Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭжТН конспет лекц.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.52 Mб
Скачать

7.3 Сурет – Скремблердің құрылымдық сұлбасы:

+ - екі модулі бойынша қосу

1+1=0, 1+0=1, 0+1=1, 0+0=0

Скремблердің жұмысы 7.4 - суретте сипатталады. Цифр жолдары бірінші тактіден бастап ызысу регистрінің разрядтарының күйін көрсетеді, соңғы разрыд шығу разряды болып табылады. Сонымен, оң баған скреблердің шығу тізбегі. Бұл тізбек через 27 - 1 = 127 символдан кейін қайталанады.

7.4 Сурет – Скремблердің шығысында тізбектің түзілу сұлбасы

SТМ-1 транспорттық модулінің жүктеме аясы

SТМ-1 құрамында таралатын ағындар контейнерлерге (С) – сыйымдылығы белгілі ақпараттық құрылымдарда орналастырылады. Контейнерлердің өлшемдері байттармен көрсетіледі. Кез келген контейнердің барлық байттары 125 мкс ішінде таратылады. Контейнерлердің қабылданған өлшемдері, олардың таралу жылдамдықтары және сәкес плезиохрондық ағындардың жылдамдықтары 7.1 - кестесінде көрсетілген.

7.1 Кесте

Контейнерлерді тарату жылдамдықтары сәкес ағындарды тарату жылдамдықтарынан артық болатындықтан ағындарды контейнерлерге енгізу жылдамыдықтарды байт және бит бойынша үйлестіру қолданылады. Бұл жағдайда жылдамдықтарды бір жақты және екі жақты үйлестіру пайдаланылады. Сонымен, контейнердің құрамына төмендегілер кіреді:

таратылатын жүктеменің байттары мен биттері;

ағынның жылдамдығын контейнердің таралу жылдамдығына дейін арттыратын бекітілген қосымшалардың байттары мен биттері;

түзетулерды басқару биттері (жылдамдықтарды үйлестіру бұрықтары). Олар тура түзетудің биттернің құрамын көрсетеді.

РОН трактілік бастаудың (заголовок) контейнерге С қосылуы VC виртуалдық контейнерді түзеді. Виртуалдық контейнер синхрондық желі арқылы виртуалдық контейнердің трактісі бойымен – РОН енгізу нүктесінен оны қабылдау нүктесіне дейін таралады. VС трактісі техникалық қызмет көрсету элементі болып табылады. Трактілік бастауға кіретін ақпарат контейнерді желі арқылы тасымалдаудың сенімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

SТМ-1 құрамында дара таралатын үлкен виртуалдық контейнерлер жоғары деңгейлі (НО) контейнерлерге жатады; үлкен VС-ге біріктірілетін кішігірім контейнерлер төменгі деңгей (LO) контейнерлері болып табылады. VС-4 жоғары деңгей контейнері, ал VС-2, VС-12 және VС-11 төменгі деңгей контейнерлері. VС-3 виртуалдық контейнері түрледіру сұлбасына қарай жоғары немесе төменгі деңгейге жатуы мүмкін.

Деңгейі жоғары контейнерлер административтік блоктар AU деп аталатын құрылымдарға енгізіледі. Административтік блоктар административтік топтар AUG блогын құрайды. Бұл блок ақпараттық және синхрондық тарнспорттық модульдің SТМ-1 көрсеткіштерінің аяларын түзеді. АUG құрамына немесе бір AU-4 блогы, немесе үш AU-З блогы кіреді. Административтік блоктар жоғары деңгейлі виртуалдық контейнерлерге PTR көрсеткіштерін қосу арқылы түзіледі. Көрсеткіштер SТМ-1 синхрондық модулі мен виртуалдық контейнердің арасындағы фазалық қатыстарды көрсетеді. Соның нәтижесінде виртуалдық контейнер АUG ішінде ығысып, «жүзе» алады.

Деңгейі төмен болатын виртуалдық контейнерлер синхродық модульге таратылудың алдында жоғары деңгейлі контейнерге біріктіріледі. Фазалық қатыстарды көрсету үшін деңгейі төмен контейнерлер мен деңгейі жоғары контейнерлердің арасында RTR TU көрсеткіштерін қолданады. RTR TU көрсеткішінің виртуалдық контейнерге қосылуы жүктеме блогы деп аталатын ТU транспорттық құрылымды түзеді. Бұл блоктың ішінде виртуалдық контейнер «жүзеді». Жоғары деңгейлі виртуалдық контейнерге енудің алдында жүктеме блоктары байт бойынша жүктеме блоктарының тобына ТUG мультиплекстенеді. 7.1-кестесінде SТМ-1 синхрондық модуль элементтерінің негізгі сипаттамалары келтіріген.