Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мем-емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.63 Кб
Скачать

41. Қазақ тілінің сөзжасам заңдылығы, сөздің типі.

Сөзжасам тілдің атау (номинация) жасау қызметін, жаңа сөз жасау мәселелерін қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларымен, морфологиямен,синтаксиспен, лексикологиямен байланысты. Сөзжасамның ең кіші нұсқасы морфема немесе жұрнақ. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің түп негізі түркі халықтарының ең көне заманынан бастау алған. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар жасалған туынды сөздер, сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы кездеседі. Жаңа сөзжасамда тілдегі түбірлердің барлық түрі қатыса алады. Мысалы: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқаррған сөз. Сөз таптарының да сөзжасамға қатысы әртүрлі. Зат, сын есім, етістіктер сөзжасам ісіне басқа сөз таптарынан әлдеқайда белсенді түрде қатысады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан сөзжасамның негізгі үш тәсілі:

  1. синтетикалық

  2. аналитикалық

лесика-семантикалық

42. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.Сөз мағыналарын ауыстырудың заңдары.

Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы - оның тура мағынасы болып есептеледі. Серіктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады.дегенде арыстан сөзі –жыртқыш , қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.

Ал «Арыстан еді –ау Исатай бұл пәнидің жүзінде» дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш жігердің , намыс пен өжеттіліктің батыр тұлғалы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып , келтіріледі, басқа мағынаға айналады.Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы(келтірімді) мағына дейді. Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемдее келсе де, бірақ мағынаны заводтты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағыынаны білдіреді: 1. адам басы 2. таудың басы. 3 сөздің басы

Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын Тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып ,өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді.

Қол адамның дене мүшесі. Бұл осы сөздің тура мағынасы. «Сен менің оң қолымсың» деген сөйлемде оң қолымсың деген көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр.

Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген ұғымды қолы жеңіл ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Олар «қол» сөзінің ауыспалы мағыналары.

43. Хх ғасыр лингвистикасы, ондағы негізгі бағыттар!!!!!!!!!!!!!

44. Сөйлемнің айтылу мақсатына эмоцияналдығына қарай түрлері.

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай

1) хабарлы 2) сұраулы 3) бұйрықты 4) лепті сөйлем болып бөлінеді.

Айтылу мақсаты хабарлау , суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз.мысалы :күн еңкейді.Оңтүстіктен ақырын ғана майда жел білінді.Еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиді.Бұл хабарлы сөйлем. Өйткені күннің батып бара жатқаны , желдің енді тұрып келе жатқаны , күн лебінің денеге жұмсақ тюі жайында үш түрлі ой хабарлана баяндалып тұр.

Хабарлы сөйлем интонациялық мағынасы көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте қойылады.

Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Мысалы: Қазір осы елдің жүн – жұрқасын жиятын кім? – деді ол.

  • Е, оны қайтесің ? қай жүйенің жүнін өткізейін деп едің?

Мысалда сөйлемдер 1) жүн-жұрқанын кім екенін 2) оны қайтетінін 3) қай жүйенің жүнін өткізетінін білу және жауап алу мақсатында айтылған. Сұраулы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі болжалып бәсеңдемей , көтеріңкі қалпында бітеді. Сөйлем соңында сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады. Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы не айтасыз? Неге күлдіңіз? От қайда отын қайда ?

Біреуге бұйыру ,тілек өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді.бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүктн я леп белгісі қойылады.Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай рай тұлғасына тілек өтініш мәнді.-шы,ші жұрнағының үстелуі арқылы жасалады.

Мысалы: Төбе басындағыларды жиып кел тегіс!

Бүгін сабағыңа бар!

Айтушының көңіл күйін (қуану ,ренжу, аяу,өкіну) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында леп белгісі қойылады.

Мысалы.

-Жә, тоқтат!-деді Құнанбай

Әттеген –ай ! Сол кезде ойлануым керек еді.

45. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері.

Жай сөйлем құрамы мен құрылымына қарай бірнеше түрге бөлінеді.Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. ( Тұрлаусыз мүшелері жоқ , тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді.

Жалаң сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелер мен қтар тұрлаусыз мүшелер де бар. Сөйлемді жайылма сөйлем дейді.Мысалы: Жалаң сөйлемге: Олжабек сасыңқырап қалды.

Жайылма сөйлем: Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді. Бастауыш, баяндауыш, мекен пысықтауыш бәрі кездеседі. Сөйлемдерде бастауыштың болу-болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып келеді. \бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде және бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын сөйлем жақсыз сөйлем д.а.

Сөйлемде ойға қатысты, айтылуға тиісті мүшелеррі түгел қатысқан жай сөйлемнің түрі толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлауысыз мүшенің бірі түсіп қалға жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейді.

Ойды білдірмей тек соған байланыстыы заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің акты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді.