
- •79. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін V – VII сыныптарда оқыту жолдары.
- •80. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқыту.
- •83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
- •87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
- •91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
- •95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
- •99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
- •107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
- •43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
- •48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
- •52. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар сипаты.
- •56. Әдебиеттік оқу құралдарының құрылысы.
- •67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
- •74. Сабаққа қойлатын талаптар
- •98. Орфографияны оқыту әдістемесі
- •76. Қазақ тілі сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра оқыту
- •66. Сабақ жоспарының үлгісі
- •122 Мұғалімдерге қойылатын талаптар.
- •37. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
- •13. Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды даярлау және пайдалану:
- •142. Сабақтың типтері мен түрлері.
- •122 І.Басымовтың әдістемелік еңбектері.
- •91. Жаңа сабақты жүргізу әдістері.
- •47. Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы.
- •158. Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар
- •40. Мектеп тәжірибесі және әдістемелік мұра
- •66.Сабақ жоспарының түрлері:
67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
Қазақ әдебиетін оқыту методикасы студентке арнаулы мамандық профильдік пәндердің қатарына жатады. Мысалы 4-6 сыныптарда ақын, жазушының өмірбаяны, өтілгелі тұрған шығарма жайындағы тарихи-әдебиеттік түсініктеме, түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру, көркем шығарманы талдау, әдеби-теориялық ұғымдар, мазмұндама, шығарма жазу жұмыстарына байланысты айтылатын сөздер т.б. Сондай –ақ бұл әдіс ретті жерінде лекциялық әдіспен қатар жоғары сыныптарда да қолданылады. Әдебиетті оқытуда қолданылатын сұрақ-жауап түріндегі әңгіме әдісіне келсек, бұл да әдебиет сабақтарында жиі кездесетін негізгі әдістерлің бірі. Мысалы, бұрын өтілген материал мен жаңа өтілген материалды қайталап пысықтап бекіту, қорыту оқылған шығарманың мазмұнын қаншалықты ұққандығын байқау, шығарманы талдау, ауызша, жазбаша тіл дамыту сияқты жұмыстармен байланысты қолданылып отырады. Бұл 4-10 сыныптардың бәрінде қолданылады. Әдебиетті оқытуда қолданылатын тағы бір әдіс бар, ол- көркем сөз текстін мәнерлеп оқу әдісі. Бұл әдіс те әдебиет сабақтарында, әсіресе 4-6 сыныптарында көбірек қолданылады. Мысалы: көлемі шағын шығармаларды (қысқа өлең-жырлар, әңгімелер, үзінділер, мысал өлеңдер.) ақын, жазушының өмірбаяны мен творчестволық жолын айқын түсінуге көмектесетін шығарма текстерін, сондай-ақ жоғарғы сыныптарда тарихи-әдеби шолуларды өткенде, дәуір әдебиетінің өзгешелік сыр-сипатын түсінуге жәрдемі тиетін үзінділерді т.б мәнерлеп оқу. Ретіне қарай тексті мұғалім де, оқушылар да кітап бойынша да, қажеттігіне қарай жатқа да мәнерлеп оқиды. Әдебиетті оқытуда қолданылатын ендігі бір әдіс-түсініктеме бере отырып оқу әдіс. Бұл көлемі шағын шығармаларды немесе қысқа үзінділерді текстің мазмұн жігіне қарай бөліп оқи отырып, жол-жөнекей талдау жасап отыру мақсатымен қолданылады. Бұл әдіс көбінесе 4-6 сыныптарға қолайлы. Әдебиетті оқытуда қолданылатын негізгі әдістің бірі-лексикалық әдіс. Бұл әдіс негізінен 9-10 сыныптарда қолданылады. Алайда ретті жерінде бесінші сыныпта да қолданылады. Мысалы: тарихи-әдеби шолулар, ақын, жазушының өмірі мен твочестволық қызметіне сипаттама, әдебиеттің тарихы мен теориясына байланысты мәселелерді жинақтап қорыту көркем, шығарманы талдау т.б.
Мектептерде әдебиетті оқытуда әдіс-амалдардың бұлардан басқа да түрлері бар. Мысалы, сөз жарысы (айтыс), баяндама жасау, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстардың түрлері т.б. Бұл айтылған негізгі әдіс-амалдардан басқа алуан түрлі көмекші әдіс-тәсілдерде бар. Мысалы көрнекіліктің әр алуан түрлерін пайдалану, қолдану, қажетті нәрселерді тақтаға жазып, сызып, суретін салып көрсету, кино-сабақтар ұйымдастыру, әдебиеттік сипаты бар түрлі серуен, экскурсиялар жасау, сыныптан тыс оқыту, әдеби-творчестволық, драмалық оқыту сияқты үйірмелер , техникалық құралдарды пайдалану. Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материалдарының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады. Бұлардың қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.