Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

57. Етістіктің рай категориясы

Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың , іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.

Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы , орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық катеориялық көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сыя бермейді.

Негізінен алғанда рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.

Бұйрық рай – сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтың мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады.

Ал 3- жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалп отырады.

І- жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап І-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен деген де пікір жоқ емес.

Етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін қатегория аталады. Етістіктің 4 түрі бар: ашық рай, бұйрық, қалау рай, шартты рай.

Бұйрық рай (императив) деп қимылды жасау я жасамауды басқадан талап ететін, қимылға қозғау салатын рай аталады. Қимылдың жасалу я жасалмауын талап ету, қозғау салу қызметі сөйлеушіге ғана қатысты.

Бұрық райдың жіктік жалғаулары:

І. Жақ: -айын, -йын, -йін;

ІІ жақ: сыпайы: -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз.

ІІІ жақ. –сын, -сін.

Бұйрық райдың мағыналық құрамы:

  1. Бұйрық мағынаға: бұйрық, команд, жарлық, тапсырма сияқты мағыналық реңктер жатады.

  2. Талап ету

  3. Өтіну

  4. Тілек.

58. (13-сұрақта жауабы бар)

59. 1-сұрақта бар жауабы.

60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!

61. Сабақ және оның типтері

Жаңа оқу материалын өту сабағы. Бұл сабақтың мақсаты жаңа материалды жан-жақты талдап, меңгертуге негізделеді. Ол үшін оқушылар мынандай дидактикалық міндеттерді шешуге тиіс: жаңа ұғымдарды білу; әрекет тәсілін іріктеу; өздігінен ізденіс әрекетін табу; құзыреттілікті жүйе ретінде қалыптастыру; Оқытудың бұл түрі мынадай жолдармен іске асады: дәріс, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, эвристикалық әңгіме, оқулықпен жұмыс, грамматикалық талдаулар және т.б. Онда мұғалім тілден белгілі бір жаңа тақырыпты оқушылардың өздерін нақты мысалдармен іздендіре отырып түсіндіреді де, олармен әңгімелесе отырып, оның әржақты ерекшеліктерін түсіндірмелі талдау жолдарымен меңгертеді және оны дәлелдеттіріп айтқыза отырып, әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Бұл сабақта мұғалім оқушының танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша түрлі мәтіндер беріп, оларды талдата отырып, оларды пікір-таласқа шақырып, өз ойларын айшықты да анық жеткізуге баса назар аударады. Мұның бәрі ойдағыдай жүзеге асу үшін мұғалім жаңа материалды ақпараттық технологиялар арқылы қызықты да көрнекі түрде өткізіп, оқушылардың сабаққа деген қабілеті мен белсенділігін арттырып, қызығушылығын тудыру арқылы шығармашылыққа баулуы тиіс. Сабақ барысындағы жүзеге асатын негізгі дидактикалық міндеттер білімді, қабілет пен дағдыны жетілдіруге қатысты мынадай мәселелерді тірек етіп алуы қажет: игерген білімді жүйелеу, жинақтау; бұрынғы білімдерін қайталау және бекіту; алған білімдерін тереңдету және кеңейту; қабілет пен икемділіктерін қалыптастыру; оқу материалдарының өтілуін бақылау; білік, дағды, қабілеттерін жетілдіру.

Жинақтау және жүйелеу сабағы. Бұл сабақ негізінен екі түрлі дидактикалық міндетті шешуге арналған.

1.Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін саралау.

2. Бағдарламада берілген өзекті мәселелерді меңгертуде танымдық қызметке қатысты әдістерді таңдап, талғап, оқушылардың материалды қабылдау қабілетін ескере отырып, бұрынғы меңгерген білімдерін негізге ала отырып, білімді игерудегі біліктілік, икем және қабілеттерін тексеру, соған ыңғайлап білім базасын толықтыру.

Бекіту сабағы. Бұл сабақ тілден өтілген белгілі бір көлемді тақырыпты оқушыларға тиянақты меңгертуге арналып ұйымдастырылады да, оқушылардың өздерін іздендіре отырып, сөздікпен практикалық жұмыстар жүргізеді, кітапты пайдаландырып жаттығулар жасайды; сөйлемдер жазып оны талдап үйренеді, оқулықтан оқып әңгімелер айтады; сқрақтар беріп жауап қайтарады; пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатында басқа пәндердің оқулықтарынан мысалдар тергізеді; тақырыптар беріп, еркін түрде мазмұндама, шығармалар жазады т.б.

Аралас сабақ. Бұл сабақ мектеп тәжірибесінде кең таралған сабақтың түрі. Аралас сабақтың құрылымы мына төмендегідей жүйеленеді:

– сабақты ұйымдастыру;

– оқушылардың біліктілігін тексеру;

– меңгерген білімдерінің тереңділігі мен тұрақтылығын тексеріп, бекіту;

– мұғалімнің жаңа сабақты жоспарлауда оқушылардың оқу еңбегін психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруы;

– үй тапсырмасын беруде нақты жұмыс түрлерін көрсету.

Қазақ тілінен ұйымдастырылатын мұндай сабақтардың түрлері өз алдына жеке-жеке, дара түрде қолданылатын сабақ деп қарастыруға болмайды. Олар бір-бірімен араласып келеді, соның нәтижесінде бірін-бірі толықтырады, анықтайды.

Сабақтың мұндай топтарға жіктелуі мақсатына, оқыту әдісіне, оқушылардың дайындығына, сабақта жүргізілетін жеке, топтық жұмыс түріне, сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына, мұғалімнің дайындығына, ізденісіне байланысты.

Бақылау, білімге, дағдыға, қабілетке түзету енгізу сабағы. Бұл жаппай тексеру сабағы болуы мүмкін. Бұл сабақта оқушылар бұрын алған білімдерін практика жүзінде қолдана отырып бекітеді, жинақтайды, жүйеге келтіреді, сөйтіп, іскерлік пен дағдыға түседі.

Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі ''Аралас сабақ'' деп аталады.

62\74 Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар

Жаңа технологияның әдістерін оқып-үйрену негіздерінің

Мұғалімнің ғылыми – педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін арттыру мақсатында Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің «Дамыта оқыту», Ж.Қараевтың «Үш өлшемді», М.Жанпейісованың «Модульдік», Н.Оразахынованың « Сатылай кешенді талдау» технологиясын, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының оқушы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен сабақтарында пайдалануда.

Бұл технологияларды сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда тиімді қолданып жүрген мұғалімдеріміз бірталай.

Мақсаты:

Жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгеошілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.

Міндеттері:

· білім берудің мазмұнын жаңарту

· мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру

· оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу

· ғылымға мән беру

· оқытудың озық технологиясын меңгеру

· оқушының жеке қасиеттерін аша білу

· білімді тереңдетуге жағдай туғызу

· оқушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөлу

· дамыта, сатылай кешенді, деңгейлеп, модульдік оқытуға қол жеткізу

· шығармашылық тұлға қалыптастыру

Педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде оқушы :

· өз ойын ашық айтады

· тұлға ретінде қалыптасады

· өзін-өзі бағалай біледі

· өз ісіне жауапкершілікпен қарайды

· ортақ шешімге келеді

· еңбекке араласады

· бірін-бірі сыйлайды, санасады

Технология – шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі.

Жаңа технология дегеніміз – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары. Оқыту технологиясы білім берудің тииімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде сипатталады.

Дебат технологиясы. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады/бекітуші топ және даттаушы топ.

Компьютерлік технология. Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Компьютер оқушының ақыл-ойын дамытумен бірге, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.

Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченкконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкастерлік жүйе, зертханалық-топталған әдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкастерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген ооқушыларға үйретеді. Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы болады.

Ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технологияныңң негізгі әдісі – тапсырмамен алмасу.

Дамыта оқыту технологиясы. Бұл технологияда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін оқушшы осы уақытқа дейін өзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін сезінетіндей болуы қажет.