Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, мақсаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ақ түр-түс, сын-сапа жағынан толықтырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып тұрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге бағынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толықтауыш пен пысықтауыш үнемі баяндауышқа тәуелді болса, ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.

Тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыққа шығуына сәйкес қазақ ғалымдарының үлесі зор деп айтуға болады: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х.Басымов, І. Бәйтенов,Ә.Ермеков, Ш. Сарыбаев, С. Жиенбаев , М. Балақаев, Т. Қордабаев, М. Томанов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев құнды пікірлер білдірді.

Тұрлаусыз мүше түрлері:

Анықтауыш. Анықтауыш деп зат есімнен не болмаса заттық мағынада қолданылған мүшені анықтайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Ол қандай? қай? Кімнің ? ненің? Неше? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі болады.

Дара анықтауыш. Демежанға үлкен, сұлу көздерімен жылы қарап, аса биязы алғыс айттыж

Күрделі анықтауыш. Ұзын бойлы жігіт қарға малтығып, әрең жүріп келеді.

Мағынасына қарай сапалық және меншіктік болып жіктеледі.

Сапалық анықтауыш деп заттың сапасын, сынын, түр-түсін, тағы басқа белгілерін нақты көрсетіп, анықтайтын сөзімен іргелесе, қабыса байланысатын түрін айтады. Шет елдерде қолдан жасалған бұйымдар қымбат бағаланады.

Меншікті анықтауыштар өзі қатысты сөздермен алшақ та, іргелес тұрып та байланысып, меншіктілік, біреуге немесе бір нәрсеге тән мағынаны береді. Кейде ілік жалғаулы сөз сөйлемнің соңында келіп те өзі қатысты сөздермен байланысы нақтылы білініп тұрады. Кішкене түйме көздерін нағашымның қызара бөрткен ұлан-байтақ жүзіне әлденеше мәрте көз жүгіртіп, әлденеше мәрте аударып әкетті.

Осыған орай анықтаушы сөз бен анықталушы сөздер өзара қабыса әрі матаса байланысады.

Қабыса байланысқан анықтауыштар. Қотан боларлық қой қадау-қадау ұшырайды.

Матаса байланысқан анықтауыштар. Қапан сол кездесудің жылуын көкіргеніде бірнеше күн сақтап жүретін.

Толықтауыш. Ол сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі бола отырып, тұлғалық жағынан атау мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде келеді және сол сөздің мағынасы обьектілік мәнде болады.

Сондай-ақ олар атау мен ілік септіктен басқа сұрақтарына жауап береді, сонымен қоса атау тұлғалы сөз туралы, жөнінде, жайында септеуліктермен тіркесіп келіп те толықтауыш бола алады.

Толықтауыштар тура және жанама болып екіге бөлінеді.

Тура толықтауыш деп табыс септігінде тұрып, тікелей обьектіні көрсететін мүшені айтады. Құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті, құлан мен маралды мая-мая етіп тастапты.

Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде келіп, іс-әрекеттің жанама көрінісін береді. Өз үйіне келсе, әкесіне жинап беріп кеткен таудай отыннан бір жағым, үйдей еттен бір асым, жеңді білектей судан қанжығадай қалған екен.

Пысықтауыш. Пысықтауыш сөйлемдегі қимыл-әрекеттің жүзеге асуының мезгілін, орнын, сапасын, мақсатын, себебін, мөлшерін көрсетеді.

Мезгіл пысықтауыш деп іс-әрекеттің орындалған мерзімін , уақытын білдіретін мүшені айьтады. Арада бір-екі ай өтіп, жиын-терін болған шақта Ерғабыл қояр да қоймай жүріп, мақта теруден жинаған ақшасына мотоцикл сатып алды.

Мекен пысықтауыш орындалған амал-әрекеттің орнын, мекенін көрсетеді. Ушаковтың үйінде Байжан бір жеті жатты.

Қимыл-сын (амал) пысықтауыш қимылдың іске асуының сынын , сапасын білдіреді.Осылай сапарға шығарда екі күн кітапхана қуысында жарқанатша бұғынын отырып, біраз көне кітап оқыған.

Себеп пысықтауыш жай-күйдің, іс-қимылдың себебін баяндайды. Жаппар қатты ұялғандықтан есіктің алдында кібіртіктеп қалды.

Мақсат пысықтауыш деп әрекет, істің орындалуының мақсатын білдіреді. Тілеу орнынан тұрайын деп бір-екі ұмтылып еді, тұра алмады

Мөлшер пысықтауыш іс-қимылдың немесе қимыл уақытның мөлшерін, сандық, баға, салмақ дірежесін, істің істелу қарқынының өлшемін білдіреді. Қойшы жыл он екі ай қой соңында сүйретіліп жүрсе де, оның табан ақы, маңдай тері іске аспайтын.

Құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.

Дара пысықтауыш. Үстіндегі көйлегінің де етек-жеңі кең ойылыпты

Күрделі пысықтауыш. Кенет көк тұйғын әлденеден секем алғандай, тоғай жаққа қарап, бір-екі рет үрді.