
- •79. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін V – VII сыныптарда оқыту жолдары.
- •80. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқыту.
- •83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
- •87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
- •91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
- •95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
- •99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
- •107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
- •43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
- •48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
- •52. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар сипаты.
- •56. Әдебиеттік оқу құралдарының құрылысы.
- •67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
- •74. Сабаққа қойлатын талаптар
- •98. Орфографияны оқыту әдістемесі
- •76. Қазақ тілі сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра оқыту
- •66. Сабақ жоспарының үлгісі
- •122 Мұғалімдерге қойылатын талаптар.
- •37. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
- •13. Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды даярлау және пайдалану:
- •142. Сабақтың типтері мен түрлері.
- •122 І.Басымовтың әдістемелік еңбектері.
- •91. Жаңа сабақты жүргізу әдістері.
- •47. Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы.
- •158. Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар
- •40. Мектеп тәжірибесі және әдістемелік мұра
- •66.Сабақ жоспарының түрлері:
91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
Мектепте оқу-тәжірибе жұмысын жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Оқу құралдары, көрнекіліктер, компьютер, интерактивті тақта, әдістемелік нұсқаулар, әдеби кітаптар т.б. қажетті құралдармен толығуда. өмір талабына сай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де мемлекеттік тіл мәртебесін алуымен бірге өркен жая одан әрі дамып келеді. 1990 жылдан бері қарай қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі жаңа зерттеулермен, жаңа бағыттармен, жаңа технологиямен толықтырыла бастады. Мектеп оқушыларына деңгейлік оқыту жүйесі әдіс емес, мұғалімнің жаттығу жұмысын жүргізудегі бір тәсілі. Мыс: 1-ші деңгей «өте жақсы» оқитын оқушылар білім деңгейімен санаса отырып, күрделі жаттығуды ұсыну. 2-ші деңгей жақсы оқитын оқушылар, оларға сәл төмендеу жаттығу ұсыну; 3-ші деңгейдегі білімі төмен оқушыларға жаттығудың жеңіл түрлерін, кітаптан не кеспе арқылы т.б. жұмыстар беріледі. Былайша айтқанда, оқушыларды даралап, саралап оқыту әдісі мен тәсілі дегеніміз – осылар. Қазіргі оқыту әдісіне жаңалық болып еніп жатқан деңгейлік оқыту тәсілі, модульдық оқыту әдісі, компьютермен оқыту. Интеграциялай оқыту мәселесіне тоқталып өтетін болсақ, модульдік оқыту әдісі жайлы көп жылдардан бері қарай Я.А.Коменскийден бастап, соңғы жылдары В.Шаталовтың оқыту тәжірибесінде қолданған әдіс. Қазақ әдебиетінде қазіргі соңғы жаңалықтарды оқыту әдісіне пайдалану үлкен бір тараумен жұмыс істеуден көрінеді. Мұғалімдер бағдарлама жасағанда әр тарау сайын 1-ші блоктың тақырыбы не бірінші модульдің тақырыбы деп жазып, терминді енгізеді. Мыс: модульдік тақырып. Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасы деп келеді де, Ш.Мұртазаның өмірбаяны, шығармалары, т.б. сағатқа бөлініп көрсетіледі. Компьютерлік технологиямен оқыту оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне, соған байланысты материалдарды ізденуіне, ойлануына, танымдық қабілетінің артуына, сабаққа деген ынтасын арттыруға мүмкіндігі мол. Нашар оқитын оқушының өздері де компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Қазақ әдебиеті сабағында логикалық жүйеге біріккен компьютерді пайдалану өтілген пәнді қайталау кезінде (пысықтап, білімін қорытып еске түсіруде), сұрақ-жауап алу арқылы білімін бағалау кезінде, ойын арқылы сөздікпен жұмыс істеуде қолданылады. Интерактивті тақта арқылы мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайд, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар т.б. қолданып, мұғалімдер өз пәні бойынша түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсете алады. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері: 1. уақыт үнемделеді. 2. аз уақытта көп білім беріледі. 3. көрнекілік кестелер, кеспелер әдемі қалпында түседі. 4. мәтіндерді оқып, талдауға мүмкіндігі мол. 5. оқушылар өз бетінше де жұмыс істей алады. 6. барлық оқушы тақтадағы берілген білімді ықыласымен меңгереді.
95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
Жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін уақыт талабына сай жетілдіруге әдіскер барынша ат салысты. Білім баланың дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ақылдарын жетілдіре түседі. Ал таным болса шексіз. Әдебиет пәні- қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Әрбір оқушы жанында көркем шығарманы қызығып оқитын ынта туса, бұл білімнің басы дейді- әдіскер. Енеше оқу-тәрбие жұмысының негізгі әдісі- баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді мазмұннан туғызып, дағдыға айналдыру. Тұтас класпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің оқытқан әрбір оқушысының психологиясын, қабілетін жетік танып, солардың ыңғайына орай сабақ жүргізуі тиіс. Әңгіменің тетігі- жүрдім-бардым сабақта емес, баланың жалпы жағдайын дер кезінде біліп, оның білімін, ойын, тілін, танымын күн санап дамыта білу. Бірақ білім алу ісі баланы көп қиындыққа салмай, өте-мөте жеңіл түрде жүргізілуі тиіс. Көркем әдебиет тарихын біз, бір жағынан, қоғам тарихының бір саласы, яғни қоғам өмірі мен ой-санасының тарихы, таптық идеологияның көрінісідеп алсақ; екінші жағынан, оны халық-ұлт мәдениетінің тарихы деп қарап, қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің неше түрлі қоғамдық-мәдени белестер мен ағымдар, стильдер тартысы арқылы дамуын, өзінің бүгінгі биік дәрежесін тарихи ұғым деп санаймыз. Қазақ әдебиетінде үш түрлі формацияның анық іздері, сол формацияларға тән тенденция мен идеялардың, мазмұн мен форманың таңбасы бар. Ол- тек әдеби ағымдар мен авторлар стилінен ғана көрініп қоймай, түрлі дәуір проблемасынан, оның туу, қойылу себебінен, ең бергісі тақырып, жанр, образ табиғатынан да жақсы байқалады. Стиль, әдіс, әдеби тілдің туып қалыптасуы, жанрлардың дамуы сияқты ұғымдарды тек тезис, синтез түрінде ғана әңгімелеп, “әдебиет ондай, ақын мұндай” дейтін жалпы ұғым айту сөзуарлық болады. Мұндай алшақтық әдебиет пәнінің қуаты мен әсерін едәуір төмендетеді. Әдебиеттің қоғамдық қызметі мен көркемдік – эстетикалық ерекшелігі бірлікте алынып үйретілуге тиіс. Тарихи курс үстінде оқушы нақты шығарманың тексімен көп жұмыс істеп алған білімі мен ұғымдарын дұрыс жинақтайтын болуы қажет. Басқаша айтқанда, тарихи-әдеби ұғымдарды нақтылы көркемдік ұғымдармен байыту керек. Бұл- көркем шығарманы талдаудан туады. Енді 8-10 кластарда өтілетін әдебиет тарихының мазмұны мен объектісіне келсек, түрлі ағымдар, бағыттар шолу түрінде, көрнекті авторлар шығармасы монографиялық әдіспен өтілгені жөн. Шолуды екі түрлі жолмен жасауға болады: Бірінде әдеби-тарихи кезең шолынса, екіншісінде сол ұсақ ағымдар әдебиетіне талдау жасалады. Ал монографиялық түрде өтілетін авторларға әуелі оның заманы, өмірі, творчестволық жолы жайында жинақтаушы лекция беріліп, олардың шығармалары көбіне әңгіме әдісімен талдау түрінде өтілуге тиіс. Кейде көлемді романдарға да арнаулы кіріспе лекция беретін жағдайлар болады. Ал талдауға сағаттың төрттен үш бөлігі жетеді. Сөйтіп, оны әдеби-теориялық лекциямен қорытындылаймыз. Жоғары класс оқушыларына бұрынғыдан әлдеқайда жүйелі, талдауға негіз боларлық түрде әдеби-теориялық білім беріледі. Оның негізгілері: стильдердің анықтамасы мен өзгеруі, әдістер табиғаты, типтендіру, қиялдау орны, әдеби тіл мен көркем тіл (троп пен фигуралар), өлең өлшеулері, әдіс пен көзқарас т.б. жайлы жалаң теориялық ұғымдар. Сонымен қатар әдіскер сын материалдары да осы тұста өтіледі деп тұжырымдайды. Аталған сыныптарда дидактика әдісі мен тарихи-ғылыми әдіс ұштасып жатады. Дидактика заңы оңайдан қиынға, таныстан таныс емеске көше отырып,оқушылардың белсенділігін арттыратын болса, ал тарихи-ғылыми әдіс авторлар шығармасын жанр, стиль, образ, идея, тіл жағынан салыстыруды немесе тыңнан бір күрделі теориялық білім беруді қажет етеді. Тарихи курс желісінде салыстыра талдау немесе жинақтауға үлкен мән беріледі.