Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘДЕБИЕТ ӘДІСТЕМЕ ЖАУАП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
262.66 Кб
Скачать

142. Сабақтың типтері мен түрлері.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға білім мен тәрбие беру. Сабақтағы басты тұлға – мұғалім. Сондықтан сабақтың сапасы ең алдымен мұғалімнің теориялық дайындығына, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Яғни мұғалім сабақтың механизмін , сабақтың мақсатын, оған қойылатын дидактикалық принциптерді , құрылымдық элементтерін, типтері мен түрлерін, бағдарламаны, оқулықтың құрылымын, жоспардың түрлерін, т.б. жақсы білуі қажет.Сабақ жеке тұлғаға бағытталуы керек. Оқушыға берілетін білім нақты болуы керек. Абстрактылы ұғым болмағаны дұрыс. Әсіресе, 5-6-сыныптарда.

Сабақтың типтері мен түрлері М.Махмутовтың «Современный урок» еңбегінде төмендегіше берілген:

а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы, яғни жаңа сабақ. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түріне өтетін сабақтар, кино, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың өз бетімен ізденуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері қамтиды. Жаңа сабақта да міндетті түрде үй тапсырмасын тксеру қажет. Бірақ үй тапсырмасын орындамағаны үшін «2» бағасын қоюға болмайды. Тек жаңа сабақты меңгеруіне байланысты оқушы бағланады.

ә) Білім,іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы, яғни жаттығу жұмысына арналған сабақ. Сабақтың бұл типі ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен ізденуі, лабороториялық жұмыс, экскурсия сабағы сияқты түрлерді қамтиды.

б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы, яғни қайталау сабағы. Бұл сабақ үлкен тарауы өткенде болады. Мысалы, Зат есім, сын есім, т.б. тарауларды толық аяқтаған кезде өткізіледі. Бұл сабақтар негізінен өтілген материалдарды өзара іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабақ түрінде өткізіледі.

в) аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақ түрлерініңбәрімен тығыз байланысты болады.

г) Тіл ұстарту сабағы: диктант, мазмұнама, шығарма, ой-толғау түріне өтеді.

Оқу процесі сабақтың стандартты емес түрлерінде төмендегіше жүзеге асады:

  1. Жинақ сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің оқу-бағдарламасының жасалуында кейбір күрелі проблемалар әр пәннің ауқымына әр сыныптарда іргелі-кейіні жүріп жатыр. Қалайда кейбір күрделі проблемаларды бір-біріне жақын пәндер мұғалімдері бірлесіп, сабақ жүргізеді.

  2. Дуэт сабақ. Әдетте орта мектептерде бір пәннің бірнеше мұғалімі сабақ береді. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де болатындығы белгілі.Сондықтан бала түсінігіне әсерлі болу үшін кейде бір пәннің екі мұғалімі бірін-бірі толықтырып отырып, қатар тұрып сабақ жүргізуі олардың кәсіптік шеберлігінің қалыптасуына ықпал болады.

  3. Конференция сабақ. Конференция сабағында өте жақсы оқитын оқушылар мұғалімнен арнай тапсырма алып, сол тақырыптағы проблеманы түрлі әдебиеттерден оқып танысып, түсініп, сонымен өзіндік ой қорытындысын жасайы. Яғни, балалар реферат жазады. Өзінің сол проблемаға деген өзіндік пікірін жолдастары алдында қорғайды. Конференция сабағына балалар ғылыммен айналасуға алғашқы қаамдар жасайды, сыныпта бір тарауы өтіп болған соң сол тараудан дәлелдеуге ыңғайлы проблемалар туындайды. Сол проблемаларды оқушыларға өз қалауы бойынша таңдатады, әріқарай мұғалім ол оқушылармен арнайы жұмыс жүргізеді. Конференция сабақ оқушының ой-санасын өздігінен жұмыс істеуіне жаттықтырады, өзінің көзі жеткен пікірін көпшілік алдында дәлелдеп беріп, өзіндік қорытынды жасауға үйренеді.

  4. Талас сабақ. Мұғалім сабақта балалардың оқуға деген активтілігін дамыту үшін талас сабағын ұйымдастырады. Ол үшін нәтижесі екі түрлі не бірне-бірі қарама-қарсы, не болмаса екі жолмен орындайтын жаттығу жұмыстарын екі қатарға ұсынып, балалрдың пікір таласын тудырып отырады. Сөйтіп балалар бір-біріне өз пікірлерін дәлелдейді.

  5. Десант сабақ. Озат тәжірибені таратуда кейбір үздік мұғалімдер аудандық методикалық кабинет методистерінің ұйымдастыруымен кез келген мектепке келіп сабақ жүргізеді. Ол үшін әуелі сол сынып мұғалімінен келісім алу керек. Және оқушылардың өз мұғаліміне еген көзқарасына нұқсан келмеуін де ойлауы керек.

  6. Дәстүрлі сабақ. Күнелікті 8 сатымен жүргізіліп келе жатқан сабақ.

  7. Саяхат сабақ. Біріншісі, ойша экскурсия. Тарих, география , табиғаттану, шет тілі, әдебиет сабақтарында мұғалім қызықты бір тақырыпқа ойша экскурсия жасауына болады. Екіншісі, нақтылы объектіге экскурсияға апару.