Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭжТН конспет лекц.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.52 Mб
Скачать

1.5. Сурет – Қорғаныс интервалы

Арналардың уақыт бойынша бөлінуі (АУБ) кезінде тізбек бойымен амплитудасы бастапқы сигналдың сәкес уақыт мезгіліндегі лездік мәніне тең болатын өте қысқа импульстердің тізбегі таралады. Бірінші арнаның импульсін таратқаннан кейін екінші, үшінші және і-ші арнаның импульстері таратылады, сонымен, таралу циклі қайталана береді.

Уақыт бойынша бөлу оңай жүзеге асырылады (1.6-сурет). Егер импульстердің тізбегі таралатын болса, онда бір арнаның импульстерінің арасындағы интервал басқа арналардың импульстерімен толтырылады. Арналар арқылы үздіксіз (сөйлеу) сигналдарын таратқанда оларды уақыт бойынша дискреттеу керек. Нәтижесінде үздіксіз сигналдар амплитудасы әр түрлі болатын импульстер тізбегіне түрлендіріледі.

Бастапқы С1(t)–СN(t) сигналдары олардың жиілік жолағын шектейтін ТЖФ арқылы өтеді. Содан кейін сигнал ГЖтар –дан берілетін импульспен (сигналмен) қысқа уақытқа тұйықталатын электондық кілттерге (ЭК) беріледі. Сонымен, ЭК1-ЭКN кілттерін тізбектей тұйықтағанда бастапқы сигналдың көзі қысқа уақытқа тарату жолдарына қосылады, яғни физикалық жолға (тізбекке) қысқа импульстердің тізбегі арналардың кезегі бойынша беріледі. Бір арна кілтінің тұйықталу жиілігі дискреттеу жиілігі деп аталады. Котельников теоремасы бойынша:

fд  2*Fмах и Тд = ,

мұндағы Тд – арналық интервалдардың периоды;

fд – дискреттеу жиілігі.

СС – синхросигнал;

ССТ – синхросигналды түзуші;

ССҚ – синхросигналдың қабылдағышы.

1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы

Қабылдау жағында тиісті арналардың кілттері осы арнаның импульсі өткен кезде тұйықталуы тиіс. ТЖФ алынған импульстік тізбектен оның спектрінің құрамында болатын сигнал спектрін қолпына келтіреді. Арналарды дұрыс бөліп алу үшін таратқыш пен қабылдағыштың кілттерін синхрондау керек. Синхрондау үшін импульстерге кезекпен ССТ-тан келген синхросигнал енгізіледі. Синхросигнал параметрлері бойынша арналық сигналдар импульсінен өзгеше. СС-ты негізгі сигналдан бөліп алу үшін қабылдау бөлігінде ССҚ қояды. Осы синхросигнал кілттердің дұрыс тұйықталу кезегін қамтамасыз ету үшін қабылдаудың ГЖ-сын басқарады. АУБ-сы бар КТЖ-ның жұмыс істеу принципі 1.7 - суретте көрсетілген.

Біртекті арналардың импульстерінің арасындағы уақыт интервалдарына Тд = 125 мкc (fд = 8 кГц) сәйкес келеді. Арналық сигнал импульсінің ұзақтығын 0 қысқа етіп таңдалады. Импульстердің арасына арналарды сенімді бөліп алу үшін импульс-аралық немесе қорғаныс интервалы енгізіледі. Синхросигнал импульсі қандай да бір параметрі бойынша (біздің жағдайымызда ұзақтығы бойынша) сөйлеу арналарының импульстерінен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда АУБ-сы бар КТЖ амплитудасы сигналдың лездік мәніне сәйкес келетін амплитудалық-импульсті модуляцияны (АИМ) жүзеге асырады.

АИМ әдісінің бөгеуілдерге тұрақтылығы өте төмен, себебі бөгеуіл ең бастысы сигналдың амплитудасына әсер етеді. Сондықтан іс жүзенде АУБ-сы бар КТЖ-ны жүзеге асыру үшін бөгеуілдерге неғұрлым тұрақты тарату жүйелерін (ТЖ) қолданады. Мысалы: фазалық-импульсті модуляциясы (ФИМ) бар ИКМ қолдану.