
- •1.Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары. Тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі аспектілері
- •2. Дауыссыз дыбыстар: белгілері, жүйесі.
- •3.Дауысты дыбыс: ерекшелігі,жүйесі.
- •4.Еріндік дауыстылар: ерекшелігі, емлесі.
- •5. Функциялы етістіктер. Көсемше: ерекшелігі қызметі
- •6.Етістік семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшелігі (13-сұрақта)
- •7. Сөздің лексикалық мағынасы және оның типтері. Лексикалық мағынаның құрылымы: денатот, сингификат, коннатоттық мағына
- •8.Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним
- •9. Шылау: семантикалық, морфологиялық, ерекшеліктер
- •14. Үндестік заңы туралы түсінік, түрлері.
- •16. Архаизм, тарихи сөздер, неологизм, олардың бір бірінен айырмашылығы.
- •18. Синоним жасалу жолдары, сөз варианттары.
- •19. Екпін және оның түрлері. Қазақ тіліне тән екпін, ерекшеліктері.
- •22. Көнерген сөздер
- •23. Жалпылама және арнаулы лексика
- •24. Лексиканың арнаулы және эмоционалды экспрессивті қабаты
- •25. Көмекші сөздер: семантикалық, морфологиялық, функциялық ерекшеліктері, түрлері.
- •26. Қазақ тілінің қосымшалар жүйесі, жіктелу ерекшеліктері!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •27. Неологизмдер
- •29.Қазақ орфографиясының ұстанымдары
- •30. Зат есім, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері.
- •31. Ұлттық тіл және оның тармақтары, әдеби тіл, белгілері.
- •39.Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •40. Тұрақты тіркес: белгілері оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.
- •43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!
- •44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.
- •46. Грамматикалық мағына және оның берілу жолдары
- •47. Тіл біліміндегі структуализм, оның көрнекті өкілдері.
- •48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
- •49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
- •50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
- •51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
- •52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •Лексика-семантикалық тәсіл:
- •53.Синтаксистік қатынас, тема және рема
- •54. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары
- •55. Тұрлаусыз мүше: белгісі, түрлері.
- •56. Тұрлаулы мүше: белгілері, түрлері.
- •57. Етістіктің рай категориясы
- •60. 30 Cұрақта бар жауабы.!!!!!!!!!!!!!!
- •61. Сабақ және оның типтері
- •Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мультимедиалық технологиялар
- •63. Қазақ тілі сабағындағы ойын түрлерін қолданудың тиімділігі.
- •64. Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс.
- •65. Қазақ тілі әдістемесі, зерттеу нысаны, міндеттері.
- •66.Қазіргі сабақ және оның түрлері.
- •67.Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі.
- •68. Сөйлем мүшелерін!!!!!! оқытуда интерактивті сабақтардың маңызы.
- •69. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктің түрлері, сабақ жоспары. Кесте Жадик
- •70. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшеліктері.
- •10 Сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
- •71. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рольдік ойындар кешенінің маңызы.
- •Сабақ жоспарының үлгісі:
- •Үйге тапсырма.
- •73. Cабақ мазмұнына қойылатын талаптар
- •76. Сөз тіркестерін оқытудағы интербелсенді технология, сабақ жоспарын жасаңыз Жадыра кесте!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •78/85. Қазақ тілін оқыту әдістері, оны қолдану жүйесі./Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері
- •79. Етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары, сабақ жоспарын жасаңыз. Жадик кесте
- •81.Қазақ тілі оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •82.Технология терминінің сипаттамасы.
- •83.Жақты және жақсыз сөйлем және оны оқытудың тиімді жолдары. Сабақ жоспары
- •84. Аралас сабақты ұйымдастыру жолдары.
- •86.Сөз мағынасын ойын арқылы оқытудың жолдары
- •87.Фонетикалық талдау жүргізудің жолдары
- •88.Дәулетияр Әлімжановтың әдістемелік еңбектерін талдау
- •90.Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •6. Панорамалық сабақ.
48. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
Түркі тілдеріне ортақ сөздерге бір кездегі жалпытүріктік көне лексикадан сақталып қалған, осы күнгі түркі тілдерінің бәрінде кездесетін сөздер жатады. Сондықтан олар жалпытүріктік сөздер д.а. Жалпытүріктік сөздерден түркі тілдерінің иуыстығын, бір тектен шыққандығын көреміз. Алайда жалпытүркілік сөздердің мән-мағынасы үйлес келгенімен, жеке түркі тілдеріндегі айтылуы, түп-тұлғасы бірдей бола бермейді.
Түркі тілдеріндегі ортақ сөздердің түрлері мынадай:
1. Адамның дене мүшелерінің атаулары: бас, құлақ, көз, қас, аяқ, тізе, буын, шаш, маңдай, кірпік, қол т.б.
2. Мал атаулары: ат, тай, бие, айғыр, інген, түйе, бұқа т,б,
3. Туыстық атаулар: ата-ана, келін, іні, күйеу, аға, ұл, қыз т.б.
4. Жан-жануар, жәндік атаулары: қоян, түлкі, қасқыр, арыстан,жылан, піл, аю т.б.
5. табиғат құбылыстарының атауы: жел, су, өзен, көл, ағаш, түн, күн, ай т.б.
6. Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: қызыл, жасыл, сары, көк. т.б.
7. Сан есімдер: 1,2,3,4,5,6, т.б.
8. Есімдіктер: мен, сен, ол, біз т.б.
9. Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, бер т.б.
10. Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен т.б.
11. Шылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, шейін, түгіл, үшін, т.б.
49. Сөз байланысының формалары, ерекшеліктері.!!!!!!!!!!!!!!
50.Сөйлемнің предикаттылық мәніне қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік айырмашылық белгілері. !!!!!!!!!!!!!!!
51.Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері.
Түркі тілдеріндегі септік жалғалуарын грамматикалық септік (негізгі, ілік, барыс-бағыттық, табыс) және көлемдік септік (барыс-бағыттық, жатыс, шығыс) тобына бөледі. Септік категориясын грамматикалық және көлемдік деп екі топқа бөлуге негіз болатын сипаты олардың білдіретін мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен бірге септік тұлғаларының сөздерді бір бірімен байланыстырып, сөз тіркесінің типін құрау мәнінінің ерекшелігінен де көрінеді. Атап айтқанда грамматикалық септіктің (атау, ілік, табыс) тұлғаларын өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзге бағындырып, бағыныңқы сөзді басқымен байланыстырып қана қоймайды, ол екінші сөздің де белгілі грамматикалық тұлғада я категориялық тұлғада болуын талап етіп, екінші жағынан басыңқы сөздер бағыныңқымен байланысқа түсіріп тұрады. Ал мұндай қасиет көлемдік септік тұлғаларында байқалмайды. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің тұлғалары(жалғаулары) өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен (көбіне етістікпен, кейде есіммен де, мысалы: малға бай, үйден үлкен, үйде бала, түзде дана, құрбымен әзіл т.б.) семантикасына сәйкес сабақтаса байланыстырады. Бірақ өзі сөз тіркесінің басыңқы компонентінің грамматикалық тұлғасына не семантикасына әсер етпейді, оның формалық сипатына бейтарап болады, яғни бұл септік формасында тұрған сөз тіркесінің екінші сөзіне оның қандай тұлғада тұруына қарамай ақ меңгеріле береді де, ол сөздердің арасындағы бір жақты ғана байланыстың көрсеткіші болады.
52. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
Үстеулер – қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Кеше ғана шуақ өмір жамырап, Тірлік біткен қалып еді жадырап (М. Мақатаев) . Қарағымай-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен.(Ш.Сариев). Берілген мысалдарға кеше, осылай сөздері үстеу болып табылады. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал-әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.
Үстеуді арнайы зерттеген ғалымдар – А. Ысқақов, Е, Сауыров, Ә. Ыбырайым.
Морфологиялық белгілері:
Үстеу – морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.
Тілідік құрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып, кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге болады. Бұл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеудер өзінің семантикалық мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғна заттық немесе педикаттық мағына береді.
Түрлері:
Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі – оның лексика-семантикалық сипаты. Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік , мөлшерлік, сындық, себептік, мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты, олар мынадай мағыналық топтарға ие болады:
1.Мезгіл үстеуі- қимылдың , әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан?қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, жазғұтырым келеді.
2.Мекен үстеу – іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері негізінен етістікпен тіркеседі. М: ілгері жүрді, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті.
3.Сын –қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды.
4.Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе оның сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап берді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мыс: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде етістіктермен тіркесіп , қалай? қанша? Деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр.
5. Күшейткіш үстеу. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың , іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. М: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. М: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі.
6.Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдірді де, қалай? не мақсатпен? Деген сұрақтарға жауап берді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана.М: әдейі келдім, жорта айтты.
7. Себеп – салдар үстеуі. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне : босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. М: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т.б. топтау үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мөлшерлік, көлемді мәнін білдіріп, қаншалап? нешелеп? қалай? тәрізді сұрақтарға жауап берді. Мысалы: үшеулеп, он-ондап, аз-аздап, топ-тобымен, рет-ретімен.
Үстеудің жасалуы: