2-әрекет. Өлеңдердегі сілтеу есімдіктерінің жұмсалу ерекшеліктеріне тоқталу арқылы есімдіктің, сілтеу есімдігінің ережесін естеріне түсіреді.

Ойынның тиімділігі: оқушылар ойын еркін дәлелдеп, сынып алдында өзін ұстай білуге дағдыланады. Өзін-өзі оқытуға, іс-әрекетті шығармашылықпен игеруге машықтанады, жаңалық ашуға бейімделеді.

Ойынның маңызы: есімдіктен алған теориялық білімді шығармашылықпен ұштастыру қабілеті дамиды.

Іскерлік ойындарды сабақта қолдану оқушылардың есімдікті оқытуда алған білімдерін, білік-дағдыларын тереңдетеді, қабілеттерінің дамуына көмектеседі. Іскерлік ойындар кезінде оқушылар өздерінің ұяң мінездерін жойып, өзіндік қиялына ерік береді. Бұл бағытта сабақта «Дәлелді сөз» пікірталас ойынын қолдануға болады.