
- •79. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін V – VII сыныптарда оқыту жолдары.
- •80. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқыту.
- •83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
- •87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
- •91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
- •95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
- •99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
- •107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
- •43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
- •48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
- •52. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар сипаты.
- •56. Әдебиеттік оқу құралдарының құрылысы.
- •67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
- •74. Сабаққа қойлатын талаптар
- •98. Орфографияны оқыту әдістемесі
- •76. Қазақ тілі сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра оқыту
- •66. Сабақ жоспарының үлгісі
- •122 Мұғалімдерге қойылатын талаптар.
- •37. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
- •13. Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды даярлау және пайдалану:
- •142. Сабақтың типтері мен түрлері.
- •122 І.Басымовтың әдістемелік еңбектері.
- •91. Жаңа сабақты жүргізу әдістері.
- •47. Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы.
- •158. Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар
- •40. Мектеп тәжірибесі және әдістемелік мұра
- •66.Сабақ жоспарының түрлері:
43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
Жоғары сыныптарда қазақ әдебиетінің қысқаша курсын өтуде маңызды орын алатын әдеби білім салаларының бірі – монографиялық тақырыптар. Мұндай тақырыптарға программа бойынша VIII-IX-X сыныптарда өтілетін ақын, жазушылардың өмірі мен творчестволық жолдары, шығармалары жатады. Мысалы, М.Өтемісов, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов т.б. Оқушыларды қазақ әдебиетінің тарихи-әдебиеттік дамуының процесімен таныстыруда бұл тақырыптардың да ерекше маңызы бар. Монографиялық тақырыптарды өтуге байланысты істелетін жұмыстың түрлері мен оқушыларға берілетін әдеби білім жүйелері әр алуан. Мысалы, ақын, жазушының өмірі мен жазушылық қызметі туралы лекция, негізгі шығармаларды оқу, мазмұнын ұғыну, талдау жасау, әдебиет теориясының мәселелерінен мағлұмат беру, ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары, т.т. Жоғарғы сыныптарда тарихи-әдеби шолулар арасында өтілетін монографиялық тақырыптарға байланысты алдымен кіріспе жұмыстар жүргізіледі. Бұларға ақын, жазушылардың өмірі мен творчестволық жолы, программа бойынша өтілуге тиісті шығармаларының мазмұнын оқушылардың қаншалықты ұғып меңгергендігін байқау үшін жүргізілетін жұмыстар жатады. Монографилық оқыту сабақтарының құрылысы мынадай: А) Ақын, жазушының өмірі мен творчестволық жолын оқыту. Әдебиетімізде өздерінің табиғи таланты мен дарындылығы арқасында идеялық-көркемдік сапасы, құндылығы жағынан тамаша туындылар берген суреткерлердің өмірі мен творчестволық жолын, қөзқарасын білу оқушыларға әдеби білім беруде аса маңызды орын алады.
Ә) Көркем шығармаларды оқу және мазмұнын ұғыну жұмысы. Әдеби шығармаларды оқып, үйрену, талдау жұмысы көркем сөз текстін оқу, оның мазмұнын ұғынудан басталады. Шығарманы оқып, оның идеялық-тақырыптық мазмұнынан оқушылар алдын ала аздап болса да түсініп келмейінше, ешқандай талдау жұмысын жүргізу мүмкін емес.
48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
4-7 сыныптарда әдеби шығармаларды оқып үйренумен байланысты, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі:олар әдебиеттік оқу методикасына кіріспе жұмыстар деп аталады. Бұлардың көздейтін мақсаты-өтілетін шығармаға оқушылардың ықылас-ынтасын туғызу, оның мазмұнын, идеялық-көркемдік жақтарын ұғынуына алдын-ала жағдай жасау. Шығармаға оқушылардың көңілін аудару жаңа тақырыпты өтуде маңызды орын алады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі, біріншіден, көлемі жағынан тұжырымды, мазмұны, тілі жөнінен тартымды болуы тиіс. Кіріспе сөз шұбалаңқы болып, мөлшерлі уақыттан асып кетсе, оқушылардың шығарманы оқып үйренуден алатын нақтылы әсерлері әлсіреп кетуі мүмкін. Екіншіден, кіріспе сөз оқылатын шығармамен тікелей қабысып, байланцыста болуы тиіс. Мұғалімнің кіріспе сөзінде берілетін мәліметтер мен түсініктердің мазмұны қандай болу керектігі әрбір шығарманыңғ өз ерекшелігі айқындайды.
Коментарий шығарманың тақырыбы мен мазмұнына байланысты тарихи-әдебиеттік мәлімет, текстегі түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру, ақын,жазушының өмірбаянын өту ретінде беріледі. Мысалы:4 сыныпта Б.Майлиннің «Қанды кек» әңгімесін өтер алдында қазақ халқының ұлт азаттық көтерілісі, оның шығу себептері жайында қысқаша тарихи анықтама беріледі.